KazNARU
Өсімдік қорғау және карантин

Өсімдікті қорғаудың инновациялық әдістеріне негізделген ауылшаруашылық дақылдарды зиянды организмдерден қорғау шараларының кешенін орындай алатын жоғары білікті мамандарды даярлау 

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Университет және колледж оқытушысы, зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми және өндірістік құрылымдарының басшысы, фитосанитарлық диагностика және болжау орталықтарының, өсімдіктер карантині мен токсикологиялық бақылау зертханаларының маманы және жетекшісі

Кәсіби қызмет саласы

Ауылшаруашылық және биологиялық бағыттағы жоғары оқу орындары, салалық ғылыми-зерттеу институттары, республикалық мемлекеттік органдар, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті», Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі, облыстық және аудандық ауылшаруашылық департаменттері, сараптамалық, ғылыми-өндірістік мекемелер, өсімдіктерді химиялық және биологиялық қорғау құралдарын өндіретін өндірістік кәсіпорындар, пестицидтерді сынақтан өткізетін компаниялар мен фирмалар

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- ауылшаруашылық дақылдары мен алқаптары;
- орман алқабы;
- зиянды организмдер (зиянкестер, аурулар мен арамшөптер) ауылшаруашылық дақылдары;
- пестицидтер (инсектицидтер, акарицидтер, инсектоакарицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, тұқым улағыш, гербицидтер және т.б.);
- арнайы машиналар мен аппараттар;
- ғылыми – зерттеу лабораториялар;
- аспаптар мен жабдықтар
 

Кәсіби қызмет функциялары

педагогикалық;
өндірістік-басқарушылық;
ұйымдастыру-технологиялық;
ғылыми-зерттеу;
ғылыми-енгізу;
консалтингтік;
 

Кәсіби қызмет түрлері

- ғылыми-зерттеу;
- азаматтық ұстанымы бар кәсіби мәдениеттің, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениеті жоғары мамандарды даярлау;
оқытушылық;
-педагогикалық;
 - мемлекет пен нарықтық қажеттіліктерге, мамандық бойынша PhD докторларын дайындайтын мекемелердің ғылыми, практикалық және педагогикалық қызметіне байланысты өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы теориялық және практикалық білімдерін тереңдету;
-өндірістік-басқарушылық;
- ғылым мен өндірістегі заманауи ғылыми-практикалық мәселелерді қалыптастыруға және шешуге, жоғары оқу орындарында сабақ беруге, өсімдіктерді қорғау және карантин саласында ғылыми-зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыруға қабілетті
- ұйымдастыру-технологиялық;
-ғылыми-зерттеу;
-ғылыми-енгізу;
-консалтингтік;
 

Дағды қалыптастыру

- қазіргі заманғы жабдықтарды, отандық және шетелдік өндірістің құрылғыларын іс жүзінде қолдануда
- ауылшаруашылық өнімдеріне карантиндік тексеру және сараптама жүргізуде;
- ғылыми-зерттеу және эксперименттік зерттеулердің есептерін дайындауда;
- компьютерлік бағдарламалардың көмегімен нәтижелерді өңдеуде;
- «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураға арналған мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын, типтік және жұмыс оқу жоспарларын құру және іске асыруда;
- мамандық пәндері бойынша оқу сабақтарын өткізу;
-мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты, экономика және мемлекеттік мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару саласында;
- өсімдіктерді қорғау және карантині бойынша кәсіби қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу мәселелерінде.
 

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

8D08104-Өсімдік қорғау және карантин ОП 2024-2027.pdf

1407.587 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник