KazNARU
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Жаңа бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және қолда бар бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу міндеттерін шеше алатын және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы үшін технологиялар тоғысында жұмыс істей алатын біліктілігі жоғары деңгейдегі Жоғары технологиялар саласында мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- Бағдарламалық қамтаманы жобалаушы

- Жүйелік және желілік әкімшілеу бойынша маман (желілік администратор);

Кәсіби қызмет саласы

Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы жобалау ұйымдарында жобалау; өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік-технологиялық; мемлекеттік басқару органдарында, қаржы ұйымдарында ұйымдастыру-басқару және т. б. болып табылады.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Кәсіби қызметінің объектілері  Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК жергілікті, аудандық, облыстық, республикалық органдар аппараттарындағы басқару қызметі, мемлекеттік және жеке өндірістік құрылымдардағы кәсіби қызмет.

Кәсіби қызмет функциялары

- БҚ әзірлеу процесін дайындау, БҚ талаптарын талдау, БҚ жобалау, БҚ Бағдарламалау және тестілеу, бағдарламалық модульдер мен БҚ компоненттерінің интеграциясы.

- Ұйымның ЖЕЖ жобалау, монтаждау және қызмет көрсету; ұйымның серверлік жабдығын жинақтау, монтаждау, теңшеу және қызмет көрсету; Бейнебақылау жүйелерін, ұйымның ЖБЖ монтаждау, теңшеу және қызмет көрсету; ұйымның жүйелі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кәсіби қызмет түрлері

1.  Бағалау:

- БҚ жұмысқа қабілеттілігін бағалауды жүргізу.

- Бағдарламалық кодты талап етілетін сапа критерийлеріне сәйкестігін бағалау

2. Конструктивтік:

- Бағдарламалық модульдер мен БҚ компоненттерін құрастыру пОНцедураларын әзірлеу және орындау.

- Деректерді тасымалдау және түрлендіру (айырбастау) рәсімдерін әзірлеу

- Типтік ДБ жобалау, күрделі SQL сұраныстарын өңдеу және оңтайландыру •

- Қолайлы ORM-жүйелерді таңдау және пайдалану.

- ДБ-мен жұмыс істеу үшін функционал әзірлеу

3. Информационно-технологические:

- Ақпараттық-технологиялық:

- ДҚ сұлбаларын жобалау, сұраныстарды оңтайландыру, ДҚБЖ-дан деректерді сақтау және оқу принциптері (транзакциялар, оқшаулау деңгейлері, индекстер)

- CRM-жүйелер.

- Бағдарламалық модульдер мен БҚ компоненттерінің интегралдау тәсілдері.

- ОЖ жұмыс принциптері және функционалдық мүмкіндіктері 

- Бағдарламалық модульдер мен БҚ компоненттерін құрастыру әдістері мен құралдары •

- БҚ жұмыс қабілеттілігін тексеру әдістері мен құралдары

- Тілдер, утилиттер және бағдарламалау ортасын таңдау

Дағды қалыптастыру

Компьютерлік технологиялардың қазіргі даму үрдістерін және оларды ғылыми-зерттеу,жобалау

- конструкторлық, өндірістік–технологиялық және ұйымдастыру-басқару қызметінде қолдану жолдарын түсіну қабілеті;

– кәсіби қызмет объектілерін жобалау мен әзірлеуді айқындайтын стандарттарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды қолдануда;

− талдау және талдау модельдерін, әдістері мен құралдарын

ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін математикалық, лингвистикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;

− бағдарламалық жүйесі бар пайдаланушы интерфейсін ұйымдастырудың негізгі принциптері;

− кәсіби қызмет объектілері мен олардың компоненттерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестерді талдау, зерттеу және модельдеу әдістерінде;

- есептеу жүйелерін, кешендер мен желілерді құру кезінде аппараттық және бағдарламалық құралдарды кешендеу принциптері, әдістері мен тәсілдерінде;

− кәсіби қызмет объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдарында;

- зияткерлік меншікті қорғау әдістері мен құралдарында;

- еңбекті ұйымдастырудың, өндірісті және ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың экономикалық-ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелерінде.

Учебный план образовательной программы

7М06108 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.pdf

6024.832 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник