KazNARU
Жеміс-көкөніс шаруашылығы

Жеміс-көкөніс шаруашылығы,  жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және қайта өңдеу саласында заманауи ғылыми-практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын бәсекеге қабілетті, құзіретті кәсіби кадрларды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- инженер – бағбан;

- көкөністерді жылыжай өндіру бойынша агроном;

- тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном;

- агроном – биоинженер;

- агроном жүзім өсіруші;

- агроном көкөніс өсіруші;

- тұқым шаруашылығы жөніндегі инспектор;

- биотехнолог – жеміс-көкөніс өсіруші (бақ өсіруші);

- аудандық, облыстық ауқымдағы агрономиялық бейіндегі және ҚР АШМ басшылық лауазымдар.

Кәсіби қызмет саласы

Ұйымдастырушылық-технологиялық:

  • жеміс-көкөніс өнімдерін өсірудің технологиялық процесін ұйымдастыру, жеміс-көкөніс шаруашылығын жүргізуге жарамды  жер ресурстарын зерттеу;

Өндірістік-басқару:

- топырақтың құнарлылығын және өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеміс-көкөніс дақылдары мен жүзімді өсірудің инновациялық технологияларын сынақтан өткізу және ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу.

Эксперименттік-зерттеу:

- көкөніс дақылдары сорттары мен будандарына тыңайтқыштардың, пестицидтердің, өсу процестерінің стимуляторлары мен ингибиторларының танаптық, вегетациялық және өндірістік сынақтарын қою және жүргізу;

- жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалдарын көбейту үшін көшеттіктерде жұмыс жүргізу;

- жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру кезінде қазіргі заманғы машиналар мен жабдықтарды пайдалану;

-экологиялық таза жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді және оның биологиялық сапасын бақылауды жүзеге асыру.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- ұйымдар, кәсіпорындар: агро-өнеркәсіптік кешеннің республикалық, облыстық, аудандық мемлекеттік мекемелері;

- акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ауыл шаруашылығы бағытындағы фирмалар;

- фермерлік, жеке, ұжымдық шаруашылықтар;

-ауыл шаруашылығы саласындағы эксперименттік-зерттеу мекемелері;

- жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және қайта өңдеу кәсіпорындары;

- жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің (бақ дақылдарының) сорттарын сынау жөніндегі мекемелер;

- өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі мекемелер;

- агрохимиялық қызмет мекемелері;

- биотехнологиялық, биологиялық, ауыл шаруашылығы бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары;

- ауылшаруашылық тәжірибе станциялары;

- бау-бақша ғылыми-зерттеу мекемелері.        

Кәсіби қызмет функциялары

Өндірістік-технологиялық қызмет саласында:

- ғылым жетістіктері мен өндірістік тәжірибелерді ескере отырып, жеміс-көкөніс және жидек дақылдарын өсірудің заманауи агротехникалық тәсілдерін өндіріске енгізу және ұйымдастыру, технологиялық операциялардың мүлтіксіз сақталуын, жеміс-көкөніс өнімдерін орналастыру, сақтау және қайта өңдеу және басқа да шаруашылық жұмыстарын бақылау;

- жоғары сапалы жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру және халықты жыл бойы қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру және іске асыру;

- бақ  және жүзім плантациясын отырғызу бойынша агротехникалық іс-шараларды, өсіру жүйесін жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру;

- егістіктің оңтайлы фитосанитарлық жағдайын жасау үшін зиянды организмдермен күресу;

- жаңа биотехнологиялық процестерді әзірлеу және енгізу.

Ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

- жеміс шаруашылығында, көкөніс шаруашылығында, жаңғақ шаруашылығында, өсімдіктерді қорғауда, мелиоративтік жұмыстарды, жеміс және көкөніс өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуде, биотехнологияда технологиялық процестерді ұйымдастыру және басқару.

Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:

- өсірілетін жеміс-көкөніс дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруға агротехникалық тәсілдердің әсерін анықтау бойынша өндірістік тәжірибелер мен эксперименттік зерттеулер жүргізу;

- жеміс-көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуына көзбен шолып бақылау және есеп жүргізу;

- гербицидтерді, фунгицидтерді және пестицидтерді пайдалану кезінде жеміс-көкөніс өнімдерінің агроэкологиялық қауіпсіздігін есепке алу және бақылау;

- биологиялық объектілердің тіршілік әрекетінің қасиеттері мен процестерін эксперименталды зерттеу;

 жеміс-көкөніс дақылдарының биотехнологиялық процестерін зерттеу.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау - жеміс-көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи агротехникалық тәсілдерін өндіріске енгізу және ұйымдастыру ретінде агроном қызметінің негізгі мазмұнын нақты ұғыну:

- жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру, сақтау және сату бойынша қаржылық және еңбек ресурстарының есебін жүргізе білу; жер, су, орман, еңбек, материалдық және басқа да ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану;

- жеміс және көкөніс дақылдарын өндіруді, егістерін орналастыруды ұйымдастыру, облыс, аудан көлемінде  отырғызу материалымен, өнімді  сақтаумен, қайта өңдеумен және өткізумен қамтамасыз ету, жеміс-көкөніс өнімдеріне қауіпті зиянды объектілердің болуына сараптама жүргізу жұмыстары бойынша дағдысы болуы керек;

- жеміс-көкөніс шаруашылығында биотехнологиялық үрдістерді ұйымдастыра білу.

2. Конструктивтік: - көкөніс шаруашылығында, жеміс көшеттіктерінде және қорғалған топырақта дақылдарды кезектестіру сұлбаларын жасай білу, жеміс, жидек және көкөніс дақылдарының жоғары өнімдерін алуға мүмкіндік беретін прогрессивті технологиялық тәсілдерді сынақтан өткізу және енгізу және жер және топырақ-климаттық ресурстарын ескере отырып, фермерлік және басқа да шаруашылықтар үшін өнімді сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді ұйымдастыру;

- инновациялық технология элементтерін енгізе отырып жеміс-көкөніс дақылдарын өсірудің технологиялық картасын құру;

- шаруашылықтардың тұқымға, тыңайтқыштарға, пестицидтерге, ЖЖМ, ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдарына қажеттілігін есептеу;

 - ауыл шаруашылығы машиналарын, жабдықтарын реттеу көкөніс дақылдарының тұқымдарын себу мөлшерін, тыңайтқыштардың, пестицидтердің себу мөлшерлерін, суару мөлшерін және т. б. анықтау;

- сақтау қоймаларында жеміс-көкөніс өнімдерін дұрыс және уақтылы жинаудан кейінгі тауарлық өңдеуді ұйымдастыру;

- биотехнологиялық процестерді әзірлеуді және өсімдік ретіндегі биотехнологиялық өнімді өндірістік алуды қамтамасыз ету;

- жеміс-көкөніс дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығында биотехнологиялық әдістерді қолдануды ұйымдастыру.

3. Ақпараттық-технологиялық: ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын әзірлеу шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озық технологиясының әр түрлі көздерінен ақпарат жинауды, өсімдік шаруашылығындағы селекцияға, биотехнологияға қол жеткізуді, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасына МЕМСТ-ның талаптарын, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын анықтау әдістерін, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологияларын қолдана білу;

- шаруашылықтың бизнес жоспарын құра білу;

- топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және эрозиядан қорғау жөніндегі агротехникалық іс-шаралар жүйесін жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру;

- танаптардың фитосанитарлық жағдайын бағалау және болжау;

- халықаралық және ішкі қызмет нарықтарында ауыл шаруашылығы 

өнімдерін халықаралық және ішкі ауқымды жылжытудың экономикалық негіздері саласындағы білімді иелену негізінде даму бағдарламаларын әзірлеу қабілеті;

-  кәсіпорын (ұйым) қызметінің тиімділігін арттыру, инвестицияларды тарту, қызмет көрсету саласын және т. б. кеңейту мақсатында нарыққа маркетингтік зерттеулер жүргізе білу.;

- кәсіби қызметте мемлекеттік, орыс, ағылшын (және тағы бір еуропалық немесе азиялық тілді, арнайы ауыл шаруашылығы терминдерін еркін меңгеруді қоса алғанда, қолдану дағдысы болу;

- кәсіпорынның қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, оның ішінде ақпараттық ағындарды, сондай-ақ уақытша және өзге де ресурстарды басқару дағдысының болуы;

- корпоративтік этика кодексі, келіссөз жүргізу техникасы, сондай-ақ бизнес-коммуникация негіздері саласында мықты білім алу.

Дағды қалыптастыру

- нақты жылдың қалыптасқан ауа райы жағдайларын ескере отырып, агротехникалық әдістерге түзетулер енгізу кезінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелерін шешуде;

- жақын және алыс шетелдердің отандық және әлемдік жетістіктерін ескере отырып, жеміс-көкөніс дақылдарын өсірудің, өнімді сақтаудың және өңдеудің озық прогрессивті технологиясын қолдануда;

- құқықтық мәселелерде ұжымда және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілермен туындайтын дауларды шешу үшін.

Учебный план образовательной программы

6В08103 –Жеміс-көкөніс шаруашылығы ОП 2024-2028.pdf

3767.582 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник