KazNARU
Маркетинг

Инновациялық және сандық медианы пайдалана отырып, маркетингтік зерттеулер жүргізе алатын, бәсекелестік артықшылықтарды, брендті және компанияның позициясын жасай алатын жоғары білікті, креативті маркетологтарды дайындау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

әртүрлі деңгейдегі басқарушы-маркетологтар, оның ішінде: кәсіпорын басшысы,  маркетинг қызметінің директоры, креативті директор, арт-директор, менеджер жарнаманы стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджер, Аffiliate-менеджер;  жарнама жөніндегі менеджер, PR менеджер, жарнама агенттігіндегі клиенттермен жұмыс жасаушы менеджер, өнім бойынша маркетолог, маркетолог-сарапшы, геомаркетолог, бренд-маркетолог, трейд-маркетолог, интернет-маркетолог,  медиапланер, тренд-вотчер, геомаркетолог.

Кәсіби қызмет саласы

- кәсіпорындар, әртүрлі меншік нысанындағы және басқару деңгейіндегі ұйымдар мен мекемелер;

- мемлекеттік органдар;

- ғылыми-зерттеу мекемелері.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

бизнес-құрылымдар, өнеркәсіптік өндіріс, әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен фирмалар, мемлекеттік басқару органдары, қаржы ұйымдары, жобалау және ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік, білім беру мекемелері.

Кәсіби қызмет функциялары

- кәсіпорындарда тиімді маркетинг қызметін ұйымдастыру; 

- маркетинг кешені бойынша ұтымды шешімдерді әзірлеу және қабылдау;

- маркетингтік зерттеулер жүргізу, нарықты сегменттеу, тауарларды жылжыту;
-  маркетингтік стратегияларды, маркетинг бюджетін әзірлеу және іске асыру және тиімді коммуникацияларды пайдалану;

- маркетингтік талдау және бақылау жүргізу;

- тауар ағындарын жоспарлауды, болжауды, басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, шығындар мен пайданы бақылау;

- кәсіпорындардың маркетингтік қызметін басқару және бақылау;

- тауарлардың кең ассортименті көтерме сауда нүктелерінде жарнама арқылы өнімді жылжыту;

- өткізу стратегиясы мен тактикасын анықтау;

- зерттеулерді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін талдау;

- компания үшін маңызды көрсеткіштердің динамикасын болжау.

- оларды жақсарту үшін ұсыныстар әзірлеу.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

- экономикалық агенттердің нарықтағы мінез-құлқын, кәсіби қызмет саласындағы объектілердің даму үрдістерін әртүрлі жағынан (өндірістік, мотивациялық, институционалдық және т. б.) сыни бағалай білу;

- кәсіпорын маркетингінің тиімділігін бағалау, маркетингті басқару жүйесі, оның бюджеті, нарықтың мақсатты сегментін таңдау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау дағдыларын меңгеру;

- тиімді маркетингтік стратегиялардың нұсқаларын әзірлеу және бағалай білу.

2. Құрылымдық:

- маркетинг және сауда саласындағы білімдерді, қызметті оңтайландыру іскерліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңа идеяларды іске асыру, маркетинг бойынша стандартты емес және баламалы шешімдерді табу, жаңа идеяларды генерациялауға, сыни ойлауға қабілетті болу;

-  мәселені қалыптастыра білу, оны шешуге креативті қарау; шығармашылық қабілеттілікті дамыту әдістемелерін меңгеру; жинақталған тәжірибені шығармашылықпен қолдана білу және жаңа әдістемелерді жасай білу;

-  шығармашылық міндеттерді шешуге жоғары мотивацияның болуы, бар білімді креативті пайдалану қабілеті, басқару процесінің басқа қатысушыларының шығармашылық қызметін ұйымдастыру.

3. Ақпараттық-технологиялық:

- сауатты және дамыған сөйлеуді меңгеру, ана тілі және шет тілдерін меңгеру, қарым-қатынас технологиясы саласындағы білімді, коммуникация стратегиясын, конструктивті диалогты, көпмәдениетті, көпэтносты және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасай білуді меңгеру;

- аналитикалық және коммуникативтік дағдыларды жүзеге асыру арқылы алынған бастапқы ақпаратты өңдеу, әр түрлі көздерден ақпарат жинауды жүзеге асыруға қабілетті болу;

- кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білу, қазіргі заманғы аспаптық құралдарды пайдалана отырып бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- корпоративтік этика кодексі, келіссөздер жүргізу техникасы, сондай-ақ бизнес-коммуникация негіздері саласында берік білімінің болуы.

Дағды қалыптастыру

- кәсіби халықаралық қарым-қатынаста мамандандырылған терминология шеңберінде қалыптасқан коммуникация құралы ретінде мемлекеттік, орыс және шет тілдерінің бірін меңгеру;

- маркетингтік ақпаратты алу, сақтау, қайта өңдеу, түсіндіру бойынша ақпараттық өзара әрекеттестіктің негізгі тәсілдерін және құралдарын меңгеру;

- алға қойылған маркетингтік міндеттерді шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру;

 - библиографиялық және ақпараттық-іздеу жұмыстарын жүргізу және ол деректерді кәсіби міндеттерді шешуде, ғылыми мақалаларды ресімдеуде, ақпараттық шолулар жүргізуде, аналитикалық есептерде пайдалану;

- ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіби қызметің стандартты міндеттерін шешу;

- отандық және әлемдік азық-түлік нарығындағы орын алған  әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарды сипаттайтын көрсеткіштерді талдау және түсіндіру;

- жаңа нарықтық мүмкіндіктер табу және бизнес-идеяны тұжырымдау;

- жаңа бизнес, өнім түрлерін дамытудың бизнес-жоспарларын дайындау қабілетін жетілдіру;

- әлеуметтік-экономикалық тиімділігін тәуекелдер мен ықтимал әлеуметтік-экономикалық өлшемдерді ескере отырып ұсынылып отырған басқару шешімдерінің нұсқаларын сыни бағалау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және негіздеу;

- кәсіпорында тиімді маркетингтік қызметті ұйымдастыру;

- нарықта маркетингтік стратегияларды, өнімді орналастыру карталарын әзірлеу және енгізу, мақсатты нарықты таңдау;

- маркетинг бюджетін дайындау және бақылау;

- тиімді баға, тауар, коммуникация саясаттарын дайындау және енгізу;

 - кәсіпорындардың, брендтердің жағымды имиджін қалыптастыру және оларды отандық және халықаралық нарықтарда жылжыту.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6В04106-Маркетинг 2024ж.pdf

3880.054 KB

6В04106-Маркетинг ББ дамыту жоспары.pdf

1095.858 KB

МК КЭД 2024-2028 (каз).pdf

1146.538 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник