KazNARU
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Көлік қызметтері саласы бойынша тасымалдау және қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін теориялық, практикалық және басқару дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- ғылыми-зерттеу институттарында көше желілерін ұйымдастыру жөніндегі жобалаушы;

- көлік техникасын пайдалану жөніндегі механик;

- мемлекеттік автоинспекция қызметкері;

- көлік техникасын өндіру және пайдалану жөніндегі менеджер;

- көліктік-экспедициялық қызмет диспетчері;

- көлік және көлік техникасын басқару және инспекциялау мемлекеттік органының қызметкері

- жол полициясы инспекторы;

- көлік техникасын пайдалану және өндірісі бойынша менеджер;

- көлік инспекциясы мен көлік техникасының және мемлекеттік басқару органының қызметкері;

- жолаушылар тасымалы қызметінің бастығы;

- жолаушылар көлігі инфрақұрылымын дамыту жөніндегі маман;

- логистика департаментінің басшысы;

- көлік-экспедициялық агенттілік басшысы;

- компания логисті

- автомобиль жолаушылар тасымалымен айналысатын персоналды оқытуға арналған оқу орталығының бастығы

- автомобиль жүк тасымалдарына қатысатын персоналды даярлау оқу орталығының басшысы

- жүк тасымалын ұйымдастырушы инженер

- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты менеджер

- таксопрактың бас инженері

- таксопарк басшысы

- қозғалыс қауіпсіздігі бөлімнің басшысы

- жолаушылар тасымалы қызметінің бастығы

- көліктегі логистика бойынша маман

- мультимодальдық тасымал бойынша маман

- жеткізу тізбегінде жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер

- автокөлік компаниясының басшысы

Кәсіби қызмет саласы

- көлік кәсіпорындарының техникалық құрылғылары;

- өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының технологиялық процестері;

- көлік қызметін пайдаланушылар;

- көлікті басқару жүйесін қайта құрылымдауды ескере отырып, тасымалдау процесінің логистикалық схемалары.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- көлік кәсіпорындары мен бөлімшелері;

- көлік және мемлекеттік көлік инспекциясының аймақтық басқару органдары;

- көліктік-экспедициялық кәсіпорындар мен ұйымдар

Кәсіби қызмет функциялары

- логистика және басқару, ұйымдастыру;

- маркетинг және сала менеджменті;

- жобалау;

- қызмет көрсету және пайдалану.

Кәсіби қызмет түрлері

Бағалау:

- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;

- жүктерді жеткізудің көліктік-технологиялық жүйелерін әзірлеуге өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;

- жол қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін кешенді бағалау.

Құрылымдық:

- әзірленетін және пайдаланылатын көліктік-технологиялық жүйелердің құрылымдық ерекшеліктері;

- жабдықты пайдалану әдістері мен ережелері, жұмысты орындау шарттары;

- техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша стандарттар, техникалық шарттар және басқа да басшылық құжаттар.

Ақпараттық-технологиялық:

- жаңа көліктік-технологиялық сұлбаларды әзірлеу кезінде ақпараттық технологияларды пайдалану;

- көлік кәсіпорындарын және қозғалысты ұйымдастыру жүйелерін дамыту жоспарларын әзірлеу.

Дағды қалыптастыру

Бірегей құзыреттілікке жатады:

- Қазақстандық және өңірлік деңгейде көліктік жүк тасымалдау мен бизнес саласындағы білімділігі;

- практикалық дағдыларға сүйене  отырып, көлік саласындағы кәсіпорындарда кәсіби қызметті жүзеге асыра білу;

- қызмет жүргізу техникасы мен технологиясын меңгеру.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6В11301 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.docx

65.189 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник