KazNARU
Машина жасау

Білім беру бағдарламасының мақсаты машина жасау өндірісінің ұйымдастыру-басқару, өндірістік-технологиялық, жобалау-конструкторлық, есептеу-жобалау және эксперименттік-зерттеу қызметін жүзеге асыру үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждер үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау болып табылады.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Бітіруші келесі бағыттарда кәсіби қызметті жүзеге асыра алады:

- өндіріс бастығы;

- бас конструктор;

- жоба жетекшісі;

- бас механик.

Кәсіби қызмет саласы

Басқару органдары, кәсіпорындар, ин-дустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықты, әскери-өнеркәсіптік кешенді, өндіріс және тұтыну салала-рын қоса алғанда, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік ныса-нындағы ұйымдар.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Басқару органдары, кәсіпорындар, индустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықты, әскери-өнеркәсіптік кешенді, өндіріс және тұтыну салаларын қоса алғанда, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік ныса-нындағы ұйымдар.

Кәсіби қызмет функциялары

«7М07103-Машинажасау» білімберубағдарламасы 2 (екі) білім беру траекториясынқамтиды:

№1 ББТ. «Машина жасаудағы жобалау және модельдеу»

Магистрдің кәсіби қызметі:

- жобалау стратегиясын әзірлеу, жобалау мақсаттарын анықтау, ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, талдау, зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу;

- автоматтандырылған жобалау және зерттеулердің стандартты пакеттері негізінде процестер мен объектілерді моделдеу;

- берілген әдістеме бойынша эксперименттерді қою және жүргізу және нәтижелерді талдау;

- эксперименттерді жүргізу нәтижелерін талдау, шолуларды, есептерді және ғылыми жарияланымдарды дайындау және құрастыру;

- бағыт пәндері бойынша әр түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде педагогикалық жұмысты орындау;

- бәсекеге қабілетті жаңа идеяларды қалыптастыру; - дәстүрлі міндеттерді шешудің жаңа әдістері мен стандартты емес міндеттерді шешудің әдістерін әзірлеу;

- технологиялық процестерді автоматтандыру саласында ғылым жетістіктері мен озық технологияларды пайдалану;

- техника, экономика және басқару міндеттерін шешудің тиімді математикалық әдістерін әзірлеу;

- процестер мен объектілердің математикалық модельдерін құру және пайдалану;

- инновациялардың мақсаттарын және оларға қол жеткізу тәсілдерін анықтау;

-жобалау-конструкторлық және пайдалану-басқару қызметін бағдарламалық-ақпараттық қамтамасыз ету;

- патентке қабілеттілігін және әзірлемелердің техникалық деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу,

- ауыл шаруашылығы техникасын жобалаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, жобалауды автоматтандыру құралдарын пайдалану, жобалық құжаттаманы ресімдеу;

- орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептер, шолулар мен жарияланымдар дайындау;

зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғау;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін басқару және зияткерлік меншік құқықтарын коммерциализациялау.

- перспективалық конструкцияларды жобалау және әзірлеу;

- табиғатты қорғау және энергия үнемдеу технологияларын ескере отырып жобалық шешімдерді оңтайландыру;

- автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалана отырып, күрделі конструкциялардың эскиздік, техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеу және жобаланатын бұйымдар мен конструкциялардың тиімділігіне техникалық-экономикалық және функционалдық-құндық талдау, жобалар бойынша техникалық есептерді жүргізу;

- әдістемелік және нормативтік құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ әзірленген жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

- жобаларды коммерцияландырудың инновациялық тәуекелдерін бағалау

- машиналар, жетектер, жүйелер өндірісін технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалана отырып, машиналарды, жүйелерді, технологиялық процестерді жобалау;

- өндіру нормаларын, жұмыс материалдарын, отын мен электр энергиясын жұмсауға арналған технологиялық нормативтерді әзірлеу, сондай-ақ жабдықтар мен технологиялық жабдықтарды таңдау;

- дәнекерлеу машиналарын, жетектерді, жүйелерді, стандартты емес жабдықтарды және технологиялық жабдықтарды жобалауға және дайындауға техникалық тапсырмаларды әзірлеу;

- машина жасау бұйымдарын дайындау жабдықтары мен процестерінің технологиялығын қамтамасыз ету;

- технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін бағалау;

жұмыстарды жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін таңдау;

- техникалық бұйымдар мен жүйелерді жобалау, дайындау, сынау, пайдалану, кәдеге жарату кезінде техникалық бақылауды жүзеге асыру және сапаны басқару;

- халықаралық стандарттарды ескере отырып, өнім сапасының берілген деңгейін қамтамасыз ету;

- орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, орындаушылық шешімдерді қабылдау;

- сапа, сенімділік және құн талаптарын, сондай-ақ орындау мерзімдерін, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін ескере отырып өнім жасау кезінде оңтайлы шешімдерді іздеу;

- өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың алдын алу, экологиялық бұзылулардың алдын алу;

- бөлімшелерде стандарттар мен сертификаттардың жобаларын әзірлеумен шығарылатын бұйымдар мен олардың элементтерін жетілдіру, жаңғырту, біріздендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

- инновациялық қызмет саласындағы бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен тренингтерін ұйымдастыру;

- өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде кәсіпорынды жоспарлау мен басқарудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қолдау;

- кәсіпорында инновациялық қызметті ұйымдастыру жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;

- жаңа өнімдер мен технологияларды игеру бағдарламаларын басқару.

№2. ББТ«Инновациялық технологиялар мен жабдықтар»

Магистрдің кәсіби қызметі:

- технологиялық үрдістерді математикалық, физикалық және компьютерлік модельдеуге заманауи жобалау әдістерін қолдануға негізделген бәсекеге қабілетті машина жасау өнімдерін құру;

- конструкторлық-технологиялық информатика және автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалану;

- халықаралық стандарттар негізінде өндірістің нақты жағдайларына қатысты сапаны басқару жүйелерін құру;

- өнім сапасын, сенімділігін және өзіндік құн талаптарын ескере отырып, өнімді жасау кезінде оңтайлы шешімдер іздеумен маркетингтік зерттеулер жүргізу, сондай-ақ өнімді жасау кезінде оңтайлы шешімдер іздеумен маркетингтік зерттеулер жүргізу.

- өндіру нормаларын, жұмыс материалдарын, отын мен электр энергиясын жұмсауға арналған технологиялық нормативтерді әзірлеу, сондай-ақ жабдықтар мен технологиялық жабдықтарды таңдау;

- машиналарды, жетектерді, жүйелерді, стандартты емес жабдықтарды және машиналардың, жетектердің, жүйелердің технологиялық жабдықтарын жобалау мен дайындауға арналған техникалық тапсырмаларды әзірлеу;

- машина жасау бұйымдарын дайындау бұйымдары мен процестерінің технологиялығын қамтамасыз ету;

- технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін бағалау;

- техникалық бұйымдар мен жүйелерді жобалау, дайындау, сынау, пайдалану, кәдеге жарату кезіндегі ақау себептерін зерттеу және талдау және оның алдын алу және жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде кәсіпорынды жоспарлау мен басқарудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қолдау; Кәсіпорында инновациялық қызметті ұйымдастыру жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;

- жаңа өнім мен технологияны игеру бағдарламаларын басқару;

- идеядан сериялық өндіріске дейінгі инновациялық проблемаларды кешенді шешу үшін персоналдың жұмысын үйлестіру;

- кәсіби қызмет саласындағы объектілерде теориялық және қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- тәжірибелік зерттеулердің жаңа әдістерін әзірлеу;

- зерттеу нәтижелерін талдау және оларды қорыту;

- орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептерді, шолулар мен жарияланымдар дайындау;

- зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғау; ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін басқару және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды коммерцияландыру;

- кәсіби қызметте заманауи психологиялық-педагогикалық теориялар мен әдістерді пайдалану.

Кәсіби қызмет түрлері

7М071 - «Инженерия және инженерлік іс» дайындық бағытының магистрлері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

1. Жобалау және технология:

- жүйелік, ресурс үнемдеуші технологияларды әзірлеу, енгізу және пайдалану; бұйымдарды өңдеу және құрастырудың технологиялық процестерін әзірлеу және енгізу; машина жасау өндірісін автоматтандыру; үздіксіз ағынды өндірістік процестерді, автоматтандырылған кешендерді, икемді автоматтандырылған өндірістерді құру; технологиялық жарақтандырудың тиімділігі жоғары құралдарын енгізу, машина жасау өндірісінің экологиялығын қамтамасыз ету;

2. Ұйымдастыру және басқару:

- өндірістік процесті ұйымдастыру, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру; кәсіби функцияларды жүзеге асырумен байланысты басқарманың мақсатын қою және міндеттерін қалыптастыру; өндіріске қызмет көрсетуді ұйымдастыру; техникалық, қаржылық және адами факторларды есепке ала отырып өндірістік процесті басқару; басқару алгоритмдерін әзірлеу; есеп пен есептілікті жоспарлау, кәсіпорынның бизнес-жоспарын әзірлеу, өндіріс тиімділігін арттыруды жоспарлау;

3. Ғылыми-зерттеу:

машина жасау өндірісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қазіргі заманғы эксперименттік әдістерді қолдану; қазіргі машина жасау технологиясындағы жаңа бағыттарды зерттеу; машина жасау саласындағы өңдеу түрлерін зерттеу; машина жасау саласындағы автоматтандыру объектілерін зерттеу; шығарылатын бұйымдардың сапасын қамтамасыз ету және еңбек өнімділігін арттыру әдістерін ғылыми негіздеу;

4. Ғылыми-педагогикалық:

- инженерлік пәндерді оқытудың заманауи әдістерін зерттеу;

- барлық деңгейдегі қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ғылыми негізделген әдістерін дамыту;

- педагогикалық қызмет барысында оқытудың инновациялық технологияларын қолдану.

Дағды қалыптастыру

- мәселелерді талдау және шешім қабылдау;

- жұмысты басқа учаскелермен келісуді көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде дербес басқаруда;

- дайын өнім: машиналар мен жабдықтардың тораптарын дайындау, құрастыру және алдын ала сынау өндірісі үшін жауапкершілік енгізу;

- өндіріс құралдарын, машиналар мен жабдықтар тораптарын дайындау, алдын алу, елеулі өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу үшін;

- өмір бойы білімдері мен дағдыларын жаңартып отыру крек.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

---------Chatbot---------
виртуальный помощник