KazNARU
Экономика

экономиканың барлық салаларының әртүрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің тиімді шешімдерін қабылдауға қабілетті, экономика саласында кәсіби білімі, шеберлігі мен дағдысы бар жаңа формациядағы мамандарды даярлау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

экономист;

бас экономист;

жоспарлау бөлімінің бастығы;

жетекші экономист.

Кәсіби қызмет саласы

мемлекеттік органдар;

барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдар;

нарықтық инфрақұрылым бөлімдеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары;

ғылыми-зерттеу мекемелері.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

қызмет түрінен, меншік формасынан, қатысушылар санатынан (ҚР-ның резиденттері және резиденттері емес), және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарынан тәуелсіз ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері; республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар; ғылыми-зерттеу институттары; бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім беру мекемелері.

Кәсіби қызмет функциялары

- ұлттық экономика салаларын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

- кәсіпорынды басқару және оның нарықтық стратегиясын қалыптастыру бойынша қызметтерді ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру;

- барлық бөлімшелердің, оның ішінде: жоспарлау, болжам жасау, шығындарды және материалдық-техникалық жабдықтауды, логистиканы, өткізуді басқару қызметтерін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;

- өндірістік бағдарламаларды, жобаларды, кәсіпорынның дамыту стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау және жүзеге асыру;

- жұмыс күшін қамтамасыз ету шығындарын жоспарлау, еңбекті нормалау және ұйымдастыру бойынша аналитикалық есептеулер жүргізу, жалақы төлеу және еңбекке ақы қорын бөлуді есептеу әдістерін жетілдіру;

- халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан жоспарлауды, жобаны, жобаға дейінгі құжаттарды сараптау бойынша жұмыстарды басқару;

- шаруашылық субъектілерінің есептерінде кездесетін экономикалық талдауды және қаржылық, бухгалтерлік және өзге де ақпараттарды түсіндіруді жүзеге асыру және алынған ақпараттарды басқару шешімдерін қабылдау үшін  пайдалану;

- негізгі құралдар, қорларды басқару, шығындарды басқару, кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау бойынша типтік әдістер мен қолданыстағы нормативтік-құқықтық база негізінде аналитикалық есептер жүргізу;

- материалдық және материалдық емес өндіріс саласына жаңалық (инновация) енгізу және экономикалық тұрғысынан негіздеу;

- экономика-ұйымдық және басқарушылық қызметтің барлық түрлерін бақылауды жүзеге асыру;

- қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану стандарттары мен нормаларының сақталуына бақылау жүргізу.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

- кәсіби қызмет саласындағы экономикалық агенттердің мінез-құлқын, объектілердің дамыту тенденцияларын жан-жақты (өндірістік, мотивациялық, институционалдық және т.б.) сынап бағалауға қабілетті болу;

- шаруашылық субъектілерінің қызметінің тиімділігін бағалау, олардың қаржылық жағдайын, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау дағдыларын меңгеру;

- тиімді шаруашылық шешімдердің нұсқаларын әзірлеу және бағалай білу.

2. Құрылымдық:

- инновациялық қызмет саласында бойынша білімді, кәсіби қызметті өзгерту дағдылары мен ептілікті, авторлық новаторлық идеяларды жүзеге асыруды, стандартты емес және балама шешімдерді табуды, жаңа идеяларды тудыруға қабілетті болуды, сыни ойлауды меңгеру;

- проблеманы тұжырымдай білу, оны ұтымды шешу; шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістерін меңгеру; жинақталған тәжірибені ұтымды пайдалануға қабілеті болу және жаңа әдістерді шығару.

 - стандартты ұсынылған схема бойынша ғана әрекет етпей шығармашылық міндеттерге қызығушылық таныту.

- шығармашылық міндеттерді шешуде жоғары мотивацияның болуы, білімін ұтымды пайдалану мүмкіндіктері, басқарушылық үдерістегі басқа қатысушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастыру

3. Ақпараттық технологиялық:

- сауатты және жетік сөйлей білу, ана тілін және шет тілдерін меңгеру, қарым-қатынас технологиясы саласында білімді болу, коммуникация стратегиясын, сындарлы диалог дағдылар мен ептіліктерін меңгеру, көпмәдениетті, көпұлтты және көпконфессиональды қоғамда қатынаста болу;

-   әртүрлі дереккөздерден ақпаратты жинай білу, аналитикалық және коммуникативтік жаңалықтарды енгізу арқылы алынған алғашқы ақпаратты өңдеу;

- ақпараттық технологияларды кәсіби қызметте қолдану және жарата білу, заманауи аспаптық құралдарды пайдалана отырып бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- корпоративтік әдеп кодексі саласында,  келіссөздер  жүргізу техникасында, сондай-ақ іскерлік қарым-қатынас негіздері бойынша іргелі білімді болу.

Дағды қалыптастыру

- кәсіби халықаралық қарым-қатынаста мамандандырылған терминология шеңберінде қалыптасқан коммуникация құралы ретінде мемлекеттік, орыс және шет тілдерінің бірін меңгеру;

- ақпаратты алу, сақтау, қайта өңдеу, түсіндіру бойынша ақпараттық өзара әрекеттестіктің негізгі тәсілдерін және құралдарын меңгеру;

- алға қойылған экономикалық міндеттерді шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру;

 - библиографиялық және ақпараттық-іздеу жұмыстарын жүргізу және ол деректерді кәсіби міндеттерді шешуде, ғылыми мақалаларды ресімдеуде, ақпараттық шолулар жүргізуде, аналитикалық есептерде пайдалану;

- ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіби қызметің стандартты міндеттерін шешу;

- Қазақстанда және шетелде әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарды микро - және макро деңгейде сипаттайтын көрсеткіштерді талдау және түсіндіру;

- ұйымның  қаржылық-шаруашылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің (бизнес- жоспарын) жобаларын жасау;

- үнемдеу тәртібін қамтамасыз ету бойынша, өндірістің рентабелділігін, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру шараларын әзірлеу;

 - жаңа нарықтық мүмкіндіктер табу және бизнес-идеяны тұжырымдау;

- бизнес-план құру қабілетін жетіліру және жаңа ұйымдарды дамыту (қызметтер, өнімдер бағыттары);

- әлеуметтік-экономикалық тиімділігін тәуекелдер мен ықтимал әлеуметтік-экономикалық өлшемдерді ескере отырып ұсынылып отырған басқару шешімдерінің нұсқаларын сыни бағалау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және негіздеу

Учебный план образовательной программы

6В04101-Экономика 2024ж.pdf

3691.636 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник