KazNARU
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жоғары тұлғалық сипаттамалары мен кең іргелі және қолданбалы білімі бар, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Бағдарламалық қамтаманы жобалаушы

Жүйелік және желілік әкімшілеу бойынша маман (желілік администратор)

Кәсіби қызмет саласы

Түлектердің кәсіптік қызмет саласы болып IT технологиясына негізделген мемлекеттік органдардың (министрліктердің, әкімдіктердің, сондай-ақ олардың аймақтық құрылымдары мен бөлімшелерінің) бөлімдері болып табылады; ұлттық және жекеменшік отандық, шетелдік компаниялар, зауыттар мен фабрикалар, білім беру және ғылыми орталықтар, мәдениет және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы бөлімдері, сондай-ақ компьютерлік фирмалар.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектілері:

- есептеу машиналары, кешендер, жүйелер мен желілер;

- ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері;

- автоматтандырылған жобалау жүйелері;

- есептеу техникасы мен ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдарын (бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалық кешендер және жүйелер) қолданатын мемлекеттік немесе жеке меншік компаниялар немесе олардың бөлімдері болып табылады.

Кәсіби қызмет функциялары

1) БҚ әзірлеу процесін дайындау, БҚ талаптарын талдау, БҚ

жобалау, БҚ бағдарламалау және тестілеу, бағдарламалық модульдер мен БҚ компоненттерінің интеграциясы.

2) ұйымның ЖЕЖ жобалау, монтаждау және қызмет көрсету; ұйымның серверлік жабдығын жинақтау, монтаждау, баптау және қызмет көрсету; Ұйымның ҚКЖ, бейнебақылау жүйелерін монтаждау, баптау және қызмет көрсету,; Ұйымның жүйелік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кәсіби қызмет түрлері
  1. Бағалау:

-  БҚ-ның тиімділігін бағалау.

-  қажетті сапа критерийлеріне сәйкестігі үшін бағдарламалық жасақтама кодын бағалау

2. Құрылымдық:

Бағдарламалық қамсыздандырудың модульдері мен компоненттерін құрастыру процедураларын әзірлеу және енгізу.

• Миграция процедураларын және деректерді айырбастауды (конверсиялау) әзірлеу

• типтік деректер қорын жобалау, кешенді SQL сұрауларын әзірлеу және оңтайландыру.

• Қолайлы ORM-жүйелерді таңдау және пайдалану.

• ДҚБЖ жұмыс істеуі үшін функционалдылықты дамыту.

3. Ақпараттық технологиялық:

- Деректер базасының сұлбаларын жобалау принциптері, сұрауларды оңтайландыру, ДҚБЖ деректерін сақтау және оқу (транзакциялар, оқшаулау деңгейлері, индекстер).

- ORM-жүйелер.

- Бағдарламалық модульдер мен компоненттерді интеграциялаудың тәсілдері.

- ОЖ функционалды мүмкіндіктері және жұмыс істеу принциптері.

- Бағдарламалық модульдер мен компоненттерді жинақтау әдістері мен құралдары.

- Бағдарламалық жасақтаманың жұмысқа қабілеттілігін тексеру әдістері мен құралдары.

- Тілдер, утилиталар және бағдарламалау орталары..

Дағды қалыптастыру
  • компьютерлік  технологиялардың дамуының жаңа тенденциясында және олардың ғылыми зерттеу, жобалау – құрастырушылық, өндірістік – технологиялық, ұйымдастырушы – басқару қызметтерінің қолдану жолында;
  •  кәсіби қызмет объектілерін әзірлеуді және жобалауды анықтайтын нормативтік, әдістемелік материалдардың стандарттарын қолдануда;
  •  ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйесінің бағдарламалық, ақпараттық, лингвистикалық, математикалық қамтамсын әзірлеудің және талдаудың  жабдықтарымен әдістерін, моделдерін қолдануда;
  •  бағдарламалық жүйемен қолданушының интерфейсін ұйымдастырудағы негізгі принциптерінде;
  •  кәсіби қызмет объектілерімен олардың компонеттерінің жұмыс істеуімен байланысқан ақпаратты және есептеу процестерін модельдеу, зерттеу және талдау әдістерінде;
  •  есептеу жүйесін, кешендерін және желілерін құрудағы бағдарламалық және ақпараттық жабдықтарды кешендендіру тәсілдері мен әдістерінде жеке принциптерінде;
  •  кәсіби қызмет объектілеріне ақпараттық қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдерінде;
  •  зерделік жеке меншікті қорғау әдістері мен тәсілдерінде;
  •  еңбекті ұйымдастырудың, өндірістерді және ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың экономикалық-ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелерінде;

 еңбекті қорғау және тіршілікті қауіпсіздендіру нормалары мен ережелерінде.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

«6B06103-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету».doc

249.856 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник