KazNARU
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру саласында теориялық білімі мен практикалық жоспарлау дағдылары бар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- көлік техникасын пайдалану жөніндегі инженер-механик;

- көше желілерін ұйымдастыру жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарында жобалаушы;

- көліктік-экспедициялық қызмет жөніндегі инженер;

- көлік және көлік техникасы инспекциясының және мемлекеттік басқару органдарының маманы

Кәсіби қызмет саласы

Индустрияның барлық салаларын, агроөнеркәсіп кешенін, көлікті басқару жүйесін қайта құрылымдауды ескере отырып тасымалдау процесінің логистикалық компанияларын қоса алғанда, білім беру ұйымдары.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- өнеркәсіптің барлық салаларының өндірістік кәсіпорындары;

- көлік кәсіпорындары мен бөлімшелері;

- көлік және мемлекеттік көлік инспекциясының аймақтық басқару органдары;

- көліктік-экспедициялық кәсіпорындар мен ұйымдар;

- агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары.

Кәсіби қызмет функциялары

Білім беру бағдарламасы 7М11301- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру екі білім траекториясын қамтиды:

1. «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану».

2. «Жол қозғалысын ұйымдастыру»

Магистрдің кәсіби қызметі бағытталған:

- барлық салалардың, өнеркәсіп пен көліктің, әскери өнеркәсіп кешенінің автомобиль-жол кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарына, индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылықтарға, өндіріс салаларына;

- көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік органдар.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Жобалау-технологиялық:

- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өндірістік және өндірістік емес шығындарды өлшеу және бағалау;

- жүктерді жеткізудің көліктік-технологиялық жүйелерін әзірлеуге өндірістік және өндірістік емес шығындарды есептеу және бағалау;

- жол қозғалысын ұйымдастыру жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін кешенді бағалау;

- көше-жол желілеріндегі жол-көлік оқиғаларын азайту әдістері мен құралдарын есептеу және әзірлеу.

2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық:

- әзірленетін және пайдаланылатын көлік-технологиялық жүйелердің конструктивтік ерекшеліктеріне бағытталған технологиялық регламенттерді әзірлеу және енгізу;

- өндірістік кәсіпорындардың персоналын іріктеу және кәсіптік даярлау;

- қызмет персоналының санын есептеу, техникалық шарттар және техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша басқа да басшылық құжаттар.

Дағды қалыптастыру

ауыл шаруашылығын қоса алғанда, өнеркәсіптің барлық салаларында инновациялық техникалық және технологиялық өндірістер мәселелерінде.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

---------Chatbot---------
виртуальный помощник