KazNARU
Аграрлық техника және технология

Инновациялық технологиялар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып, АӨК саласында тракторларды, машиналар мен жабдықтарды, өндірістік және техникалық пайдалануды ұйымдастыру және басқару үшін мамандар даярлау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- ауыл шаруашылық құрылымдарының барлық түрлеріндегі машина ауласының меңгерушісі;

- ауыл шаруашылығы құрылымдарының, автокөлік кәсіпорындары мен техникалық қызмет станцияларының барлық түрлеріндегі механикалық-жөндеу шеберханасының меңгерушісі;

- ауыл шаруашылығы құрылымдарының, автокөлік кәсіпорындары мен техникалық сервис кәсіпорындарының барлық түрлеріндегі жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер;

- ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық түрлеріндегі жоғары сыйымдылықты еңбекті қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер;

- ауыл шаруашылығы құрылымдары мен техникалық сервис кәсіпорындарының барлық түрлерінде машина-трактор паркін пайдалану жөніндегі инженер;

- ауыл шаруашылық білім беру мекемелерінде оқытушы;

- аграрлық техника және технологиялар бағыты бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында ғылыми қызметкер.

Кәсіби қызмет саласы

- машина-трактор паркін өндірістік және техникалық пайдалануды ұйымдастыру;

- машина-трактор паркінде жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді және сақтауды ұйымдастыру;

- машиналарды пайдалануды жақсарту жоспары мен машина пайдалану жөніндегі іс-шаралар жоспарының кестесін әзірлеу;

- машина-трактор паркін мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді басқаруды ұйымдастыру;

- мал шаруашылығы фермалары мен кешендеріне механикаландырылған және автоматтандырылған құралдарын енгізу және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

- өсімдік және мал шаруашылығындағы механикаландырылған технологияларды, машиналарды, жабдықтарын және олардың кешендерін жобалау;

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жаңа ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуді ұйымдастыру.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- барлық үлгідегі ауыл шаруашылығы құрылымдары (фермерлік, шаруа қожалықтары және олардың кооперативтері);

- машина-технологиялық станциялар (МТС);

- әлеуметтік-кәсіпкерлік кешендер (ӘКК);

- өңдеуші және жабдықтаушы кәсіпорындар мен зауыттар;

- жобалаушы және конструкторлық ұйымдар;

- көлік және технологиялық машиналардың техникалық пайдалануы мен сервисін ұйымдастыру;

- диллерлік орталықтар;

- автопарктер;

- аудандық, облыстық және республикалық ауыл шаруашылығын басқару мекемелері;

- техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары (колледждер, ЖОО);

- ғылыми-зерттеу ұйымдары (ҒЗИ).

Кәсіби қызмет функциялары

- ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің механикаландырылған өндірісін ұйымдастыру;

- ауыл шаруашылығы техникасын өндірістік және техникалық тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін машина-трактор паркін пайдалануды ұйымдастырудың операциялық технологиясын әзірлеу және іске асыру;

- ресурс және энергия үнемдейтін машиналар мен технологияларды, жабдықтар мен олардың кешендерін енгізуді қамтамасыз ету;

- өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың технологиялық процестерін іске асыру;

- машиналар, жабдықтар және олардың кешендерін, өсімдік және мал шаруашылығында механикаландырылған технологияларды әзірлеу және олардың сапалық және энергетикалық көрсеткіштерін, өндірістік-экономикалық бағалауды зерттеу;

- қауіпсіздік техникасы ережелерін және қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын бақылауды жүзеге асыру.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді инженерлік-техникалық қамтамасыз ету, сақтау және қайта өңдеу кезіндегі шығындарды бағалау;

- агроқұрылымдардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау үшін материалдарды жинау мен талдауды жүзеге асыру.

2. Конструктивтік:

- машиналардың жұмыс органдары мен тораптарын есептеу және құрастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша технологиялық карталарды жасау;

- әзірленген тораптардың, машиналар мен кешендердің, энергетикалық және экономикалық көрсеткіштерін сапалық бағалау бойынша зерттеу жұмысын жүргізу.

3. Ақпараттық технологиялар:

- өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, машиналар мен олардың кешендерін таңдау, ауыл шаруашылығы техникасын, өндіру, өңдеу және сақтау кезінде технологиялық жабдықтарды жоғары тиімді пайдалануды ұйымдастыру;

- қазіргі заманғы техниканы пайдалану және техникалық қызмет көрсету, кіріс шикізатының сапасын бақылау, өңделетін өнім мен технологиялық процестердің параметрлерін өндірісте бақылауды жүзеге асыру;

- тірі биологиялық объектілермен тікелей жанасатын машиналар мен жабдықтарды монтаждау, баптау, олардың жұмыс режимдерін және электрлендірілген технологиялық процестердің берілген параметрлерін сақтау;

- ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарының қалдықтарын пайдалану және кәдеге жарату;

- ресурстарды үнемдейтін машиналық технологиялар негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, сақтауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді ұйымдастыру;

- машиналардың, механизмдердің және технологиялық жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;

- орындаушы ұжымының жұмысын ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі талаптары аясында негізделген басқару шешімдерін қабылдау.

Дағды қалыптастыру

- қазақ және шет тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласындағы білімді, коммуникация стратегиясын, конструктивті диалог дағдысы мен дағдыларын меңгеру;

- математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық пәндердегі іргелі білімдерін көрсете отырып, дүниетанымы мен ойлау мәдениеті жоғары жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал етуге;

- кәсіби қызметке пайдалану ретінде ақпараттық технологияларды (цифрлық) қолдана білу және уақытша аспаптық құралдарды пайдалана отырып, бағдарламалаудың бастапқы дағдыларын меңгеруге;

- ресурстарды және энергия үнемдейтін машиналарды, технологияларды, жабдықтарды, кешендерді және цифрландыруды енгізуді қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясын кәсіби деңгейде қолдануға;

- қауіпсіздік техникасы ережелерін және қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын, ішкі және сыртқы нарыққа, бәсекеге қабілетті өндірісті ұйымдастырушылыққа, ауыл шаруашылығы өнімдерін бақылауға;

- кәсіби қызмет саласындағы жобаларды әзірлеуге;

- өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың технологиялық процестерін жобалауға;

- әртүрлі ауыл шаруашылығы құрылымдарының (фермерлік және шаруа шаруашылықтары, фирмалар, кәсіпорындар), машина-технологиялық станциялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік кешендердің, өңдеуші және жабдықтаушы кәсіпорындар мен зауыттардың, жобалау және конструкторлық ұйымдардың, көлік-технологиялық машиналардың, автопарктердің техникалық пайдалануы мен сервисінің қызметін, сондай-ақ аудандық, облыстық және республикалық ауыл шаруашылығын басқару мекемелерінің жұмысын ұйымдастырып істеуге.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

«6В08701 – Аграрлық техника және технология».docx

62.688 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник