- Биотехнолог инженері;
- биотехнолог-өсімдік шаруашылығы бойынша селекционер;
- бал шаруашылығы бойынша биотехнолог-селекционер;
- өндірістік процестер биотехнологиясы:
- сүт және сүт өнімдерін өңдеу бойынша;
- ет және ет өнімдерін өңдеу бойынша;
- алкогольді және алкогольсіз сусындарды өндіру;
- ашытқы дақылдарын өндіру биотехнологиясы;
- биотехнологиялық фармацевтикалық өндірістер;
- химия өндірісінің биотехнологиясы;
- сервистік-пайдалану жұмысы жөніндегі инженер;
- монтаждау-жөндеу жұмыстарының инженері;
- есептеу-жобалау жұмыстарының инженері;
- ғылыми зерттеу институттарындағы ғылыми қызметкер (ҒЗЖ).
Ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, тамақ өнеркәсібі, фермерлік шаруашылықтар (мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы), фармацевтика және химия өнеркәсібі, экологиялық қызмет
- Биотехнологиялық, биологиялық, медициналық, ауылшаруашылық бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары;
- тағам және қайта өңдеу, микробиология өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары мен зертханалары;
- ауыл шаруашылығы кәсіпорындары;
- ботаникалық бақтар мен зоологиялық парктер;
- экологиялық қызметтер мен ұйымдар;
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау зертханалары.
- Бакалаврдың кәсіби қызметі биотехнологиялық процестерді басқару процесін жетілдіруге және биотехнологиялық өндірісте биотехнологиялық өнімнің сапасын бақылауға бағытталған;
- биотехнологияда қолдану мақсатында микробтық, өсімдік, жануар тектес биологиялық объектілер;
- биотехнологияда қолдану мақсатында органикалық және бейорганикалық текті биологиялық белсенді заттар, биотехнологиялық өнім өндірісін жүзеге асыру;
- биотехнология объектілерін өсіру және биологиялық іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
- биотехнологиялық өндірістің жекелеген кезеңдерін ұйымдастыру. микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар көмегімен биотехнологиялық процестерді іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- технологиялық режимдерді сақтау үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
-биотехнологиялық өнімнің технологиялық сипаттамаларын жақсарту және биотехнологиялық өндіріс процестерінің тиімділігін арттыру үшін биотехнологиялық әдістер мен процестерді жетілдіру;
- биотехнологиялық процестерді әзірлеуге техникалық құжаттама жасау;
- зертханалық және өнеркәсіптік жағдайларда қолданылатын микроорганизмдердің, жасушалық дақылдардың және олардың көмегімен алынатын заттардың қасиеттерін зерттеуге арналған аспаптар мен жабдықтар.
1. Бағалау:
- азық-түлік өнімдерінің негізгі ингредиенттерін талдауды жүзеге асыру;
- шикізат компоненттерін және дайын өнімді анықтау;
- жаңа технологиялық процестерді әзірлеу және енгізу;
- микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар селекциясы үшін бастапқы материалдарды зерттеу;
- қоршаған орта факторларының ең жоғары өнімділігіне қол жеткізу мақсатында микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың генотипіне әсерін зерттеу;
- микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар селекциясының ерекшеліктерін зерттеу;
- селекция үшін өсімдіктер мен жануарлардың әлемдік гендік қорын зерттеу;
- биотехнологиялық әдістерді енгізу арқылы селекциялық үдерістің тиімділігін арттыру және қарқындандыру.
2. Конструктивтік:
- өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді жүргізу;
- шикізат пен дайын өнімге стандарттарды жасау, оларды сертификаттармен қамтамасыз ету;
- мамандық бейіні бойынша жұмысшылар үшін жеке қорғану құралдарын таңдау.
- технологиялық процестерді зерттеу үшін өлшеу техникасын қолдану;
- электр техникалық құрылғылардың апатсыз жұмысын бақылау;
- өндірістік микроклиматтың параметрлерін, шаңдану және газдану деңгейін, шуды, дірілді, жұмыс орындарын жарықтандыруды өлшеу және бағалау.
3. Ақпараттық-технологиялық:
- машиналардың, аспаптардың және олардың бөлшектерінің эскиздері мен сызбаларын орындау;
- жалпы түрдегі сызбаларды оқу;
- жылу шығару қабілетін, жылу өткізгіштігін, жылу берілісін есептеу;
- кәсіпорындар мен әртүрлі ұйымдардың шаруашылық және коммерциялық қызметін талдау;
- маркетинг пен менеджменттің ақпараттық базасын талдау.
- Бітіруші жалпы мәдени, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттер құрылуы тиіс;
- қазіргі заманғы биотехнологиялық процестермен байланысты барлық мәселелер бойынша құзыретті болу: биотехнологиялық өнім өндірісі, әр түрлі өндірістік және технологиялық міндеттерді шешу үшін микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар селекциясы.