KazNARU
Есеп және аудит

Бұл білім беру бағдарламасының мақсаты - шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есеп, талдау және аудит саласында ұлттық экономиканың барлық салаларында кәсіби жұмысқа қазіргі заманғы зияткерлік біліктілік талаптарына сәйкес келетін жаңа формациядағы мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

-Мемлекеттік органдар, республикалық және аумақтық деңгейдегі;

- ҚР қаржы министрлігі;

- Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі;

- ҚР ұлттық банкі;

- қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігі;

- Министрліктер мен ведомстволар экономикалық қызметі;

- бюджеттік мекемелер мен ұйымдар;

- әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық жүргізуші субъектілер;

- аудиторлық компаниялар;

- консалтингілік компаниялар;

- мемлекеттік кәсіпорындар;

- ірі фирмалар мен банктер;

- контроллинг және ішкі аудит бөлімдері.

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы болып мемлекеттік органдар,  барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары және басқа да салалары.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Кәсіби  қызмет нысандары активтердің құрамы мен орналасуында және оның құралу көздерінде өзгерістер тудыратын кәсіпорын мүлкі, оның міндеттемесі, капиталы және шаруашылық операциялары, сонымен қатар, саланың ерекшелігін ескеретін, экономиканың әр түрлі саласындағы ұйымдардың қызметі: мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер мен ведомстволар, Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі), ғылыми зерттеу мекемелері, құқықтық нысаны мен ұйымдастыру  түріне тәуелсіз ұйымдар мен фирмалар бола алады.

Кәсіби қызмет функциялары
  • есептік және статистикалық ақпараттарды жинақтау, мәліметтерді өңдеу және оны басқару шешімдерін қабылдауы үшін басшылардың, инвесторлардың, кредиторлардың, ішкі және сыртқы пайдаланушылардың қолдануына дайындап беру;
  • бағаның қалыптасуы, инвестициялар және өндірістің әдістері бойынша балама шешімдерді бағалау және талдау;
  •  ұйымдардың қызметтерін жалпы бақылау және басқару;
  • бухгалтерлік есептің жүргізілуінің заңдық нормативтік актілерге сәйкес келуін тексеру, сонымен қатар кеңес беру қызметін көрсету (аудиторлық және кеңес беру қызметтері);
  • ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік  есепті жүргізу және қаржылық  есептілікті құрастыру;
  •  шоғырландырылған қаржылық есепті құрастыру;
  • салықтық есептілікті құрастыру және салықтар  бойынша  декларация толтыру;
  •  бухгалтерлік есепті  қалпына келтіру және ХҚЕС стандартына көшіру;
  • бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік актілерді жасақтау (нормативті-әдістемелік қызмет).
Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

- бухгалтерлік есепті кәсіби ұйымдастыру, экономикалық қызметті ұйымдастырдың практикалық мәселелерін шешу,;

- нормативтік - құқықтық актілерді және пайдаланушылардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында есептік ақпаратты ашу үшін халықаралық стандарттар пайдалану;

- есепті  аналитикалық өңдеу және есептік ақпаратты мақсатында басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;

2. Конструктивтік:

- тапсырмаларды шешудің жаңа әдістерін, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелері тұжырымдайды және шешеді;

- ұйымдарда есептік процестерді ұйымдастыру, есептік ақпаратты өңдеу, есептік регистрлерімен және бухгалтерлік есептің нысандарын, сондай-ақ есеп саясатын әзірлеу;

3. Ақпараттық-технологиялық:

- бухгалтерлік есеп жүргізу әдістемесін меңгеру және ұлттық және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес ұйымының қаржылық есептілігін жасау;

- басқару және қаржылық шешімдерін қабылдау.

Дағды қалыптастыру
  • мемлекеттің қолданыстағы заңдылықтарын және оларға енгізілген өзгерістерге;
  • елдің мемлекеттік экономикалық және елдің әлеуметтік саясатына;
  • кәсіби этикаға;
  • экономика салаларындағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктеріне;
  • ұйымдардағы аудит пен бақылауды ұйымдастыруға.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6В04103-Есеп және аудит 2024ж.pdf

4844.832 KB

Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары Есеп және аудит 2024-2028.pdf

3618.196 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник