KazNARU
7M04125 - Іскерлік əкімшілендіру (EMBA)

Тәуекел және белгісіздік жағдайында компанияның стратегиясын қалыптастыруға қабілетті, АӨК-дегі бизнес процестерді, инновацияларды және цифрлық технологияларды тиімді басқару дағды-ларына ие жаңа формация басшыларын даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- орта және жоғары буын менеджері, оның ішінде ұлттық және халықаралық компаниялардың топ-менеджері;

- ірі және орта компаниялардағы бизнес-талдаушы;

- бухгалтерлік есеп менеджері және аудиторы;

- қаржылық талдаушы және кеңесші;

- адам ресурстарын басқару жөніндегі менеджер;

- жобалар менеджері;

- агробизнесті дамыту жөніндегі менеджер;

- мемлекеттік және жергілікті басқару органда-рының менеджері;

- АӨК кәсіпорындары бөлімшелерінің менеджері немесе маманы;

- шаруа қожалықтарының меншік иесіжәне басқарушысы;

- АӨК саласында жұмыс істейтін компанияның иесі;

- колледждердегі оқытушы.

Кәсіби қызмет саласы

- ұйымдастырушылық-басқарушылық

- өндірістік-басқарушылық

- аналитикалық

- ғылыми-зерттеу

- сараптамалық-кеңес берушілік

- білім беру (перагогикалық)

- аудиторлық

- жобалық

- оқу-әдістемелік.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- ғылыми-зерттеу институттары,

- жоғары оқу орындары,    

- мемлекеттік және жергілікті басқару органдары,

- кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-экономикалық және жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық және маркетингтік, қаржылық-аналитикалық қызметі,

- сыртқы экономикалық қызметтің бөлімшелері.

Кәсіби қызмет функциялары

- оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру және басқару;

- әр түрлі инновациялық технологиялар қолдану, өз  білімін жетілдіру және білім алушылардың кәсіби бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасау;

- есептік және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу және оны басшылардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін,  инвесторлардың, кредиторлардың, сыртқы және ішкі пайдалану-шылардың қолдануына дайындау;

- басқарудың ғылыми-әдіснамалық және ұйымдық-технологиялық базасын құруға қатысу;

- өндірісті ұйымдастыру, технологиялық үрдісті қажет ресурстармен қамтамасыз ету;

- басқару шешімдерінің тиімділігіне талдау жасау, өндірістік басқару қызметінің барлық спектрі бойынша контроллингті жүзеге асыру.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Өндірістік-басқарушылық қызметі:

- экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін шығармашылық ұжымды ұйымдастыру және оларға басшылық ету;

- кәсіпорынның,  ұйымдар мен олардың жекелеген бөлімшелерінің даму және қызмет ету стратегияларын жасау;

- мемлекеттік және муниципалдық билік  органдарының экономикалық қызметтер мен кәсіпорындар бөлімшелерін және әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдарды басқару.

2. Аналитикалық қызмет:

  • экономикалық саладағы басқару шешімдерін дайындау және қабылдау үшін ақпарат іздеу, талдау және бағалау;
  • қоғамдағы экономикалық жағдайды талдау;
  • ішкі және сыртқы ортаның өзгерістері орын ал-ған жағдайда ұйымның қызметін талдау бағыттары;

- ұйымдық даму көздерінің тиімділігін талдау және бағалау;

  • жобалық басқару үдерістерін талдау және модельдеу.

3. Жобалау:

- тапсырмаларды дайындау және белгісіздік факторын ескере отырып, жобалық шешімдерді әзірлеу;

- тапсырмалар дайындау және әдістемелік және нормативтік құжаттар әзірлеу, сондай-ақ әзірленген жобалар мен бағдарламалар бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды іске асыру;

- тапсырмаларды дайындау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің әлеуметтік-экономика-лық көрсеткіштер жүйесін жасау;

- әр түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жоспарларының экономикалық бөлімнен жасау;

әр түрлі нарықтардағы экономикалық агенттер-дің мінез-құлқының стратегиясын әзірлеу.

Дағды қалыптастыру

- ғылыми зерттеулер контекстінде жиі кездесетін біртұтас идеяларды дамыту немесе қолдануға негіз болып табылатын жоғары білім деңгейінде алынған білімін жетілдіру және көрсету;

- жаңа немесе таныс емес жағдайларда, контексте және одан да кеңірек (немесе пәнаралық) салалар шеңберінде, зерттелетін саламен байланысты проблемаларды шешуде қабілеттілігін, білімін, және түсінігін пайдалану;

- толық емес немесе шектеулі ақпараттар негізінде қиындықтармен күресу және пайымдау-лар енгізу осы пайымдаулар мен білімді қолдану  үшін этикалық әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып білімдерін біріктіру;

- өз қорытындылары мен білімін нақты және түсінікті хабарлау және оларды мамандар мен маман еместерге түсіндіру;

- оқуды өз бетінше жалғастыру.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

7М04125-Іскерлік əкімшілендіру 2024ж.pdf

4558.835 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник