KazNARU
Өсімдік қорғау және карантин

Заманауи әдістер, технологиялар және өсімдік қорғау құрылғылары негізінде өсімдік шаруашылығы мен карантиндік өнімдерге жатқызылған  ауылшаруашылық дақылдарының  зиянды организмдеріне экспертиза және фитосанитарлық мониторинг жүргізуге қабілетті білікті мамандар даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Өсімдік қорғаудағы ғалым агроном

Кәсіби қызмет саласы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті;

ҚР АШМ «Республикалық фитосанитарлық диаг-ностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ;

ҚР АШМ «Фитосанитория» РМК;

облыстық және аудандық ауылшаруашылық департаменттері;

арнайы-орта, техникалық-орта оқу орындары;

ғылымы-зерттеу мекемелері бола алады.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

-ауылшаруашылық дақылдары;

-ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдері;

-пестицидтер;

-биологиялық белсенді заттар және қоспалар;

-арнайы машиналар және аппараттар.

Кәсіби қызмет функциялары

отандық және шет елдік ғылым мен тәжірибе жөніндегі ғылыми-техникалық ақпараттарды талдау;

-ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде зиянды организмдерге қарсы күрес шаралары тәсілдерін таңдау;

-ауыл шаруашылық алқаптарын зиянды организмдерден қорғау шаралары бойынша жоспарын құру;

-зияндылықтың экономикалық шегін ескере отырып ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестеріне, аурулары мен арам шөптеріне қарсы күрес шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу;

-өсімдік қорғаудағы химиялық және биологиялық препараттардың тиімділерін таңдау.

Кәсіби қызмет түрлері

1.Ұйымдастыру – технологиялық:

-зиянды организмдерді ескере отырып ауыл-шаруашылық дақылдарын өсірудің технологиялық картасын жасау;

-пестицидтерді  өндірісте пайдалану үшін оларды дұрыс дайындау.

-зиянкестер, аурулар және арам шөптерді қорғауды ескере отырып ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің технологиясын қолдану.

2.Өндірістік-басқарушылық:

-ауылшаруашылық дақылдарының фитосанитарлық мониторингін жүргізу;

-ауылшаруашылық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау шараларын ұйымдастыру;

-өсімдік қорғау және карантин саласында ғылыми және техникалық жетістіктерді енгізуге жетекшілік ету;

-өсімдік шаруашылығы өнімдерін карантинді обьектілерге тексеру және сараптау.

3. Жобалық:

-танаптардың зиянды  организмдермен залалдану тарихи кітапшасын жүргізу және оған агрономиялық баға беру;

-зиянды организмдерге қарсы күресудің тиімді шараларының энергия қорын жинақтайтын жоспарын жасау.

4. Ғылыми-зерттеу:

-зиянды организмдерді есептеу әдістерін меңгеру;

-әр түрлі тәжірибелерді қою және оны жүргізу;

-зиянды организмдердің түр құрамын, таралуын және зияндылығын анықтау;

-карантинді объектілерді анықтау мақсатында өсімдік шаруашылығы өнімдеріне сараптама жасау;

-зерттеу мәліметтерін статистикалық өңдеу және оны талдау;

-ауыл шаруашылығында қолдануға рұқсат етілген улы заттар тізіміне енгізу үшін жаңа пестицидтерді тіркеу және өндірістік сынаулардан өткізу.

5. Білім беру (педагогикалық):

-кәсіби білімі бойынша арнайы-орта және кәсіптік-техникалық оқу орындарында педагогикалық қызмет атқару.

Дағды қалыптастыру

Ауыл шаруашылығы егістіктері мен алқаптарының (карантиндік объектілерді қоса алғанда) зиянкестерінің, аурулары мен арамшөптерінің дамуы мен таралуына фитосанитарлық мониторингті жүзеге асыру кезінде олардың іс-әрекеттерінің нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлер тобына бас-шылық ету. Фитосанитариялық мониторинг жүргізуді бақылауды ұйымдастыру;

-ауыл шаруашылығы егістіктері мен алқаптарының зиянкестерінің, аурулары мен арамшөптерінің (карантиндік объектілерді қоса алғанда) дамуы мен таралуына фитосанитарлық мониторингті жүзеге асыру кезінде олардың іс-әрекеттерінің нәтижесі үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлер тобын басқару;

-еңбек және оқу іс-әрекеті процесін өз бетінше басқару және бақылау, мәселелерді талқылау, дәлелдеу, қорытынды жасау және ақпаратты сауатты қолдану қабілеті.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6B08104-Өсімдік қорғау және карантин ОП 2024-2028.pdf

3003.038 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник