KazNARU
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі цифрлық технологиялар

Студенттердің нақты егіншілік және ақылды ферма қағидаттарына негізделген агроөнеркәсіптік саладағы, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын техникалық қамтамасыз ету саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы білімдерін, практикада қолдану тәсілдерін меңгеру

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық түрлеріндегі машина ауласының меңгерушісі;

- ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық саласы бойынша, автокөлік кәсіпорындары мен техникалық сервис станцияларының, жөндеу-механикалық шеберханасының меңгерушісі;

- ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық типтеріндегі бақылау мен басқарудың, цифрландырудың  еңбекті қажетсінетін процестерін механикаландыру жөніндегі инженер;

-ауыл шаруашылығы құрылымдары мен техникалық сервис кәсіпорындарының барлық типтерінде машина-трактор паркін пайдалану жөніндегі инженер;

- ауыл шаруашылық білім беру мекемелеріндегі қызметкер;

- аграрлық техника және технология бағыты бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы ғылыми қызметкер.

Кәсіби қызмет саласы

- барлық түрдегі ауыл шаруашылығы құрылымдары (фермерлік және шаруа қожалықтары);

- машина-трактор паркін өндірістік және техникалық пайдалануды ұйымдастыру;

- машина-трактор паркін жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сақтауды ұйымдастыру;

- машина пайдалану жоспары мен кестесін әзірлеу, машиналарды пайдалануды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары;

- сандық технологияға негізделген ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану;

- "Ақылды технологиялар" және қазіргі ІТ-технологияларға негізделген АӨК-нің қазіргі заманғы объектілерін жобалау;

- мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінде механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

- өсімдік және мал шаруашылығындағы механикаландырылған технологияларды, машиналарды, жабдықтар мен олардың кешендерін жобалау.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- АӨК-де сандық технологияны пайдаланатын ұйыммен байланысты мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер, әкімдіктер, сондай-ақ олардың өңірлік құрылымдары мен бөлімшелері);

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, есепке алу және жіберу, жер, орман және су ресурстарын есепке алу, ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануда сандық технологияны пайдаланатын мониторинг саласындағы консалтингтік компаниялар;

- АӨК-де сандық технологияларға негізделген инфрақұрылым объектілері;

- сандық технология бойынша мамандарды дайындаумен айналысатын оқу орындары;

- АӨК-де сандық технологиялар бойынша мәселелерді шешумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Кәсіби қызмет функциялары

- сандық технологияларды пайдалана отырып, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұйымдастыру;

- дәл егіншілік негізінде ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін машина-трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру, операциялық технологияны әзірлеу және іске асыру;

- жұмыстардағы және робототехникалық құрылғылардағы жетекті жобалау және баптау;

- - зияткерлік жүйелерді жобалау және пайдалану үшін заманауи бағдарламалық құралдарды қолдану;

- тақырыптық картографиялау және геокодтау тәсілдерін пайдалану;

- қауіпсіздік техникасы ережелерін және қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын бақылауды жүзеге асыру.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

- әр түрлі салаларда және жалпы АӨК-де сандық технология деңгейін бағалау;

- ІТ-технологияны пайдаланудың нақты жағдайына негізделген талдау негізінде;

 - материалдық және кадрлық қамтамасыз етуді бағалау, сондай-ақ АӨК-де озық тәжірибені пайдалану арқылы сандық технологияның дамуына негізделген болжау;

- АӨК кәсіпорындарында сандық технологияны дамытудың дамушы бағыттарын анықтау және бағалау дағдысының болуы;

- сандық технологияларды пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді инженерлік - техникалық қамтамасыз ету, сақтау және қайта өңдеу бойынша шығындарды бағалау;

- сандық технологияларды пайдалана отырып, агроқұрылымдардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау үшін материалдарды жинау мен талдауды жүзеге асыру.

2. Конструктивтік:

- АӨК-де машина-трактор агрегатын, технологиялық процесті басқарудың заманауи жүйелерін пайдалану;

- сандық технологияға негізделген ауыл шаруашылығы техникасын өндірістік және техникалық пайдалануды басқару;

- қызметтер мен тауарларды өткізу арналарын қалыптастыру және жетілдіру;  

- өнім сапасын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік қызметінің сапа менеджменті жүйесін пайдалану;

- әзірленген бөліктердің, машиналар мен кешендердің сапалы, энергетикалық және экономикалық көрсеткіштерін бағалау бойынша зерттеу жұмысы.

3. Ақпараттық-технологиялық:

- АӨК түрлі объектілерінен ақпарат жинау, аналитикалық және коммуникативтік дағдыларды жүзеге асыру жолымен алынған бастапқы ақпаратты өңдеу;

- ақпараттық жүйелердің әр түрлі компоненттерін жобалау және әзірлеу;

- ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын инсталляциялау, конфигурациялау және әкімшілендіру;

- ақпараттық жүйелердің деректер базасын жобалау және басқару;

- ақпараттық жүйелер мен олардың элементтерін ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етуді сүйемелдеу;

- пайдаланушылардың сұраныстарын талдау негізінде кәсіби қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптары мен маманданымдарын, пәндік сала модельдерін және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін әзірлеу;

- ақпараттық жүйелер компоненттерінің архитектурасын жобалау;

- аппараттық-бағдарламалық кешендердің адам-машиналық интерфейсін жобалау;

- заманауи әдістер, құралдар және жобалау технологиялары негізінде ақпараттық жүйелердің математикалық, лингвистикалық, ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етілуін автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану арқылы жобалау,

Дағды қалыптастыру

- ауыл шаруашылығы техникасын басқару, сала өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықтарын және цифрлық технологияларды пайдалана отырып агротехникалық сервисті баптау;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен сервис орталықтарының жобаларын әзірлеуде компьютерлік техника мен технологияны қолдану;

- сандық технологияларды пайдалана отырып, кәсіпорынның өндірістік циклінің шикізат және дайын өнім сапасын бақылау;

- цифрландыру жүйелерін жобалау, монтаждау, баптау, жөндеу және пайдалану.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

«6В08703 –Агроөнеркәсіптік кешеніндегі цифрлық технологиялар».doc

205.824 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник