KazNARU
Бағалау

Кәсіби біліктілігі жоғары және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары, қазіргі заманғы экономика мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін, кәсіби қызметтің теориялық және практикалық міндеттерін шығармашылықпен шеше алатын әлеуметтік құзыреттері бар бағалау қызметі саласында бакалаврларды сапалы даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Бағдарлама түлектері жұмыс істей алады:

- жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, жерді, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды, машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарын бағалау бойынша бағалаушылар мен кеңесшілер;

- жаңа технологиялар мен инновациялардың, материалдық емес активтер мен зияткерлік меншіктің, бизнестің бағалаушылары мен кеңесшілері;

- тәуелсіз бағалау компанияларының, банк секторының, сақтандыру компанияларының, консалтингтік және жылжымайтын мүлік компанияларының, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, микрокредиттік ұйымдардың және т.б. жоғары және орта буын мамандары.

Кәсіби қызмет саласы

Маман бағалаушының кәсіби қызметі экономикалық қызметтер саласында жүреді. Бағалаушы қаржылық процестер мен есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету арқылы мүлік рыногының өміршеңдігіне ықпал етеді.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

«6B04111 - Бағалау» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр түлегі нарықтық немесе объектілерге қатысты басқа құнды анықтауға бағытталған бағалау қызметін сертификаттау негізінде қызмет жасайды.

Кәсіби қызмет объектілері: бағалау объектілерін бағалаудағы қызметтерге қажеттілікті анықтау, іскерлік байланыстарды жасау, қызмет көрсету тұтынушылармен келіссөздер жүргізу, белгіленген нысанда бағалау объектісін бағалау бойынша клиенттермен шарттар жасасу және рәсімдеу, жасалған шарттарда көзделген талаптарды сақтау және бағалау жүргізу.

Кәсіби қызмет функциялары

«6B04111 - Бағалау» білім беру бағдарламасындағы бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі функцияларын орындауға дайын болуы керек:

- бағалау объектілерін бағалау бойынша қызметтерге қажеттілікті анықтайды;

- бағалау объектісі құнының жалпы мәнін, сондай-ақ нәтижені қолданудың шектеулері мен шектерін анықтайды;

- тапсырыс берушінің өтініші бойынша бағалау қызметі туралы нормативтік және басқа құжаттарды талқылау;

- тұтынушыларға бағалау қызметін реттейтін қолданыстағы заңнама туралы, сондай-ақ бағаланатын объектілердің құнын анықтау кезінде сақталуға тиісті заң талаптары туралы түсіндіріп, жүргізіліп жатқан жұмыстарға келісімшарт негізінде басқа бағалаушыларды немесе басқа мамандарды тарту;

- құқықтық сараптама жүргізу үшін, оның мәніне әсер ететін, бәсекеге қабілеттілік параметрлерін анықтайтын бағалау мәні туралы ақпаратты талқылау;

- бағалау объектісіне нақты сипаттама беру, бағалау стандарттарына сәйкес бағалау әдістерін анықтау, бағалау объектісінің құнына әсер ететін негізгі баға факторларын анықтау, нарықтық және ұқсас объектілердің құнын зерттеу;

- болжамды бағалау кезінде қабылданған бағалау стандарттарын, оны жүзеге асыру әдістерін қолдануды негіздеу, қажетті есептеулер жүргізу;

- егер бағалау объектісін бағалау кезінде нарықтық емес, басқа да түрлері анықталса, бағалау критерийлері мен бағаланатын объектінің нарықтық құнын анықтауға қиындық туғызатын себептерді анықтау туралы шешім қабылдау;

- тапсырыс берушіге объеті оның формасы мен мазмұнына белгіленген талаптарға сәйкес бағалау туралы есеп беру;

- Қазақстан Республикасының немесе муниципалитеттердің құрамына толық немесе ішінара жататын мәміле бағалау объектілерінде тартылған жағдайда міндетті бағалау жүргізу;

- объектілерді, нарықтық немесе басқа құнды анықтауға бағытталған аттестаттау негізінде бағалау қызметін бағалау;

- белгіленген формаға сәйкес объектіні бағалау бойынша тапсырыс берушілермен шарттар жасасу;

- бағалаушылардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асыруға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушіден алынған ақпараттың құпиялығын сақтау.

Кәсіби қызмет түрлері

«6B04111 - Бағалау» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:

- зияткерлік меншікті бағалау;

- жылжымайтын мүлікті бағалау;

- жерді бағалау;

- бизнесті бағалау;

- қаржы құралдарын бағалау;

- көлік құралдарын бағалау және басқалары.

Қызметтің бағыттары:

- кәсіпкерлік;

- кеңес беру;

- ұйымдық - басқарушылық;

- аналитикалық;

- ұйымдық - технологиялық.

Дағды қалыптастыру
  • мемлекеттің қолданыстағы заңнамасы және оларға өзгертулер енгізу;
  •  әртүрлі мақсаттағы мүліктің құнын бағалау;
  •  бағалау объектілерінің нарықтық және басқа құнын анықтау;
  • бағалау компаниясын ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6В04111-Бағалау 2024ж.pdf

3815.785 KB

Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары Бағалау 2024-2028 жылдар.pdf

14457.941 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник