KazNARU
Электротехникалық инжиниринг

Заманауи электр техникалық жабдықтарды таңдауға және пайдалануға, жаңа электр техникалық объектілерді, автоматтандырылған жүйелер мен құрылғыларды жобалауға қабілетті, жоғары білікті маманды дайындау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- Цех бастығы;

- Өндірістік зертхана бастығы

- Бастықтың пайдалану жөніндегі орынбасары

- Бастықтың жөндеу жөніндегі орынбасары

- Инженер-электрик

- Инженер-энергетик

- Электр техникалық өлшеулер жөніндегі инженер

- Бағыт бойынша инженер

- Газ, бу беруді электрмен жабдықтаудағы және ауа баптаудағы ауысым бастығы

- Жөндеу жөніндегі Инженер

-Электр энергиясын тарату жөніндегі инженер-электрик

- Электр энергиясын есептеу және бөлу жөніндегі инженер

- Технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі инженер

Кәсіби қызмет саласы
  • Өндірістік-технологиялық;

- Эксперименттік-зерттеу;

- Сервистік-эксплуатациялық;

- Ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- Монтаждық реттеу;

- Есептік-жобалық.

- Өндірістік-технологиялық; эксперименттік-зерттеу;

- Релелік қорғаныс, бақылау, сигнал беру және автоматика құрылғыларын монтаждау-реттеу;

- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін электр энергетикасы саласындағы ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру;

- Электр энергетикасы саласындағы ақпаратты, идеяларды, туындаған мәселелердә және шешімдерді мамандарға, сондай –ақ адамдарға да хабарлау.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Түлектердің  кәсіби қызмет ету саласы - ғылым мен техника саласы болып табылады, ол электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған адам қызметінің технологиялары, құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын құрайды

Кәсіби қызмет функциялары

- Түлектердің кәсіби қызметінің функциялары:

- Электр жабдықтары цехының жұмысына жедел басшылықты жүзеге асыру

- Электр жабдықтары цехын қауіпсіз пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету

- Зертхананың дайындық жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру

- Зертхана жабдықтарын пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыру

- Жабдықтар мен аспаптардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыру

- Электр жабдықтары цехының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылық жасау.

- Электр жабдығы цехының жабдықтарын үздіксіз және техникалық дұрыс пайдалануды және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

- Электр жабдықтары цехының негізгі және қосалқы жабдықтарына жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлауды жүзеге асыру.

- Электр жабдықтары цехының технологиялық, өндірістік тәртіптің және қауіпсіз еңбек шарттарының сақталуына бақылау жүргізу.

- Жабдықты тексеру, сынау және профилактикалық жөндеу жоспарларын (кестелерін) әзірлеуді жүзеге асыру.

- Жабдықты тексеру, сынау және профилактикалық жөндеу жоспарларының (кестелерінің) орындалуына бақылау жүргізу.

- Электр жабдығы бойынша жедел персоналдың жұмысын ұйымдастыруды жүргізу.  Техникалық шарттарға сәйкес электр энергиясын өндірудің технологиялық процесін орындауды қамтамасыз ету.

- Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес электр энергиясын қауіпсіз өндіруге бақылау жүргізу.

- Электротехникалық өлшеулер жүргізу

- Талаптардың сақталуын қамтамасыз ету 

- электр техникалық өлшеу жабдықтарын пайдалану және жөндеу.

- Релелік қорғаныс және автоматика жабдықтарының дұрыс жағдайын, авариясыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету.

- Персоналды басқаруды қамтамасыз ету және техникалық құжаттаманы жүргізу.

- Цехтың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету.

- Өндірісті техникалық дамытуды, жабдықтарды күрделі жөндеуді жоспарлауды жүзеге асыру.

- Қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеуді жүргізу.

- Электр энергиясы мен қуатын тұтынудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамын қалыптастыру

- Электр энергиясы мен қуатын тұтынуды қысқа мерзімді жоспарлау және көрсеткіштерді есептеу

- Техникалық қызмет көрсету және жөндеу

- Жаңа техника мен озық технологияларды енгізуді әзірлеу және жоспарлау

Кәсіби қызмет түрлері

1.      Бағалау:

- Жабдықтар мен желілерді жоспарлы-алдын ала жөндеу кестелерін құру;

- Отынның және энергияның барлық түрлерінің шығын нормаларын сақтау;

- энергия  шаруашылығы үшін қажет жабдықтарға, қосалқы бөлшектерге және басқа да материалдарға өтінім жасауға қатысу,;

- Материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды үнемді және ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

- Жабдықтың бар болуы мен қозғалысын, техникалық құжаттама мен жедел есептілікті есепке алу;

- Жұмыс орындарын аттестациялау және ұтымды ету бойынша жұмысқа қатысу.

2. Конструктивтік:

- Білікті маманның басшылығымен энергетикалық жабдықтарды, құрылыстар мен энергетикалық желілерді пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз ету;

- Энергетикалық жабдықтарды сынауға қатысу, сипаттамаларды түсіру және режимдік карталарды құрастыру.

3. Ақпараттық-технологиялық:

- Жаңа техниканы, технологияны, механизацияның кешенді құралдарын, телемеханизация және технологиялық үрдістерді автоматтандыруды, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу жоспарларын әзірлеу үшін материалдарды дайындауға қатысу;

- Тапсырыстарды ресімдеу, жабдықтарды пайдалану бойынша техникалық құжаттаманы беру;

- Жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа, энергетикалық қондырғылар мен желілердің атқарушы схемаларына өзгерістер енгізу;

- Энергетикалық жабдықты сынау кестесін дайындау.

Дағды қалыптастыру

-Электрмен жабдықтаудың заманауи даму үрдістерінде және оны ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру-басқару қызметінде қолдану: басқару қызметі, қызмет үрдістерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру, еңбек құралдарын дайындау үшін жауапкершілік, таңдау және шешу тәсілдерінің алуан түрлілігін болжайтын міндеттерді шешуге бағытталған қызмет.

- Жұмысқа кәсіби көзқарас.  Бейімділік.

- Аналитикалық ойлау. Тез шешім қабылдай білу.

- Аддитивті технологияларды білу, жұмысқа кәсіби көзқарас, ойлаудың аналитикалық қоймасы, циклдік режимде жұмыс істеу қабілеті, жауапкершілік. Тез шешім қабылдай білу.

- Ұйымдастыру қабілеті. Жауапкершілік. Орындаушылық. Бастамашылық.

- Әр түрлі өзгермелі жағдайларда жұмыс жағдайын шешу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу.

- Зерттеу қызметінде: энергиямен жабдықтау жүйелерін сынау жоспарларын, бағдарламаларын және әдістемелерін әзірлеуде; эксперименттік және теориялық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу үшін ақпараттық технологияларды пайдалануда;

- Монтаждау-реттеу қызметінде: электрмен жабдықтау жүйелерінің монтаждау, реттеу және жөндеу құжаттамасын әзірлеу;

- Ұйымдастыру-басқару қызметінде: орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыруда; электрмен жабдықтау жүйелерінің әртүрлі талаптарын қанағаттандыратын шешім таңдауда.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6В07109 - Электротехникалық инжиниринг.docx

71.277 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник