KazNARU
Тағам қауіпсіздігі

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқаруды ұйымдастыруға, сондай-ақ тағам өнеркәсібінде инновацияларды әзірлеуге, креативті зерттеулер жүргізуге және жоғары мектепте одан әрі оқу үшін негіз қалыптастыруға қабілетті, бәсекеге қабілетті және құзыретті маманды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі
  • Технолог;
  • әртүрлі меншік түріндегі тағам өндіру кәсіпорындарының шебері;
  • өндірістік зертхананың техник-технологы;
  • ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-да маман (лаборант);
  • тағам өнімдерін стандарттау және сертификаттау жөніндегі кәсіпорынның маманы;
  • тағам өнімдері қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме маманы;
  • лаборант (микробиолог, полярограф, спектралды  и химия-бактериологиялық,  химиялық зерттеулер үшін).
Кәсіби қызмет саласы

Тағам өнімдерінің өндірісі: технологиясы, өнімдерге, өндірістік процестерге қойылатын нормалар, ережелер мен талаптардың орындалуын ұйымдастыру, белгілеу және бақылау; шикізат пен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету; ғылыми-зерттеу ұйымдары; жобалау институттары; оқу іс-әрекеті; әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Тағам өнеркәсібі кәсіпорындары; тағам өнімдерін сертификаттау кәсіпорындары; санитарлық қадағалау кәсіпорындары; тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мекемелері; ғылыми-зерттеу институттары.

Кәсіби қызмет функциялары
  • Тағам өнеркәсібінің технологиялық процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • шикізатты, технологиялық процестерді және дайын өнімді технохимиялық бақылау;
  • стандарттарға және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету;
  • өндірістік процесс технологиясының сапасы мен қауіпсіздігін және жабдықты пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;
  • азық-түлік өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда халықаралық ұйымдардың тағам өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптары мен ұсыныстарына сәйкес жануарлардан алынатын шикізат өнімдері мен жекелеген өсімдік тектес өнімдерге сараптама жүргізудің технологиялық схемаларын әзірлеу және жобалау;
  • жаңа технологиялық процестерді игеру бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысу;
  • тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету әдістерін құрудың техникалық шарттарын әзірлеу;
  • еңбек ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру және басқару шешімдерін қабылдау;
  • экология, өндірістік санитария, еңбекті қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуы мен өндірістік қызметін талдау.
Кәсіби қызмет түрлері
  • Өндірістік;
  • ғылыми;
  • технологиялық процестерді ұйымдастыру;
  • жаңа өнім жасауда ғылыми-зерттеу әдістерін жетілдіру және технологиялық процестерді енгізу;
  • МЕМСТ-ға сәйкес шикізатты, дайын өнімді зерделеу сапасын арттыру үшін әзірлеу және енгізу;
  • экология, еңбекті қорғау, өрт-жарылыс қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуы мен өндірістік қызметін талдау;
  • ғылыми-техникалық ақпаратты, жануарлар мен өсімдік тектес өнімдердің ветеринариялық-санитариялық сараптамасының отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу және талдау;
  • органолептикалық, микробиологиялық, физика-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, гистологиялық, ФИТ, ИХТ, ЖӨСХ және т.б. әдістерін қолдана отырып, еңбек ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру, басқару шешімдерін қабылдау, тағам өнімдері мен шикізатының сапасы мен қауіпсіздігін бақылау.
Дағды қалыптастыру

Тағам өнімдерінің технологиясы мәселелерінде және технологиялық процестердің оңтайлы режимін таңдауда; тағам өндірісінің заманауи мәселелерінде; азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық мәселелерінде; тағам өнімдерін өндіруде биологиялық және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

План развития ПБ (каз).pdf

2948.517 KB

6В07210 - Тағам қауіпсіздігі.pdf

4380.966 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник