KazNARU
Ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және технологиясы

Ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және тағам өнімдерін өндіру саласында теориялық білімді, практикалық және басқарушылық дағдыларды меңгерген бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

-  Ветеринарлық-санитарлық дәрігер;

- тамақ өндірісіндегі ветеринариялық-санитариялық дәрігері;

- ішкі сауда объектісіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының бөлім меңгерушісі;

- ветеринариялық дәрігер бактериолог, ветеринариялық дәрігер вирусолог, ветеринариялық дәрігер токсиколог, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық ветеринариялық зертханалардың бактериология, вирусология, токсикология бөлімінің меңгерушісі;

- мемлекеттік ветеринариялық инспектор, Республикалық ветеринариялық бақылау және қадағалау басқармасы;

- мал өсірумен және мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлік құрылымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің ветеринариялық-санитариялық дәрігері;

- ҚР Кеден комитетінің мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық инспекторы.

- сәйкестікті растау жөніндегі органдардағы техникалық сарапшысы;

- сүтті қайта өңдеу технологы;

- ірімшік өндіру технологы;

- балық өнімдерінің технологы;

- шұжық өндірісінің технологы;

- консерві өндірісінің технологы;

- сойыс малын өңдеу технологы;

- әртүрлі меншік түріндегі қайта өңдеу кәсіпорындарының шебері,

- стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі маман;

- ветеринарлық және техникалық оқу орындарында ассистент, оқытушы;

-ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі кіші ғылыми қызметкер, қызметкер, аға ғылыми қызметкер.

Кәсіби қызмет саласы

Ветеринарлық - тағам қауіпсіздігі саласындағы сараптамалық-қадағалау, ұйымдастыру-басқару, эксперименттік-зерттеу, ғылыми-зерттеу, жобалау, білім беру, өндірістік-технологиялық.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- Мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, ара шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және сату бойынша тағам кәсіпорындары;

- элеваторлар, нан зауыттары, диірмен зауыттары, жарма зауыттары, құрама жем зауыттары, макарон және кондитерлік фабрикалар, қант және крахмал-сірне зауыттары;

- ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары;

- жануарлар, құстар, балықтар, аралар үшін азық және азық қоспаларын өндіру кәсіпорындары;

- жануарлардың өлекселерін қайта өңдеу және белокты жем өндіру кәсіпорындары;

- ветеринариялық препараттар мен биологиялық белсенді заттарды дайындайтын кәсіпорындар;

- Мемлекеттік кеден қызметінің аумақтық бөлімшелерінің бақылау-өткізу пункттері;

- ғылыми-зерттеу институттары, ветеринариялық және техникалық бағыттағы мемлекеттік және жеке зерттеу ұйымдары.

Кәсіби қызмет функциялары

- Қазақстан Республикасының аумағын шектес мемлекеттерден жұқпалы аурулардың әкелінуінен қорғау;

- халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін мал өсіру, сапалы, бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдері мен шикізаттарын өндіру және шығару бойынша ветеринариялық-санитариялық ережелерді шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке кәсіпкерлік құрылымдардың сақтауына үздіксіз мониторинг жүргізу, бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;

- экология, өндірістік санитария, Еңбекті қорғау және өрт-жарылыс қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, тамақ кәсіпорындарындағы технологиялық үдерісті және өндірістік қызметті ұйымдастыру, техникалық жабдықталуын талдау.

- азық-түлік кәсіпорындарында шикізатты, дайын тамақ өнімдерін және бұйымдарды үздіксіз технохимиялық бақылау;

- мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, ара шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау, ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;

- ветеринариялық мақсаттағы биопрепараттарды және фармакологиялық препараттарды өндіру және өткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау.

- тамақ өнімдерінің үй-жайлары мен қоймаларында ветеринариялық-санитариялықіс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;

- операциялық сапа жүйесінің менеджменті;

- технологиялық талаптардың сақталуын бақылау және ұсақ, орта және ірі тамақ өндірісінің өндірістік қызметін жоғары сапалы өнім шығаруға және ассортиментін үнемі жаңартып отыруға бағытталғанғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау қызметі:

- экологиялық талаптарды және еңбек қауіпсіздігін ескере отырып, тамақ кәсіпорындарының техникалық жабдықталуына және өндірістік қызметіне талдау жүргізеді және баға береді;

- жануарларды, құстарды, балықтарды, араларды күтіп-ұстау, күту және азықтандыру бойынша зоогигиеналық және ветеринарлық ережелердің толық орындалуын талдайды;

- жануарлардың, құстардың, балықтардың, аралардың аурушаңдығы мен өлу қаупінің дәрежесін талдайды, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы және ара шаруашылығынан тағам өнімдерін өндірумен және шығарумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке кәсіпкерлік құрылымдарда жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың сапасын бағалайды;

-жүргізілген ветеринариялық-санитариялық және технологиялық сараптама негізінде мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, омарта шаруашылығы және өсімдік шаруашылығының шығарылатын және сатылатын өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына баға береді;

- жануарларды, балықтарды және араларды өсірумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке кәсіпкерлік құрылымдар қызметкерлерінің еңбекті қорғау, өндірістік санитария жағдайын және қауіпсіздік талаптарының сақталуын анықтайды.
2. Конструктивтік қызмет:

- жануарларды, құстарды, балықтарды, араларды өсірумен айналысатын және жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын объектілерде ветеринариялық алдын алу іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

- ветеринариялық, биологиялық, экологиялық және техникалық бағыттағы ғылыми-зерттеу мекемелері ұйымдастыратын ғылыми бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қатысады;

-ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті тамақ өнімдерін шығару үшін инновациялық-технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді сынақтан өткізуге және енгізуге жәрдем көрсетеді;

- ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу кезінде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;

- экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру барысында жануарларды, құстарды, балықтарды және араларды тасымалдауға бақылауды жүзеге асырады.

- жануарлардың, құстардың, балықтардың және араның жұқпалы ауруларының алдын алуға және жоюға бағытталған эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады.

- цифрландыруға негізделген заманауи модульдерді енгізе отырып, технологиялық жабдықтардың жұмысын іске асырады және инновациялық технологияларды қолдана отырып, тағам өндірісін басқарады;

- қайта өңдеу өндірісінің тиісті салаларының шикізат, дайын өнім сапасын жақсарту бойынша тәжірибелік зерттеулер жүргізеді;

-өндіріске нормативтік-құқықтық актілерде және ҚР, ЕурАзЭҚ, GMP, GLP, GAP, CAC, ISO, HACCP құжаттарында көзделген талаптарды енгізуді қамтамасыз етеді.

3. Ақпараттық-технологиялық қызмет:

- Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың, құстардың, балықтардың, бал аралардың аса қауіпті ауруларының стационарлық ошақтарын мониторинг, картографиялау және анықтау жүргізеді және мемлекеттік ветеринариялық органдарды олардың өршуі туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың, құстардың, балықтардың, аралардың аса қауіпті ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының және Кеден одағының заңнамасы талаптарының орындалуы туралы мемлекеттік ветеринариялық құрылымдарды, кеден органдарын және медициналық қызметті уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді;

- ветеринарлық есеп жүргізеді және мемлекеттік ветеринарлық органдарға белгіленген есептілікті уақытында ұсынады;

- тағам өндірісінде техникалық негізделген уақыт нормаларын және кестелерді әзірлейді, материалдық шығындар нормативтерін (Шикізат, жартылай фабрикаттар, материалдар шығысының нормаларын) есептейді.);

- прогрессивті, экономикалық негізделген, заманауи технологиялар мен өндіріс режимдерін енгізеді

- жобаланатын технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін анықтайды, технологиялық нормативтерді, нұсқаулықтарды, технологиялық карталарды әзірлейді, шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасын талдайды және жүргізілген түзетулер мен өндірістің белгіленген режимдеріне сәйкес техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізеді.

Дағды қалыптастыру

- Мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы және ара шаруашылығының тағам өнімдерін өндіру және қайта өңдеу процесінің қауіпсіздігін, гигиенасын, сапасын бағалау мәселелерінде

- тағамдық өңдеу өндірісінің қазіргі заманғы салаларында және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті тамақ өнімдерін шығаруды қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды таңдауда;

- ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі саласындағы проблемалық мәселелерді шешу кезінде қазіргі заманғы зертханалық талдау әдістерін, аспаптар мен жабдықтарды тиімді қолдану мәселелерінде.

- еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік нормалары мен ережелері, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау, ҚР қолданыстағы тамақ өнеркәсібінің заңнамалық және нормативтік актілерін пайдалану мәселелерінде.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

«6B09103 – Ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және технологиясы».docx

110.677 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник