KazNARU
Топырақтану және агрохимия

Топырақ құнарлылығын жоғарылатудың тиімді тәсілдері мен ауылшаруашылық дақылдарының минералдық қоректенуінің қолайлы жағдайларын жасау бойынша кәсібі дағдысы қалыптасқан топырақтанушы және агрохимик мамандарды дайындау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

топырақтанушы-агрохимик,

инженер-топырақтанушы,

агрохимик,

топырақтанушы,

агроном-агрохимик,

агроном-почвовед,

топырақтанушы-картограф,

топырақтанушы -мелиоратор,

топырақтанушы-сарапшы,

топырақтанушы-зерттеуші,

агрохимик- зерттеуші,

инженер-картограф,

топырақтанушы-агрохимик-зертханашы.

Кәсіби қызмет саласы

Ұйымдастырушылық-технологиялық:

  • республика, облыс, аудан көлемінде агрохимиялық қызмет және топырақ-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру;

Өндірістік-бақарушылық:

  • топырақтың жалпы және тиімді құнарлылықтарының деңгейлерін,    дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін, тыңайтқыштардың қасиеттерін және басқа факторларды ескере отырып, жекелеген шаруашылықтар шеңберінде тыңайтқыш қолданудың инновациялық технологияларын ауылшаруашылық өндірісінде енгізу және сынау;
  • агрохимиялық қызмет және жер кадастыры жүйелерін жетілдіру.

Эксперименттік-зерттеушілік:

Қазақстан республикасының әртүрлі топырақ-климат аймақтарында тыңайтқыштар мен мелиоранттарды қолданудың әртүрлі технологияларының әсерін бағалау бойынша далалық, вегетациялық және өндірістік сынақтар жүргізу және қою; топырақ карталары мен агрохимиялық картограммалар құрастыру; топырақ құнарлылығын ұдайы жоғарылату мен қалпына келтіру тәсілдерін және құнарлылықты басқару әдістерін жасау; топырақты, өсімдік, тыңайтқыш және мелиоранттарды талдаудың заманауи экспресс-әдістерін және топырақ карталары мен және агрохимиялық картограммаларды құрастырудың әдістерін игеру.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

ҚР АШМ ғылыми-өндірістік орталықтары, МемҒӨОжер, территориялық және жер комитеттері; қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар комитеттетері, «Агрохимиялық қызмет» республикалық, облыстық және аудандық орталықтары; фермерлік шаруашылықтар және шаруа қожалықтары, жекеменшік өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, агроөндірістік кешендер, білім беру ұйымдары, кәсіптік ғылыми-зерттеу институттары, орталықтар және т.б.

Кәсіби қызмет функциялары

- отандық және шетелдік агралық ғылым жетістіктерінің арнайы әдебиеттері мен ғылыми-техникалық ақпараттарын зерттеу;

- мамандық бағыты бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу жұмыстарын жүргізу;

-шаруашылық субъектілерінің топырақтарына агрохимиялық мониторинг және топырақ, өсімдік және тыңайтқыштарға химиялық талдаулар жүргізу;

-топырақ карталары мен агрохимиялық картограммаларды құрастыру;

-ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлерді бағалау және агроөндірістік топтастыру;

-топырақ құнарлылығын сақтау және жоғарылату бойынша шараларды жасау;

-әртүрлі меншік нысанындарындағы шаруашылықтарға тыңайтқыш қолдану жүйесі мен жоспарын құрастыру;

-әртүрлі шаруашылық субъектілеріне қолданылған тыңайтқыштар мен мелиоранттардың тиімділігін экологиялық және экономикалық жағынан бағалау;

- зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуге және қатысу;

-ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдесу;

-ғылыми зерттеулер орындау үшін серіктестер, жұмыс берушілерді тарту.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалаушылық:

Экологиялық таза өсімдік өнімдерін алу мақсатында ауылшаруашылық дақылдарының қоректенуінің қолайлы  жағдайларын қамтамассыз ету, топырақ ресурстарын тиімді пайдалану бағытында топырақ, агрохимиялық зерттеулер жасау.

2. Құрылымдық:

- агроландшафттар мен агроэкожүйелер;

- топырақтар олардың қызмет ету үрдістері мен режимдері;

- ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлер және ауылшаруашылық дақылдары;

- тыңайтқыштар және химиялық мелиорантар, топырақты қорғау құралдары және технологиялыры;

- өсімдік өнімдерін өндіру және топырақ құнарлылығын ұдайы жоғарылату технологиялары;

3. Ақпараттық-технологиялық:

Өсімдік өнімдерін өндіру және топырақ құнарлылығын қолайландыру технологияларын жасау кезінде агроэкологиялық, геоақпараттық жүйелерді пайдалану.

- топырақ ресурстарын пайдаланудың қолайлы тәсілдерін, химияландыру мен механикаландырудың құралдарының жоғары экономикалық және экологиялық технологияларының негіздеу;

- топырақтану мен агрохимияның заманауи мәселелерін, топырақ құнарлылығын жоғарылату технологияларын, экологиялық қауіпсіз өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру аясында ғылыми-технологиялық саясатты білу.

Дағды қалыптастыру

Қазақстан Республикасының топырақ-климат аймақтарының ерекшеліктеріне сәйкес топырақ және өсімдік диагностикасы, жер кадастры, топырақ бонитировкасы, тыңайтқыштарды қолданудың тиімді технологиялары мәселелеріне құзыретті болу. 

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6B08102 – Топырақтану және агрохимия ОП 2024-2028.pdf

4203.642 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник