KazNARU
Машина жасау

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, теориялық білімі және машина жасау өндірісіндегі жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастырудың практикалық дағдылары бар мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Бітіруші келесі бағыттарда кәсіби қызметті жүзеге асыра алады:

- өндіріс бастығы;

- бас конструктор;

- жоба жетекшісі;

- бас механик.

Кәсіби қызмет саласы

Басқару органдары, кәсіпорындар, ин-дустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықты, әскери-өнеркәсіптік кешенді, өндіріс және тұтыну салаларын қоса алғанда, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдар.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Аграрлық және құрылыс-техникалық бейіндегі жоғары, орта-арнайы, кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы білім беру қызметі, ҚР АШМ және БҒМ жүйесінің жеке және мемлекеттік ғылыми-өндірістік мекемелеріндегі ғылыми және басқару қызметі, индустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықты, әскери-өнеркәсіптік кешенді, өндіріс және тұтыну салаларын қоса алғанда, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдар.

Кәсіби қызмет функциялары

«7М07126 - Машинажасау» білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру траекториясын қамтиды:

№1 ББТ. «Машина жасаудағы жобалау және модельдеу»

Магистрдің кәсіби қызметі:

- жобалау стратегиясын әзірлеу, жобалау мақсаттарын анықтау, ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, талдау, зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу;

- автоматтандырылған жобалау және зерттеулердің стандартты пакеттері негізінде процестер мен объектілерді моделдеу;

- берілген әдістеме бойынша эксперименттерді қою және жүргізу және нәтижелерді талдау; эксперименттерді жүргізу нәтижелерін талдау, шолуларды, есептерді және ғылыми жарияланымдарды дайындау және құрастыру;

- бағыт пәндері бойынша әр түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде педагогикалық жұмысты орындау;

- бәсекеге қабілетті жаңа идеяларды қалыптастыру;

- дәстүрлі міндеттерді шешудің жаңа әдістері мен стандартты емес міндеттерді шешудің әдістерін әзірлеу;

- технологиялық процестерді автоматтандыру саласында ғылым жетістіктері мен озық технологияларды пайдалану;

- техника, экономика және басқару міндеттерін шешудің тиімді математикалық әдістерін әзірлеу;

- процестер мен объектілердің математикалық модельдерін құру және пайдалану;

- инновациялардың мақсаттарын және оларға қол жеткізу тәсілдерін анықтау; -жобалау-конструкторлық және пайдалану-басқару қызметін бағдарламалық-ақпараттық қамтамасыз ету;

- патентке қабілеттілігін және әзірлемелердің техникалық деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу,

 - ауыл шаруашылығы техникасын жобалаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, жобалауды автоматтандыру құралдарын пайдалану, жобалық құжаттаманы ресімдеу;

- орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептер, шолулар мен жарияланымдар дайындау;

- зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғау;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін басқару және зияткерлік меншік құқықтарын коммерциализациялау.

- перспективалық конструкцияларды жобалау және әзірлеу;

- табиғатты қорғау және энергия үнемдеу технологияларын ескере отырып жобалық шешімдерді оңтайландыру;

- автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалана отырып, күрделі конструкциялардың эскиздік, техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеу және;

- жобаланатын бұйымдар мен конструкциялардың тиімділігіне техникалық-экономикалық және функционалдық-құндық талдау, жобалар бойынша техникалық есептерді жүргізу;

- әдістемелік және нормативтік құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ әзірленген жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

- жобаларды коммерцияландырудың инновациялық тәуекелдерін бағалау

- машиналар, жетектер, жүйелер өндірісін технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалана отырып, машиналарды, жүйелерді, технологиялық процестерді жобалау;

- өндіру нормаларын, жұмыс материалдарын, отын мен электр энергиясын жұмсауға арналған технологиялық нормативтерді әзірлеу, сондай-ақ жабдықтар мен технологиялық жабдықтарды таңдау;

- дәнекерлеу машиналарын, жетектерді, жүйелерді, стандартты емес жабдықтарды және технологиялық жабдықтарды жобалауға және дайындауға техникалық тапсырмаларды әзірлеу;

- машина жасау бұйымдарын дайындау жабдықтары мен процестерінің технологиялығын қамтамасыз ету;

- технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін бағалау;

- жұмыстарды жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін таңдау;

- техникалық бұйымдар мен жүйелерді жобалау, дайындау, сынау, пайдалану, кәдеге жарату кезінде техникалық бақылауды жүзеге асыру және сапаны басқару;

- халықаралық стандарттарды ескере отырып, өнім сапасының берілген деңгейін қамтамасыз ету;

- орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, орындаушылық шешімдерді қабылдау;

- сапа, сенімділік және құн талаптарын, сондай-ақ орындау мерзімдерін, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін ескере отырып өнім жасау кезінде оңтайлы шешімдерді іздеу;

- өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың алдын алу, экологиялық бұзылулардың алдын алу;

- бөлімшелерде стандарттар мен сертификаттардың жобаларын әзірлеумен шығарылатын бұйымдар мен олардың элементтерін жетілдіру, жаңғырту, біріздендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

- инновациялық қызмет саласындағы бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен тренингтерін ұйымдастыру;

- өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде кәсіпорынды жоспарлау мен басқарудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қолдау;

- кәсіпорында инновациялық қызметті ұйымдастыру жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;

- жаңа өнімдер мен технологияларды игеру бағдарламаларын басқару.

№2. ББТ «Инновациялық технологиялар мен жабдықтар»

Магистрдің кәсіби қызметі:

- технологиялық үрдістерді математикалық, физикалық және компьютерлік модельдеуге заманауи жобалау әдістерін қолдануға негізделген бәсекеге қабілетті машина жасау өнімдерін құру;

- конструкторлық-технологиялық информатика және автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалану;

- халықаралық стандарттар негізінде өндірістің нақты жағдайларына қатысты сапаны басқару жүйелерін құру; өнім сапасын, сенімділігін және өзіндік құн талаптарын ескере отырып, өнімді жасау кезінде оңтайлы шешімдер іздеумен маркетингтік зерттеулер жүргізу, сондай-ақ өнімді жасау кезінде оңтайлы шешімдер іздеумен маркетингтік зерттеулер жүргізу.

- өндіру нормаларын, жұмыс материалдарын, отын мен электр энергиясын жұмсауға арналған технологиялық нормативтерді әзірлеу, сондай-ақ жабдықтар мен технологиялық жабдықтарды таңдау; машиналарды, жетектерді, жүйелерді, стандартты емес жабдықтарды және машиналардың, жетектердің, жүйелердің технологиялық жабдықтарын жобалау мен дайындауға арналған техникалық тапсырмаларды әзірлеу; машина жасау бұйымдарын дайындау бұйымдары мен процестерінің технологиялығын қамтамасыз ету;

- технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін бағалау; техникалық бұйымдар мен жүйелерді жобалау, дайындау, сынау, пайдалану, кәдеге жарату кезіндегі ақау себептерін зерттеу және талдау және оның алдын алу және жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде кәсіпорынды жоспарлау мен басқарудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қолдау;

- Кәсіпорында инновациялық қызметті ұйымдастыру жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;

- жаңа өнім мен технологияны игеру бағдарламаларын басқару;

- идеядан сериялық өндіріске дейінгі инновациялық проблемаларды кешенді шешу үшін персоналдың жұмысын үйлестіру;

- кәсіби қызмет саласындағы объектілерде теориялық және қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- тәжірибелік зерттеулердің жаңа әдістерін әзірлеу;

- зерттеу нәтижелерін талдау және оларды қорыту;

- орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептерді, шолулар мен жарияланымдар дайындау;

- зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғау;

- ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін басқару және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды коммерцияландыру;

- кәсіби қызметте заманауи психологиялық-педагогикалық теориялар мен әдістерді пайдалану.

Кәсіби қызмет түрлері

7М071 - «Инженерия және инженерлік іс» дайындық бағытының магистрлері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

1. Жобалау және технология:

- жүйелік, ресурс үнемдеуші технологияларды әзірлеу, енгізу және пайдалану;

- бұйымдарды өңдеу және құрастырудың технологиялық процестерін әзірлеу және енгізу;

- машина жасау өндірісін автоматтандыру;

- үздіксіз ағынды өндірістік процестерді, автоматтандырылған кешендерді, икемді автоматтандырылған өндірістерді құру;

- технологиялық жарақтандырудың тиімділігі жоғары құралдарын енгізу, машина жасау өндірісінің экологиялығын қамтамасыз ету;

2. Ұйымдастыру және басқару:

- өндірістік процесті ұйымдастыру, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру;

- кәсіби функцияларды жүзеге асырумен байланысты басқарманың мақсатын қою және міндеттерін қалыптастыру; өндіріске қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

- техникалық, қаржылық және адами факторларды есепке ала отырып өндірістік процесті басқару; басқару алгоритмдерін әзірлеу;

- есеп пен есептілікті жоспарлау, кәсіпорынның бизнес-жоспарын әзірлеу, өндіріс тиімділігін арттыруды жоспарлау;

3. Ғылыми-зерттеу:

- машина жасау өндірісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қазіргі заманғы эксперименттік әдістерді қолдану;

- қазіргі машина жасау технологиясындағы жаңа бағыттарды зерттеу;

- машина жасау саласындағы өңдеу түрлерін зерттеу;

- машина жасау саласындағы автоматтандыру объектілерін зерттеу;

- шығарылатын бұйымдардың сапасын қамтамасыз ету және еңбек өнімділігін арттыру әдістерін ғылыми негіздеу;

Дағды қалыптастыру

- мәселелерді талдау және шешім қабылдау;

- жұмысты басқа учаскелермен келісуді көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде дербес басқаруда;

- дайын өнім: машиналар мен жабдықтардың тораптарын дайындау, құрастыру және алдын ала сынау өндірісі үшін жауапкершілік енгізу;

- өндіріс құралдарын, машиналар мен жабдықтар тораптарын дайындау, алдын алу, елеулі өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу үшін;

- өмір бойы білімдері мен дағдыларын жаңартып отыру крек.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

---------Chatbot---------
виртуальный помощник