«7M07218 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрлері мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
мамандандырылған технолог, менеджер және қайта өңдеу өндірістерінің кәсіпорындарының басқарушы маманы ретінде
тағам және қайта өңдеу өндірістерінің барлық салалары
қайта өңдеу өндірістерінің кәсіпорындары мен ұйымдары, сондай-ақ олардың мемлекеттік басқару органдары
«7M07218 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру траекторияларын қамтиды
№1. ББТ «Астықты сақтау және өңдеу технологиясы»
Магистр кәсіби қызметі мыналарға бағытталған:
тамақтанудың гигиеналық негіздерін, тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеуге;
- қайта өңдеу өндірістері өнімдерінің сапасын бағалау әдістерін зерттеуге;
- өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтаудың инновациялық технологияларын зерттеуге;
- тағамдық заттарды майдалау технологиясын зерттеуге;
- толық түрде ұнтақталған ұн өндіру технологиясын зерттеуге;
- көп дәнді өнімдерді өндіру технологиясын зерттеуге.
№2. ББТ Нан, кондитер және макарон өнімдерінің технологиясы
Магистр кәсіби қызметі мыналарға бағытталған:
- заманауи тағам қоспаларын, оларды пайдалану ерекшеліктерін зерттеуге;
- диеталық және балалар тағамы технологиясының негіздерің зерттеуге;
- нан, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісінде дәстүрлі емес шикізатты пайдалануға;
- арнайы мақсаттағы нан-тоқаш өнімдерін әзірлеуге;
- наубайхана, макарон және кондитер өндірісі жартылай фабрикаттарының және шикізаттың реологиясысын зерттеуге;
наубайхана өндірісінің биотехнологиялық негіздерін зерттеуге.
«7M07218 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрлері
1. Жобалау-технологиялық:
- қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық сұлбаларын әзірлеу және жобалау;
- қайта өңдеу өнеркәсібінің қолданыстағы кәсіпорындарын қайта жаңарту;
- экология, еңбекті қорғау, өрт-жарылыс қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын және өндірістік қызметін талдау;
- ғылыми-техникалық ақпаратты, қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және талдау.
2. Ұйымдастыру-басқарулық:
- еңбек ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру, басқарушылық шешімдерді қабылдау, кәсіпорындардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін және маркетингтік қызметті талдау;
- технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастыру;
- технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау.
3. Эксперименталды-зерттеу:
- қайта өңдеу өндірісінің тиісті салаларының шикізат, дайын өнім сапасын жақсарту бойынша тәжірибелік зерттеу;
технологиялық операцияларды жетілдіру және жаңа өнімдер жасауда ресурс үнемдейтін технологиялық процестерді игеру бойынша жұмысқа қатысу.
- ғылыми зерттеулер әдіснама саласында;
- жалпы тағам және қайта өңдеу салаларындағы инновациалық техникалық және технологиялық өндірістердің мәселелерінде;
білім беру, кәсіби дағды мен білуді кеңейтуді тұрақты жаңартуды қамтамасыз ету тәсілдерінде.