KazNARU
Көлік, көліктік техникасы және технологиялар

Автокөлік кәсіпорындарында жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастырудың теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- техникалық бақылау бөлімінің бастығы;

- техникалық байқау орталығының бастығы;

- бас инженер (көлікте);

- бас механик;

- инженер механик;

- менеджер;

- қызмет бастығы (көлікте);

- басшы (басқарушы) (көлікте).

Кәсіби қызмет саласы

- көлік;

- білім және ғылым;

- ауыл шаруашылығы;

- автомобиль жасау;

- машиналар мен жабдықтар өндірісі

- қызмет көрсету, халыққа қызмет көрсету

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- материалдық өндіріс аясындағы әрекет үшін: осы бағытта көліктік техника мен жабдықтар шығаратын машина жасау зауыттары, машина жасау мен жөндеу зауыттарының фирмалық және дилерлік орталықтары, машина жөндеу кәсіпорындары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйелері соның нысандары болып табылады;

- өндірістік емес саладағы әрекет үшін: бұл бағытта оқу орындары, маркетингтік және көліктік-экспедициялық қызметтер, көлікті басқару қызметтері, көліктік техниканы пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар, конструкторлық-технологиялық, жобалау және ғылыми ұйымдар осының нысаны болып келеді.

Кәсіби қызмет функциялары

-кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің жұмысына басшылық жасау;

-автокөлік құралдарына ішкі техникалық бақылау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет нәтижелерін ұйымдастыру және бақылау;

-кәсіпорынның автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы стратегиялық басқару;

-техникалық байқау орталығын басқару;

-пайдаланудағы көлік құралдарының техникалық жай-күйін тексеруді қамтамасыз ету;

-тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) өндірістік қызметіне басшылықты және оның тиімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

-өндірістің техникалық дайындығының қажетті деңгейін және оның тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

-ұйымды қайта құру және жаңғырту бойынша іс-шараларды әзірлеуге басшылық жасау;

-бекітілген нысандар бойынша техникалық құжаттаманы және белгіленген есептілікті жасау бойынша жұмыстарды жүргізу;

-қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту және нұсқама жүргізу;

 -көлік техникасының сапа менеджменті бойынша құжаттаманы дайындау бойынша талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалаушылық:

- атқарушылар жұмысын ұйымдастыру, әртүрлі пікірлерді есепке алу және басқарымдық шешімдер қабылдау;

- әртүрлі оңтайлы шешімдерді жоспарлау мен анықтау кезінде алуан түрлі талаптарды (құнын, сапасын, орындалу мерзімдерін және қауіпсіздігін) ескере отырып ымырашылдық шешімдер қабылдау;

 - сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету мақсатында шығындардың алуан түрін есепке алу.

2. Конструктивтік:

- жобаның мақсаттары мен міндеттерін анықтау, олардың өзара байланысының құрылымын тұрғызу кезіндегі әртүрлі факторларды есепке алу және мәселелерді шешудің басым бағыттарын анықтау;

- көлік техникасын жасауға және жөндеуге конструкторлық, технологиялық, жобалық-сметалық құжаттама жасау;

 -нәтижелерді болжамдау проблемасын шешудің нұсқаларын жасау және талдау, жобаларды жоспарлау мен іске асыру;

-технологиялық, конструкторлық, эстетикалық, экономикалық және басқа да параметрлерді ескере отырып, машиналар мен жабдықтардың жобаларын жасау;

 - материалдарды, көлік техникасы мен жабдықтарды таңдау кезінде ақпараттық технологияларды пайдалану.

3. Ақпараттық-технологиялық:

-өнім сапасы көрсеткіштерін өлшеу құралдарын метрологиялық тексеру;

  -көлік техникасы мен жабдықтарды, оларды жасау мен жөндеу технологияларын стандарттау және сертификаттау жөніндегі шараларды жүргізу;

 -көлік техникасын пайдаланумен және жөндеумен байланысты қызметтерді, кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару.

Дағды қалыптастыру

Құзіреттілік жаңа технологиялық үдерістерді жасау мен игеру және қолданыстағыларды жетілдіруден; минималды өзіндік құн мен қауіпсіз еңбектің максималды өндірімділігі кезінде машиналардың талап етілетін сапасын қамтамасыз ететін жобаланатын бөлшектерді және машина жинақтауды есептеуден; көліктік өндірісті ұйымдастыру мен басқарудан; өндіріс тиімділігін талдай білуден; өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды жасай алудан; көліктік қызметтер тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулерді орындаудан, т.с.с. байқалады. 

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6В07104 – Көлік, көліктік техникасы және технологиялар.docx

73.838 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник