KazNARU
Машина жасау

Машина жасау өндірісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық, конструкторлық-жобалау, есептеу-жобалау және эксперименталды-зерттеу қызметтерін жүзеге асыру үшін мамандар дайындау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Өндіріс бастығы;

Бас конструктор;

Жоба жетекшісі;

Жетекші механик.

Кәсіби қызмет саласы

Машина жасау өнімдерін өндіру; Машина жасау өнімдерін жөндеу, сервистік қызмет көрсету және жаңғырту

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Басқару органдары; мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктік формадағы ұйымдар мен кәсіпорындар; оның ішінде индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылықтары; әскери өнеркәсіптік кешені; өндіру және тұтыну сферасы

Кәсіби қызмет функциялары

Әртүрлі өнім түрлерін, жабдықтарды, құралдарды дайындаудың технологиялық үдерістерін әзірлеу және жобалау; Нормативтік-техникалық құжатты нормабақылау; Конструкторлық, технологиялық, техникалық ұйымдасты ру, экономикалық ұйымдастыру міндеттерді шешу; Өндіріс, өлшеу, сынау және бақылау құралдарына қызмет көрсетуді, алдын-ала тексеруді, ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру; Конструкторлық, технологиялық, пайдалану құжаттарын, жаңа технологияларды, нақты өндіріс үшін жабдықтарды сынау әдістемесін әзірлеу; Өндіріс күйіне талдау жасап, кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру және дамыту мақсатында өнім сапасының тұрақтылығын бағалау; Эксперименттерді, өлшеулерді, бақылауларды жүргізу, зерттеу нәтижелері мен ғылыми әзірленімдерді енгізу

Кәсіби қызмет түрлері

1. Ұйымдастыру-басқарушылық;

өндіріс процесін ұйымдастыру, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру; кәсіптік функцияларды жүзеге асыруға байланысты мақсат қою және басқару міндеттерін қалыптастыру; өндіріске қызмет көрсетуді ұйымдастыру; техникалық, қаржылық және адами факторларды ескере отырып, өндірістік процесті басқару; басқару алгоритмін дайындау; өндіріс тиімділігін жоғарылатуды жоспарлау, кәсіпорынның бизнес-жоспарын құру, есеп және есеп беруді жоспарлау;

2. Өндірістік-технологиялық;

жүйелі, ресурс үнемдеуші технологияларды дайындау, енгізу және пайдалану; бұйымды өңдеу және құрастырып жинақтау технологиялық процестерін дайындау және енгізу; машина жасау өндірісін автоматтандыру; үздіксіз ағымды өндірістік процестерді, автоматтандырылған кешендерді, икемді автоматтандырылған өндірісті құру; тиімділігі жоғары технологиялық жарақтандыру құралдарын енгізу; машина жасау өндірісінің экологиялылығын қамтамасыз ету;

3. Конструкторлық–жобалау;

автоматтандыру жүйесін жобалау барысында жобалау-графикалық жұмыстарды орындау; тиімділігі жоғары технологиялық жарақтандыру құралдарын жобалау; жобалау жүйесінің техника-экономикалық тиімділігін бағалау критерилерін негіздеу; заманауи автоматтандырылған жобалау әдістерін қолдану арқылы конструкторлық және технологиялық, жобалау құжаттамаларын әзірлеу;

4. Есептеу-жобалау;

жабдықтар, құралдар мен жарақтар жүйесін жобалау барысында жобалау схемасын дайындау; конструкторлық құжаттамаларда пайдалану үшін, есептеулер жасау; есептеу әдістерін негіздеу;

5. Эксперименттік-зерттеулік;

машина жасау өндірісінде болып жатқан процестерді зерттеу үшін, заманауи эксперименттік әдістерді қолдану; заманауи машина жасау технологияларындағы жаңа бағыттарды зерттеу; машина жасаудағы өңдеу түрлерін зерттеу; машина жасау обылысындағы автоматтандыру объектілерін зерттеу; еңбек өнімділігін арттыруды және шығарылатын бұйым сапасын қамтамасыз ететін әдістерді ғылыми негіздеу;

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6В07103 – «Машина жасау».docx

77.445 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник