KazNARU
Ветеринариялық санитария

Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасының ветеринарлық-санитарлық және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

-ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының бөлім меңгерушісі;

-ветеринариялық дәрігер бактериолог, ветеринариялықдәрігер вирусолог, ветеринарлықдәрігер токсиколог, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық ветеринариялық зертханаларда бактериология, вирусология және токсикология бөлімінің меңгерушісі;

- ветеринариялық бақылау және қадағалау басқармасының республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық аймағының мемлекеттік ветеринарлық инспекторы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы;

- мал өсірумен айналысатын және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін жеке кәсіпкерліктің және шаруашылық субъектілерінің ветеринариялық санитариялық дәрігері;

 -ҚР Кеден комитетініңмемлекеттік шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық инспекторы;

- ҚР ІІМ табиғатты қорғау полиция бөлімінің инспекторы, басшысы (қосымша заңгерлік білім).

Кәсіби қызмет саласы

- Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және ветеринариялық-санитария бойынша дәрігерлік, сараптамалық және қадағалаушы, ұйымдастырушы-басқарушы, тәжірибелік зерттеуші, жобалау қызметі.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- мал, құс, балық, ара  шаруашылығы және тағам өнімдерін өндірумен айналысатын шаруашылық субъектілерінде;

- мал, құс, балық пен ара шаруашылығының  тағамдық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу кәсіпорындарында;

- ішкі сауда объектісінің ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларында;

- жануарларға, құстарға, балықтарға, араларға арналған азық өндіретін кәсіпорындарда;

- мал өлекселерін өңдейтін және нәруыздық азық өндіретін кәсіпорындарында;

- мемлекеттік шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау пункттерінде;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің табиғатты қорғау полициясында;

- ветеринариялық бағыттағы фармакологиялық және биологиялық препараттар дайындайтын кәсіпорындарда;

- ветеринариялық және биологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік және жеке зерттеу ұйымдарында.

Кәсіби қызмет функциялары

-Қазақстан Республикасы аумағын көрші мемлекеттерден тағамдық өнімдер, жануарлар мен шикізаттар арқылы тасымалданатын жұқпалы аурулардың енуінен қорғау;

-мал, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін, сапасын ветеринариялық-санитариялық бағалау;

-жеке кәсіпкерлік құрылымдары мен шаруашылық субъектілерінде мал, құс, балық және ара өсіру,олардан қауіпсіз және сапалы өнім өндіру мен дайындауда ветеринариялық-санитариялық қағидалардың сақталуын бақылау;

- ветеринариялық бағыттағы биологиялық және фармакологиялық перпараттарды өндіру және өткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қағидалардың сақталуын бақылау;

- тағам өнімдерін өндіру объектілерінде сапасы төмен қалдықтарды зарарсыздандыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Кәсіби қызмет түрлері
  1. Бағалау:

- мал, құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруашылық субъектілерінде және  тамақ өндірісі кәсіпорындарында өнім сапасы мен қауіпсіздігін бағалау және ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізу;

- тамақ өндірісі кәсіпорындарында, жеке кәсіпкерлік құрылымдарда және шаруашылық субъектілерінде мал, құс, балық және ара ауруларын болдырмау, қауіпсіз және сапалы тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған зоогигиеналық талаптар мен ветеринариялық-санитариялық шаралардың сапалы жүргізілуін бағалау; 

- Қазақстан Республикасының шекаралық ветеринариялық бақылау пункттерінде  кедендік шекара арқылы өтетін жануарлардың клиникалық жағдайын бағалау;

- экспорттық-импорттық операциялар жүргізу кезінде жануарлардың тағамдық өнімдері мен шикізаттарының қауіпсіздігі мен сапасын бағалау.

  1. Конструктивті:

- жануарларды, құстарды, балықтарды, араларды өсірумен және жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін өндірумен айналысатын объектілерде ветеринариялық-санитариялық және профилактикалық шараларды ұйымдастырады;

- тамақ кәсіпорындарында мал шаруашылығы өнімдерін, құс, ара және балық шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарына ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді;

- ветеринариялық, биологиялық және экологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу мекемелері жүргізетін ғылыми бағдарламалар мен жобаларға қатынасады;

- тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апробация жүргізуге, инновациялық технологияларды енгізуге және жаңа ғылыми нұсқауларды әзірлеуге және ветеринариялық санитариялық шараларды тиімді жүргізуге қолғабыс тигізеді;

- мал, құс, балық, ара және олардың өнімдерін тасымалдағанда экспортты-импортты операциялар жүргізу үдерістерінде бақылау және қадағалау  жүргізеді;

- жануарлардың, құстардың, балықтардың және аралардың жұқпалы ауруларының алдын алуға және жоюға бағытталған эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

3. Ақпараттық технологиялар:

- Қазақстан Республикасы аумағында жануарлардың, құстардың, балықтардың, аралардың аса қауіпті ауруларының мониторингін, картографиясы мен стационарлық ошақтарын құруға қатысады және мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің уақтылы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік ветеринариялық құрылымдарда, кеден ұйымдарында және медициналық қызметте Қазақстан Республикасы мен Кеден одағы заңнамалары талаптарының орындалуын   ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті ауруларының енуінен және таралуынан қорғау туралы уақтылы ақпарат береді;

- ветеринария саласындағы есеп пен белгіленген есептілікті жүргізуді және мемлекеттік ұйымдарды уақтылы хабарлауды қамтамасыз етеді.

Дағды қалыптастыру

- жануарларды, құс, балық, ара шаруашылығымен айналысатын шаруашылық объектілерінде ветеринариялық санитариялық және зоогигиеналық шаралар жүргізу бойынша;

- экспортты-импортты операциялар жүргізу үдерісі барысында шекаралас мемлекеттер арқылы елге жануарлар, олардың өнімдері мен шикізаттары арқылы тасымалданатын жұқпалы ауруларын болдырмау;

- мал шаруашылығы, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерін өндіретін  кәсіпорындарындағы тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бағалауда;

- ветеринариялық  санитария және тағам қауіпсіздігі саласындағы заманауи әдістерді пайдаланудың тиімді салалары бойынша.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

«6В09102 - Ветеринариялық санитария».docx

62.591 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник