KazNARU
Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

Қазіргі заманғы экономика мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін, кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігі бар, тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтанудың сүт, ет және балық саласының кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- Инженер-технолог;

- Сүт консервілеерінің технологы;

- Сүт өңдеу технологы;

- Ірімшік өндірісінің технологы;

- Балық өнімдерінің технологы;

- Теңіз өнімдерінің (балықтан басқа) технологы;

- Шұжық өндірісінің технологы;

- Консерві жасау өндірісінің технологы;

- Ірі қара малды қайта өңдеу технологы;

- Медициналық препараттардың технологы;

- Химик - технолог.

Кәсіби қызмет саласы

Азық - түлік өнімдерінің өндірісі: шикізат пен дайын өнімнің технологиясы, ұйымдастыру, басқару және сапасын бақылау; қоғамдық тамақтану өнімдері; жобалау институттары; ғылыми-зерттеу ұйымдары; әр түрлі нысандар мен меншік түрлерінің кәсіпорындары; білім беру қызметі.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Азық-түлік өнімдерін өндіру (технология, ұйымдастыру, басқару және бақылау) өндірісі: ет, сүт, ет-сүт өнімдері; балық, балық өнімдері; консервілер мен азық-түлік концентраттарын өндіру үшін жануарлар мен өсімдік тектес шикізат; өсімдіктер мен жануарлардан алынатын май, эфир майлары; қоғамдық тамақтану өнімдері, жобалау институттары, ғылыми-зерттеу ұйымдары; әр түрлі нысандар мен меншік түрлерінің кәсіпорындары; білім беру мекемелері.

Кәсіби қызмет функциялары

Тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында технологиялық процесті ұйымдастыру және басқару; тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу; шикізат, қоғамдық тамақтану өнімдері мен дайын өнімдер мен бұйымдарды технико-химиялық бақылау; стандарттар талаптарына сай келетін жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруды қамтамасыз ету; жұмыс ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру және басқару шешімдерін қабылдау; қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік гигиена, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт және жарылыс қаупін ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық құралдарын және өндірістік қызметін талдау; техникалық-экономикалық көрсеткіштер мен маркетингтік қызметті талдау.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

- агроөнеркәсіптік кешенде әртүрлі салаларда цифрлық технологияның деңгейін объективті бағалайды;

- озық практикаларды қолдана отырып, материалды-техникалық қамтамасыз етуді бағалау, сондай-ақ АӨК-тегі цифрлық технологияларды дамытуда ақылға қонымды болжау;

- агроөнеркәсіптік кешендегі азық-түлік өнімдерінің жағдайын объективті бағалайды және нақты даму тенденцияларын анықтайды

- агроөнеркәсіптік кәсіпорындар үшін цифрлық технологияларды дамытудың перспективалы бағыттарын талдай білу және бағалау.

2. Конструктивті:

- азық-түлік өнімдерін өндіруде технологиялық процесті компьютерлік бақылаудың заманауи жүйелерін қолдану дағдыларын меңгеру;

- тамақ өнімдерін өндіру технологиясын басқару, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың негізінде жабдықты пайдалану дағдылары;

- техникалық және экономикалық көрсеткіштерді және маркетингтік қызметті талдауды жүргізе білу;

- ИСО құжаттарымен, HACCP-мен жұмыс істеу дағдысы бар

3. Ақпараттық технологиялар:

- агроөнеркәсіптік кешеннің түрлі нысандарынан ақпарат жинауға, аналитикалық және коммуникативтік дағдыларды енгізу арқылы алынған алғашқы ақпаратты өңдеуге;

- ақпараттық жүйелердің әртүрлі компоненттерін жобалау және дамыту;

- ақпараттық жүйелердің деректер қорын жобалау және басқару;

- ақпараттық жүйелерді және олардың элементтерін ақпараттық, бағдарламалық қамтамасыз етуді, техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді қолдау;

- пайдаланушы сұраныстарын, домендік үлгілерін және техникалық мүмкіндіктерін талдау негізінде кәсіби қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптарын әзірлеу және нақтылау.

Дағды қалыптастыру

Еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік нормалары, өнеркәсіптік санитария және өрттен қорғау, тамақ өнеркәсібінде қолданылатын ҚР заңнамалық және нормативтік актілерін қолдану мәселелерінде білікті болу; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін реттейтін нормативтік құжаттарды білу керек.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

«6B07207-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы».docx

79.644 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник