KazNARU
Ветеринариялық медицина

Заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіби,  мәдениеті жоғары, іргелі білімі бар, әдіснамалық және зерттеушілік даярлықтан өткен, ғалымдар қатарына кіруге және PhD ғылыми дәрежесін алуға дайын ветеринария мамандарын даярлау.  

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Ғылыми мекемелердің жетекші ғылыми қызметкері; Жоғары  оқу орнының оқытушысы; 
мемлекеттік ветеринариялық қызмет басқару құрылымдарының әр түрлі бөлімшелерінің, ветеринарлық биопрепараттар өндіретін ветеринарлық қызмет және ветеринариялық зертханалар  басшысы; әр түрлі меншік нысанындағы  салалар мен ветеринариялық  және биологиялық кәсіпорындардың жетекшісі. 
 

Кәсіби қызмет саласы

ветеринариялық ғылыми-зерттеу институттары; жоғары оқу орындары және орта кәсіптік білім беру;  
ғылыми және өндірістік мекемелер, аудандық, облыстық және республикалық мемлекеттік ветеринарлық құрылымдар, әкімшілік кеңселер, бақылау және аналитикалық қызмет, Қорғаныс ветеринарлық қызметтің құрылымы, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ветеринарлық қызмет саласында құрылымы, ғылыми-зерттеу институттары,  ветеринариялық кәсіпкерлік субъектілерінің түрлі меншік нысандары. 
 

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

мемлекеттік ветеринариялық басқару органдары, оның ішінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің  ветеринариялық бақылау және қадағалау» бөлімшесі, облыстық және аудандық ветеринария басқармасы, ғылыми ветеринариялық мекемелер, ветеринарлық биопрепараттар өндіретін ветеринарлық қызмет, , соның ішінде кәсіпорындар.ветеринариялық биологиялық препаратттарды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты өңдеу және сату өндіру өндірістері, фирма, компаниялар,, сонымен бірге ветеринариялық зертханалар

Кәсіби қызмет функциялары

педагогикалық
- өндірістік - басқармалық;
- ұйымдастыру - технологиялық;
- ғылыми - зерттеу;
- ғылыми - енгізу;
 

Кәсіби қызмет түрлері

Ғылыми-зерттеу:
- зерттеу тақырыбы бойынша ақпарат жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу;
- экономика ғылымындағы өзекті ғылыми проблемаларды және ғылыми зерттеу бағдарламаларын анықтау және тиянақтау;
- өзекті экономикалық проблемалар бойынша шолулар, есептер және  ғылыми жарияланымдар дайындау.
 Педагогикалық:
- нақты педагогикалық міндеттерді анықтай білу, оқыту нәтижелерін алдын-ала болжай білу;
- педагогикалық нәтижелерді бағалау;
- оқу жоспарының стратегиясы негізінде оқу сабақтарын жоспарлау; 
- оқыту технологиясын құру үшін тиісті оқу құралдарын іріктеп алу және пайдалану; 
- білім алушылардың оқу құралдарымен, арнайы ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушыларды өз бетінше эесперимент жүргізуге және алынған нәтижелерді жинақтауға үйрету.
Өндірістік-басқарушылық:
- кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметін талдауды жүзеге асырады, жануарлардың жұқпалы емес патологиялы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша шаралар әзірлейді; 
- жануарлардың жұқпалы аурулары кезінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың экономикалық тиімділігін анықтайды.
- жануарлардың мәжбүрлі жұқпалы және инвазиялық аурулары кезінде әзірленген ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын қарастыруға қатысады;
- ішкі шаруашылық резервтерін пайдалана отырып, жоспарлы ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады.
 - мониторингтік зерттеулер жүргізуге және жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының дамуын болжауға қатысады;
- жануарлардың аса қауіпті және трансшекаралық ауруларының тәуекел стратегияларын әзірлеу.
Жобалау-экономикалық:
- инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізеді; 
- Ветеринария бойынша қаржылық инвестициялық қаржыландыру көздерін таңдау және қажеттілікті негіздеу; 
- өндіріске енгізумен жаңа буын препараттарын игеру процесін ұйымдастыру;
Аналитикалық:
- басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ұйымның сыртқы және ішкі ортасының факторлары туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау; 
- ғылыми жобалар бойынша бюджеттерге (сметаларға) талдау жүргізу.
 

Дағды қалыптастыру

макроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығын анықтау, инфекциялық үрдістің даму кедергісін және организмнің қызметінің бұзылуының қалпына келуі қасиетіне ие болуы;
- жануарлардың аса қауіпті ауруларын балау әдістерінің тиімділігін салыстырмалы бағалау бойынша ғылыми байқаулар жүргізуге;
- Зертханада әсіресе қауіпті қоздырғыштарын қаупін бағалау үшін барлық қажетті талдау мәселелері бойынша,
- аса қауіпті биологиялық қоздырғыштарына қауіпсіз сынамаларды алу, зерттеу, дезинфекция, сақтау және тасымалдау кезінде қазіргі заманғы әдістерін қолдануға.
- қоршаған ортаны тексеру саласында және су жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы іс-шараларды өткiзуге;
заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық биопрепараттарын дамытуға;
- трансшекаралық ауруларға қарсы жалпы және  арнайы шаралардың заманауи  жүйесін OIE  талаптарына сәйкес орындауға, халақаралық заманауи терминдерге, ұғымдарға  түсініктеме беруге;
- жұқпалы аурулардың алдын алуға өзіндік ерекшелігі бар қазіргі заманғы құралдарын және әдістерін қолдануға;
- жануарлардың қалыпты жағдайдағы иммуногенетикалық деңгейін  анықтауға;
 -  иммуномодуляторларды  белгілеп,  нәтижесін  зертханалақ  әдістермен  бақылау;
- паразиттердің жіктелуіндегі негіздерін біліп, сол саладағы проблемаларды шешуге;
- паразитологиялық зерттеуде жануарлардың негізгі әдістерін қолдану мен дамытуға 
- қоршаған орта нысандарын дезинвазиялау және залалсыздандыру кезіндегі экологиялық аспектілері;
- инвазиялық ауруларды мониторинг және болжау мәселелерін шешіп, соның арқасында инвазиялық аурулармен күресу тактикасын құрастыру;
- жануарлардың ішкі ауруларын балау және емдеудің заманауи әдістерінен;
-заманауи дәрілік заттар төңірегінде және олардың фармакологиялық әсер ету механизмдерінен;
- ауыл шаруашылық жануарлары ауруларының диагностикасы мен терапиясының өзекті мәселелері жөнінен;
- ауыл шаруашылық төл ауруларына иммуномодулдейтін терапия әдісін қолдану мәселелерінен;
- ветеринариялық репродуктология бойынша,
- ақпараттық ағымдардың жылдам жаңаруы мен өсу жағдайында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
- мамандарды даярлау мәселелерінде;
- ғылыми жобаларды және зерттеулерді сараптау кезінде;
- тұрақты кәсіби өсуді қамтамасыз етуде.
 

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

«8D09101 – Ветеринариялық медицина».docx

17.735 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник