KazNARU
Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау

Технологияларды, әдістер мен тәсілдерді жетілдіру, жобалаудың сапасы мен сенімділігін арттыру, инженерлік-мелиоративтік және инженерлік-экологиялық жүйелерді жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану, жерді мелиорациялаудың, баптаудың және қорғаудың жаңа жолдарын негіздеу саласында дербес кәсіби жұмысқа қабілетті, жоғары білікті мамандарды жетекші ғылыми және жоғары оқу орындарының заманауи білім беру стандарттарына сәйкес даярлау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

1. Ғылыми (ғылыми-техникалық, инновациялық) жобаны іске асыру шеңберінде зерттеу міндеттерін шешу.

2. Ғылыми (ғылыми-техникалық, инновациялық) жобаларды іске асыру шеңберінде зерттеулер және (немесе) әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру.

3. Кең кәсіби және қоғамдық өзара іс - қимыл жасай отырып, жаңа және(немесе) перспективалық ғылыми бағыттар бойынша негізгі ғылыми (ғылыми-техникалық) мамандану шеңберінен шығатын зерттеулер және (немесе) әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру.

Кәсіби қызмет саласы

ғылыми-педагогикалық дайындық кезінде - университеттер, салалық зертханалар, орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары; ғылыми-өндірістік, су шаруашылығы, ауылшаруашылық, қоршаған ортаны қорғау, жобалау мекемелері, өндірістік зертханалар, бөлімдер, жергілікті, аймақтық және республикалық әкімшілік құрылымдардағы экология және табиғатты пайдалану бөлімдері т.б.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Әр түрлі деңгейдегі геожүйелердің географиялық компоненттері түріндегі табиғи нысандар: жер үсті және жер асты сулары, табиғи және техногендік кешендер, антропогендік ландшафттар, елді мекендер, суармалы массивтер, ирригациялық және дренаждық инженерлік жүйелер, энергетика, денсаулық, демалыс, тарихи, мәдени және ғылыми мақсаттағы объектілер Кәсіби қызметтің объектілері

- су шаруашылығы және гидроэнергетика жүйелері, кешендер, кәсіпорындар;

- ирригациялық және дренаждық жүйелер, су қабылдағыштар, су электр станциялары, сорғы станциялары;

- қалпына келтірілген жер;

- гидромелиоративті жүйелер,

- ғылыми-зерттеу, жобалық және инжинирингтік ұйымдар.

Кәсіби қызмет функциялары

Ғылыми (ғылыми-техникалық, инновациялық) жобаны іске асыру шеңберінде зерттеу міндеттерін шешу.

Ғылыми (ғылыми-техникалық, инновациялық) жобаларды іске асыру шеңберінде зерттеулер және (немесе) әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру.

Кең кәсіби және қоғамдық өзара іс - қимыл жасай отырып, жаңа және (немесе) перспективалық ғылыми бағыттар бойынша негізгі ғылыми (ғылыми-техникалық) мамандану шеңберінен шығатын зерттеулер және (немесе) әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру.

Кәсіби қызмет түрлері

- салалық қызметке қатысты типтік жобаларды, стандарттарды дайындауға қатысу:

- ғылыми-педагогикалық дайындықта - оқу (педагогикалық) қызмет: университеттерде және басқа оқу орындарында сабақ беру; орта кәсіптік және жоғары оқу орындарындағы әдіснамалық жұмыс;

- ирригациялық және дренаждық жүйелерді жобалау бойынша ғылыми-зерттеу және жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізу, су және ауылшаруашылығының әртүрлі салаларында ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізу;- су және ауылшаруашылығының әртүрлі салаларының өндірістік мекемелерінде ұйымдастырушылық және технологиялық қызметті жүзеге асыру, басқару және маркетингтің міндеттерін орындайтын басқару қызметін жүзеге асыру.

- нормативтік құжаттарды, ГОСТ стандарттарын, су ресурстарын басқару саласындағы салалық қызметке байланысты типтік жобаларды дайындауға қатысу.

Дағды қалыптастыру

- Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі және алыс шетелдердегі су шаруашылығының жетістіктері мен даму тенденциялары туралы;

- өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет ғылыми зерттеулердің әдістері туралы;

- су ресурстарын басқаруда қолданылатын заманауи құралдар мен технологиялар туралы.

- білім беру ұйымдарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

7М08602 - Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау.pdf

5237.731 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник