KazNARU
Логистика (сала бойынша)

Көліктік қызмет көрсету саласында теориялық, практикалық және басқару дағдыларын меңгерген, тез өзгеретін ақпараттық технологиялар мен бәсекелес орта жағдайында логистикалық сектор үшін білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- Көліктегі логистика жөніндегі маман;

- Жолаушылар көлігі инфрақұрылымын дамыту жөніндегі маман;

- Мультимодальдық тасымалдар жөніндегі маман;

- Көлік-логистикалық орталықты басқарушы;

- Жеткізу тізбегінде жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер;

- Логист;

 - Менеджер логист;

- Логистика бөлімінің бастығы;

 - Көліктік-экспедициялық агенттік бастығы;

 - Жолаушылар тасымалы қызметінің бастығы;

- Автомобильдік жүк тасымалдарына қатысатын персоналды даярлау Оқу орталығының жетекшісі;

 - Автокөлік компаниясының жетекшісі.

Кәсіби қызмет саласы

Бітірушінің кәсіби қызметінің бағыттары:

- жоспарлау;

- жабдықтау;

- ұйымдастыру;

- құнына, сапасына, орындалу мерзіміне, экологиясына, қауіпсіздігіне және тіршілік әрекетіне қойылатын талаптарды ескере отырып саланың логистикалық жүйелерінің жұмысын басқару және бақылау.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Логистикалық жүйелер мен технологиялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпорындар, ұйымдар, акционерлік қоғамдар, логистикалық орталықтар және әр түрлі меншік нысанындағы корпорациялар. Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының логистика бөлімдері, өндірістік, дайындау, жабдықтау-өткізу, көлік және сауда ұйымдарының логистика департаменттері мен қызметтері, логистикалық жүйелер мен технологияларды дамытумен айналысатын ғылыми-зерттеу және жобалау кәсіпорындары, соның ішінде жоғары және орта арнайы білім беру мекемелері.

Кәсіби қызмет функциялары

Бітірушілердің кәсіби қызметінің негізгі функциялары –  клиенттермен және жеткізушілермен жұмыс істеу, құжаттарды дайындау, оларды жүйелеу және тізілімдерді қалыптастыру. Сондай-ақ, логисттің міндетіне тапсырысты қалыптастыру және орналастыру бойынша ұйымдастыру мәселелерін шешу, қойманың және көлік қызметінің жұмысын үйлестіру, сату бөлімімен сатып алуды болжау және жүк маршруттарын салу, қорларды басқару кіреді. Сонымен қатар, логист шетел тілдерін білуі, контрагенттермен және жүргізушілермен келіссөздер жүргізуге қабілетті болуы, өз жұмысында ақпараттық технологияларды сауатты пайдалана білуі тиіс. Логистика саласындағы кәсіпқой барлық бизнес-үдерістерді, жеткізу тізбегін кешенді түрде көрсетіп, оларды ұтымды оңтайландыру бойынша шешімдер табуы тиіс.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалаушылық:

- жүкті жеткізуге мүмкін болатын барлық шығындарды қысқарту;

- өнім өндіру үшін материалдық қорларға қажеттілікті анықтау;

- материалдық құндылықтарды сатып алудың мерзімі мен көлемін анықтау;

- өндірістік үдеріс үшін материалдық ресурстарға қажеттілікті есептеу;

- логистикалық жүйенің көлік шығындарын есептеу.

2. Конструктивтік:

- үдерісті басқару және экспедиторларды, жүргізушілерді, жүк тиеушілерді бақылау;

- тауарды жеткізу, тиеу және түсіру, жолаушыларды тасымалдау маршруттарын жасау;

- ГЛОНАСС арқылы тауарларды жеткізу және адамдарды тасымалдау;

- қорлар топтарының айналымдық көрсеткіштерін есептеу, оларды алдыңғы кезеңдердің көрсеткіштерімен (нормативтермен) салыстыру;

- қойманың және оның элементтерінің жұмысын ұйымдастыру;

- қойма үй-жайларына қажеттілікті анықтау, қойма алаңын есептеу, қойма шығындарын есептеу және бағалау;

-көтеру-тасымалдау жабдықтарын таңдау, қоймада жүк өңдеуді (тиеу, тасымалдау, қабылдау, орналастыру, салу, сақтау) ұйымдастыру;

3. Ақпараттық-технологиялық:

- коммуникабельділік;

 -жеткізушілермен, клиенттермен және қызметкерлермен қарым-қатынас жасау;

- жақсы ұзақ мерзімді және жедел жады, бөлшектерге, сандарға, символдарға, белгілерге және т. б. назар аударудың жетілгендігі;

- математикалық қабілеттер;

- дамыған кеңістіктік ойлау және қиял;

- ұзақ уақыт бойы бір затқа зейін қою, әрекеттің белгілі бір түрімен айналысу қабілеті, сондай-ақ әрекеттің бір түрінен екіншісіне жылдам ауысу қабілеті;

 - ұзақ уақыт бойы әрекеттің біртекті түрімен айналысу қабілеті;

 - құжаттармен және сандармен жұмыс істеуге бейімділік;

 - күйзеліске (стреске) жоғары тұрақтылық;

- техникалық дайындық (дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары).

Дағды қалыптастыру

Логистикадағы құзыреттіліктің негізгі деңгейлеріне жататындар:

- операциялар – әрбір функция шеңберінде орындалатын және логистиканың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған негізгі жұмыс түрлері;

- функциялар – логистикадағы мамандандырудың түпкілікті жетістік үшін маңызға ие дәстүрлі салалары;

- функционалдық цикл (тапсырысты орындау циклі) – логистиканың операциялық құрылымы;

- әмбебап үдерістердің табысты жүзеге асуы үшін өмірлік маңыз бар қызмет салалары.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6В11302 – Логистика (сала бойынша).docx

67.274 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник