KazNARU
Су ресурстарын басқару

IT-технологиялар жетістіктерін пайдалана отырып, АӨК салаларында су ресурстарын бірігіп басқару және ұтымды пайдалану туралы білімі бар, су шаруашылығының бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі
  1. инженер гидролог
  2. инженер-гидротехник
Кәсіби қызмет саласы

су тұтыну және су тарату нормаларын бақылау, гидрологиялық режимді бақылау және оларды тиімді пайдалану, жер беті су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу, су шаруашылығы жүйелері мен құрылымдарына қызмет көрсету және пайдалану, су шаруашылығы құрылымдарының құрылысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік құрылымдарды жөндеу және қалпына келтіру, шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік құрылымдардың ерекше аппаттық учаскелерін жөндеу және қалпына келтіруді ұйымдастыру

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі
  • жер беті және жер асты су объектілері және инспекциялар
  • суармалы жерлерді суару және кәріз жүйелері
  • гидротехникалық құрылымдар
  • жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу, конструкторлық ұйымдар
Кәсіби қызмет функциялары
  • Жер беті су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу, суды мемлекеттік есепке алу және оларды пайдалану;
  • Суармалы және кәріз жүйелерін жобалау, суармалы жерлердің гидромелиоративтік жағдайын мониторингілеу және бағалау;
  • Су шаруашылығы, гидроэнергетикалық, ауылшаруашылық, муниципалдық ұйымдар мен кәсіпорындардың жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;
  • Су, ауыл және энергетика шаруашылығының зерттеу орталықтарында және білім беру мекемелерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
  • Су шаруашылығы объектілерінің аудиті және мониторингі, су ресурстарын пайдалануды сараптау, қадағалау, бақылау және т. б.
Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

1. Жер беті су объектілерінің мемлекеттік мониторингін, суды және оларды пайдалануды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

2. Су тұтыну мен су таратудың үлестік нормаларын есептеу;

2. Конструктивтік:

1. Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу 

3. Ақпараттық-технологиялық:

1. Су объектілерінің жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша  су пайдаланушылардың іс-шараларын әзірлеу;

2. Су объектілерін тиімді пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу;

Дағды қалыптастыру

Жер үсті су объектілерінің мемлекеттік мониторингін, суды және оларды пайдалануды мемлекеттік есепке алуды жүргізу

Суармалы және дренаж жүйелерін жобалау, суармалы жерлердің гидромелиоративтік жай-күйін мониторингілеу және бағалау

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6B08601 - Су ресурстарын басқару.pdf

5505.168 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник