KazNARU
Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)

«7M07208 – Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» (сала бойынша) білім беру бағдарламасының мақсаты тағам және қайта өңдеу өндірістері саласының мемлекеттік, өңірлік және халықаралық мекемелері үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман дайындау, сондай-ақ жоғары оқу орындарына, колледждер үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау болып табылады.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

«7M07208 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрлері мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

жоғары оқу орындарындағы оқытушы және ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер ретінде.

Кәсіби қызмет саласы

Білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарын қоса алғанда, тағам және қайта өңдеу өндірістерінің барлық салалары

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Ғылыми-зерттеу ұйымдары және жоғары оқу орындары, сондай-ақ олардың мемлекеттік басқару органдары

Кәсіби қызмет функциялары

«7M07208 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру траекторияларын қамтиды

1. ББТ «Астықты сақтау және өңдеу технологиясы»

Магистр кәсіби қызметі мыналарға бағытталған:

  • тамақтанудың гигиеналық негіздерін, тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеуге;
  • қайта өңдеу өндірістері өнімдерінің сапасын бағалау әдістерін зерттеуге;
  • өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтаудың инновациялық технологияларын зерттеуге;
  • тағамдық заттарды майдалау технологиясын зерттеуге;
  • толық түрде ұнтақталған ұн өндіру технологиясын зерттеуге;
  • көп дәнді өнімдерді өндіру технологиясын зерттеуге.

2. ББТ Нан, кондитер және макарон өнімдерінің технологиясы

Магистр кәсіби қызметі мыналарға бағытталған:

  • заманауи тағам қоспаларын, оларды пайдалану ерекшеліктерін зерттеуге;
  • диеталық және балалар тағамы технологиясының негіздерің зерттеуге;
  • нан, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісінде дәстүрлі емес шикізатты пайдалануға;
  • арнайы мақсаттағы нан-тоқаш өнімдерін әзірлеуге;
  • наубайхана, макарон және кондитер өндірісі жартылай фабрикаттарының және шикізаттың реологиясысын зерттеуге;
  • наубайхана өндірісінің биотехнологиялық негіздерін зерттеуге;

Екі білім беру траекторияларында оқитын магистранттар білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметін жүргізе алады.

Кәсіби қызмет түрлері

«7M07208 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрлері мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

1. Жобалау-технологиялық:

  • қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық сұлбаларын әзірлеу және жобалау;
  • қайта өңдеу өнеркәсібінің қолданыстағы кәсіпорындарын қайта жаңарту;
  • экология, еңбекті қорғау, өрт-жарылыс қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын және өндірістік қызметін талдау;
  • ғылыми-техникалық ақпаратты, қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және талдау.

2. Ұйымдастыру-басқарулық:

  • еңбек ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру, басқарушылық шешімдерді қабылдау, кәсіпорындардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін және маркетингтік қызметті талдау;
  • технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастыру;
  • технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау.

3. Ғылыми-зерттеу:

  • қайта өңдеу өндірісінің тиісті салаларының шикізат, дайын өнім сапасын жақсарту бойынша тәжірибелік зерттеу;
  • технологиялық операцияларды жетілдіру және жаңа өнімдер жасауда ресурс үнемдейтін технологиялық процестерді игеру бойынша жұмысқа қатысу;
  • қайта өңдеу өндірістерінің технологияларын жетілдіруді үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

4. Ғылыми-педагогикалық:

  • қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары бойынша пәндерін жүргізу үшін қазіргі заманғы оқыту әдістемелерін зерттеу;
  • барлық деңгейдегі ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға негізделген әдістерін әзірлеу;

педагогикалық қызмет процесінде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану.

Дағды қалыптастыру
  • ғылыми зерттеулер әдіснама саласында;
  • жалпы тағам және қайта өңдеу салаларындағы инновациалық техникалық және технологиялық өндірістердің мәселелерінде;
  • білім беру ұйымдарында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің саласында;
  • кәсіби саладағы ғылыми жобалар және зерттеулер орындауда;

білім беру, кәсіби дағды мен білуді кеңейтуді тұрақты жаңартуды қамтамасыз ету тәсілдерінде.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

---------Chatbot---------
виртуальный помощник