KazNARU
Агрономия

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде және ғылыми салада іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу міндеттерін шешуге қабілетті ғылыми-педагогикалық білімі бар агрономия саласындағы PhD докторларын даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Аграрлық және биологиялық саладағы жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында педагог-зерттеуші;
мемлекеттік басқару құрылымдарының әр түрлі бөлімшелерінің басшысы;
әр түрлі меншік нысанындағы салалар мен кәсіпорындардың жетекшісі. 
 

Кәсіби қызмет саласы

Аграрлық және биологиялық бейімдегі жоғары оқу орындары: салалық ғылыми-зерттеу институттары, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау мекемелері, республикалық мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-өндірістік мекемелер; ҚР БҒМ және ҚР АШМ жүйесінің мемлекеттік кәсіпорындары; сараптамалық және прективтік мекемелер,ауыл шаруашылығы құрылымдары, әртүрлі меншік нысанындағы фирмалар мен компаниялар

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- ауылшаруашылық дақылдары мен алқаптар: дала, көкөніс-бақша, бақ-сәндік дақылдар
- богарлық және суармалы жерлер
- органикалық және минералды тыңайтқыштар
- пестицидтер, тұқым дәрілері
- зиянды организмдер (зиянкестер, аурулар және арамшөптер)
- ауыл шаруашылығы машиналары мен техникасы
-ғылыми-зерттеу зертханалары
- білім беру орталықтары
 

Кәсіби қызмет функциялары

- педагогикалық;
- ғылыми-зерттеу;
- өндірістік-басқарушылық;
- ұйымдастыру-технологиялық;
- ғылыми-сынау;
- ғылыми-енгізу;
- консалтингтік.
 

Кәсіби қызмет түрлері

Ғылыми-зерттеу:
- тәжірибе қою, зерттеу тақырыбы бойынша өңдеу, талдау және жүйелеу;
- агрономиядағы өзекті ғылыми проблемаларды және ғылыми зерттеу бағдарламаларын анықтау және тиянақтау;
- АӨК өзекті сұрақтары бойынша есептер және  ғылыми жарияланымдар дайындау.
 Педагогикалық: 
- оқу жоспарының стратегиясы негізінде оқу сабақтарын жоспарлау;
 - педагогикалық нәтижелерді бағалау;
- нақты педагогикалық міндеттерді анықтай білу, оқыту нәтижелерін алдын-ала болжай білу;
- оқыту технологиясын құру үшін тиісті оқу құралдарын іріктеп алу және пайдалану; 
- білім алушылардың оқу құралдарымен, арнайы ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушыларды өз бетінше эсперимент жүргізуге және алынған нәтижелерді жинақтауға үйрету.
Өндірістік-басқарушылық:
- әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын жүзеге асыру, дақылдарды өсіру технологиясын жақсарту тәсілдерін әзірлеу;
- кәсіпорынның шаруашылық қызметіне және оның бөлімшелеріне экономикалық талдау жасауды жүзеге асырады, 
-үнемдеу ережесін қамтамасыз ету, өндірістің рентабелділігін арттыру, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбек өнімділігі, өнім өндіру және өндірістік шығындарды азайту, өндірістік емес шығындарды жою сондай-ақ, қосымша өнім шығару мүмкіндіктерін анықтау жөнінде шаралар әзірлеу; 
- дайындалған өндірістік-шаруашылық жоспарларды қарауға қатысады; 
- кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану арқылы жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады;
- еңбекті және өндірісті ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін анықтайды, жаңа техника мен технологияны, өнертабыстық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізеді; 
- экономикалық салалар мекемелерінің даму стратегияларын әзірлеу және жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруға қатысады;
- маркетингтік зерттеулерді жүргізуге және өндірістің дамуын болжауға қатысады.
Жобалық-экономикалық:
- қаржылық инвестициялар объектілерін таңдауды жүзеге асыру, кәсіпорынның, қаржылық жоспарын және ақша қаражаттың түсу болжамын әзірлеу; 
- инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін  жүргізу; 
- инвестициялар жоспарын қалыптастыру, қаржылық талдауды жүзеге асыру; 
- айналым қаражаттарын басқаруды бақылау; 
- қаржыландыру көздерін таңдау және олардың қажеттілігін негіздеу; қаржылық инвестициялар объектілерін таңдауды жүзеге асыру;
- жаңа өнімді игеру үдерісін меңгеру.
Аналитикалық:
- ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қазіргі заманғы агротехникалық тәсілдерін өндіріске енгізу және ұйымдастыру; 
- жер, орман, су, еңбек, материалдық және басқа ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану; 
- егіншілікті жүргізудің табиғатты қорғау, экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыру және әзірлеу, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне қауіпті зиянды объектілердің болуына сараптама жүргізу;
- кәсіпорынның өндірістік-экономикалық әлеуетіне талдау жүргізу;
- кәсіпорынның даму қарқынын анықтау;
 

Дағды қалыптастыру

-отандық және шетелдік заманауи құрал-жабдықтарын іс жүзінде қолдануда;
-ғылыми-зерттеу және эсперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізуден және есеп дайындауда;  
-компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы алынған нәтижелерді өңдеуде;
- мамандық пәндері бойынша оқу сабақтарын өткізуде; 
- мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясаты, экономика және аграрлық бейіндегі мемлекеттік мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару саласында.
 

Учебный план образовательной программы

8D08101 - Агрономия каз ОП 2024-2027.pdf

3095.071 KB

Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары 8D08101 - Агрономия каз 2024-2028.pdf

738.856 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник