KazNARU
Гидротехникалық құрылымдарды жобалау

Ауылшаруашылығына арналған салалық және кешенді мақсаттағы гидротехникалық құрылымдарды жобалау бойынша біліктілігі жоғары мамандарды даярлау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- инженер-гидротехник - ОРК бойынша біліктілігінің деңгейі 7

- инженер гидролог - ОРК бойынша біліктілігінің деңгейі 7;

- инженер-жобалаушы – ОРК бойынша біліктілігінің деңгейі 7

Кәсіби қызмет саласы

Жағдайды және оның өзгерістерін өз бетінше талдауды талап ететін практикалық міндеттерді шешу бойынша дербес қызмет.

Бөлімше шеңберінде қойылған міндеттерді шешуді басқаруға қатысу.

Қойылған міндеттерді шешу немесе қызметкерлер тобы немесе бөлімше қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Ғылыми-педагогикалық даярлауда – ЖОО, колледждерде, ғылыми-зерттеу институттарында, жобалау, эксперттiк, әкiмшiлiк мекемелерiнде, салалық лабораторияларда, жергiлiктi, облыстық және республикалық басқару құрылымдары жанындағы экологиялық секцияларда, секторларда, департаменттерде, бөлiмдерде, су шарушылығында, ауыл шарушылығында,

табиғатты қорғау орындарында, гидроэнергетика, коммуналды-тұрмыстық, жердi мелиорациялау, жайылымды суландыру салаларында.

Кәсіби қызмет функциялары

7М08604 «Гидротехникалық құрылымдарды жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған магистрлердің орындай алатын  кәсіби қызметінің қызметі:

№1 №1 «Суқоймалы  тораптарды  жобалау» білім беру траекториясы

- Су қоймалы  тораптарды  жобалау үшін, жобалау-ізденіс, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, және де әр-түрлі сушаруашылық, ауылшаруашылық саласында    ғылыми-ұйымдастыру  жұмыстарын жүргізу;

- салалық қызметі бойынша нормативтік құжаттарды, МЕСТ, стандарттарды, үлгілік жобаларды  құрастыруға қатысу;

-  сушаруашылық, ауылшаруашылық салаларының   әр-түрлі мекемелерінде  ұйымдастыру-технологиялық  қызметін атқару, менеджмент және маркетинг  жұмыстары   бойынша басқару қызметін атқару

№2  «Өзендік су алу тораптарды  жобалау» білім беру траекториясы

- Өзендік су алу тораптарды жобалау үшін, жобалау-ізденіс, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, және де әр-түрлі сушаруашылық, ауылшаруашылық саласында    ғылыми-ұйымдастыру  жұмыстарын жүргізу;

- салалық қызметі бойынша нормативтік құжаттарды, МЕСТ, стандарттарды, үлгілік жобаларды  құрастыруға қатысу;

-  сушаруашылық, ауылшаруашылық салаларының   әр-түрлі мекемелерінде  ұйымдастыру-технологиялық  қызметін атқару, менеджмент және маркетинг  жұмыстары   бойынша басқару қызметін атқару

Кәсіби қызмет түрлері

7М08607 «Гидротехникалық құрылымдарды жобалау» білім беру бағдарламасы

ғылыми-педагогикалық бағытының магистрлері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

1. Ғылыми (ғылыми-техникалық, инновациялық) жобаны іске асыру шеңберінде зерттеу міндеттерін шешу.

2. Ғылыми (ғылыми-техникалық, инновациялық) жобаларды іске асыру шеңберінде зерттеулер және (немесе) әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру.

3. Кең кәсіби және қоғамдық өзара іс - қимыл жасай отырып, жаңа және (немесе) перспективалық ғылыми бағыттар бойынша негізгі ғылыми (ғылыми-техникалық) мамандану шеңберінен шығатын зерттеулер және (немесе) әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру.

Дағды қалыптастыру

- Қазақстанда, ТМД және шет елдерінің су ресурстарын басқару саласындағы жетістіктері мен үрдістері туралы;

- тәуелсіз зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті ғылыми зерттеулер әдісі туралы;

- су ресурстарын басқару үшін гидротехникалық құрылымдарды жобалауда қолданылатын қазіргі заманғы құрылғылар мен технологиялар туралы.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

---------Chatbot---------
виртуальный помощник