KazNARU
Ветеринария

Ветеринариялық жұмыстар кешенін ұйымдастыру және жоспарлау және биопрепараттарды тиімді және ұтымды пайдалануды бақылау, сондай-ақ қазіргі заманғы еңбек нарығына бейімделген және бәсекеге қабілетті жоғары, кәсіби қызметке қабілетті білікті ветеринариялық маман дайындау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- Ветеринарлық дәрігер;

- Бас ветеринариялық дәрігер; 

- Бас бактериолог; 

- Бас вирусолог;

- Ветеринарлық дәріхана меңгерушісі;

- Ветеринарлық пункт меңгерушіс;

-  Ветеринариялық зертхана меңгерушіс; 

-  Зертхананың ветеринарлық дәрігері.

- Ветеринариялық санитариялық дәрігер;

- Ветеринариялық-санитариялық инспектор.

Кәсіби қызмет саласы

Маманның кәсіби қызметінің саласы дәрігерлік,  басқару-ұйымдастыру, эксперименттік зерттеу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және ветеринариялық-санитария бойынша дәрігерлік, ғылыми зерттеу,  жобалау,  білім беру болып табылады.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- Ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық шаруашылық субъектілері:

- ветеринариялық емдеу орталықтары, ветеринариялық жеке клиникалар, ветеринариялық дәріханалар;

- мемлекеттік ветеринариялық зертханалар;

- хайуанаттар бағы, қорықтар;

 - ипподромдар, асыл тұқымды бірлестіктер;

,- мал, құс, балық пен ара шаруашылығының  тағамдық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу кәсіпорындарында;,

- биологиялық препараттардың сапасын бақылау кәсіпорындары;

- мемлекеттік ветеринарлық қызмет мекемесі;

- ішкі сауда объектісінің ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларында;

- мал өлекселерін өңдейтін және нәруыздық азық өндіретін кәсіпорындарында;

- мемлекеттік шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау пункттерінде;

- ғылыми зерттеу институттары мен ветеринарлық, биологиялық және экологиялық саладағы ұйымдар;

- әскери- мал дәрігерлік қызмет;

-табиғатты қорғау және ветеринариялық полиция;

-кинологиялық қызмет;

- ветеринария бойынша   білім беру оқу орындары.

Кәсіби қызмет функциялары

- Жануарлар, құстар, балықтар мен аралардың инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларын диагностикалау, емдеу, алдын-алу;

-Қазақстан Республикасының аумағында ветеринарлық заңнаманың сақталуын бақылау;

- жануарлар, құстар мен балықтардың инфекциялық, инвозиялық және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуына мониторинг жүргізу және ұйымдастыру;

 -ветеринарлық қызметкерлер мен басқа да мал шаруашылық, құс және балық шаруашылығының қызметкерлерін жануарлар, құстар және балықтармен жұмыс жүргізуде техникалық қауіпсіздігінің сақталуын үйрену және бақылау;

- биологиялық белсенді заттар мен қоспалар, балық, құс, мал және өсімдік өнімдерінің өндірілуі мен сатылу кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелердің орындалуын бақылау;

- ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау;

-этиологияны оқыту, даму механизмі мен жануарлар ауруларының ерекшеліктері; ауру жануарларда салыстырмалы клиникалық, биохимиялық, посморталдық және иммунологиялық зерттеулер жүргізу;

- әртүрлі этиологиялық аурулар кезінде тиімді емдеу және алдын алу іс-шараларын енгізу;

-өндіріске ғылыми жобалар мен инновациялық технологияларды енгізу; ветеринарлық, биологиялық, экологиялық бағытындағы ғылыми-зерттеу мекемелерінде жүргізілетін ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу; зерттеу тақырыбы бойынша өткізілетін ғылыми форумдарға қатысу және баяндама жасау;

-азық-түлік, ет-сүт өнеркәсібі, тері, коммерциялық желілер, ветеринарлық ауруханалар, станциялар, зертханалар, дәріханалар, мал жеке жайларын салу кезінде құрылыс құжаттарын әзірлеуге қатысу;

-мамандық бойынша кәсіптік білім беру мекемелерінде оқыту жұмыстары; ветеринарлық, мал шаруашылық және биологиялық мамандарды даярлау және қайта даярлау;

-гигиена негіздеріне сәйкес мал жануарларын күтіп, баптау туралы иелерін оқыту.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

- жануарларды аурулардан және өлімнен сақтандыру үшін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын құрастырады;

- жануарлар мен құстарды емдеуді жүргізеді, жануарларды күтіп-ұстау, азықтандыру бойынша зоогигиеналық және ветеринарлық ережелерді жүзеге асырады.

- тамақ өндірісі кәсіпорындарында, жеке кәсіпкерлік құрылымдарда және шаруашылық субъектілерінде мал, құс, балық және ара ауруларын болдырмау, қауіпсіз және сапалы тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған зоогигиеналық талаптар мен ветеринариялық-санитариялық шаралардың сапалы жүргізілуін бағалау; 

2. Конструктивті:

- жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өңдеу және сақтау үшiн мал шаруашылығы фермаларында, мал шаруашылықтарында, аумақтарда және қора-жайларын дезинфекциялау, дезинфекциялау, дератизациялау және залалсыздандыруды ұйымдастырады;

- ауыл шаруашылық жануарларын жасанды ұрықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

- ветеринария саласындағы жаңа ветеринариялық препараттарды, ғылыми жетістіктерді және озық тәжірибені енгізеді.

- жануарларды, құстарды, балықтарды, араларды өсірумен және жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін өндірумен айналысатын объектілерде ветеринариялық-санитариялық және профилактикалық шараларды ұйымдастырады;

- тамақ кәсіпорындарында мал шаруашылығы өнімдерін, құс, ара және балық шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарына ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді;

- ветеринариялық, биологиялық және экологиялық бағыттардағы ғылыми-зерттеу институттары жүзеге асыратын ғылыми бағдарламалар мен жобаларға қатысады.

3. Ақпараттық-технологиялық:

- Қазақстан Республикасының және Кеден одағының ветеринариялық медицина, ветеринариялық-санитариялық ережелерін, адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау туралы ережелерін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасы аумағында жануарлардың, құстардың, балықтардың, аралардың аса қауіпті ауруларының мониторингін, картографиясы мен стационарлық ошақтарын құруға қатысады және мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің уақтылы хабардар болуын қамтамасыз етеді;

- ветеринарияда белгіленген есептерді жұргізуді және дайындауды қамтамасыз етеді.

Дағды қалыптастыру

Түрлері жануардың нақты морфологиялық, құрылымының физиологиялық және цитохимиялық ерекшеліктерін, тұқымын мен жасын анықтау аспектілерін; патологиялық материалдарды дайындау, сақтау, тасымалдауға; вакциналарды және диагностикалық жиынтықтар ұтымды пайдалануға; қоздырушылардың биологиялық ерекшеліктерін, инфекциялық процесті зерттеуге, бөлініп алынған өсіндерді ажыртатуға және диагноз қоюға; алдын алу, карантиндік және шектеу іс-шараларын ұйымдастыруға; эпизоотологиялық зерттеулер, жұқпалы аурулар мен паразиттік ауруларға бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізуге, дезинфекция мен дератизация жүргізуге;  паразитке қарсы іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыруға; патологиялық, гистопатологиялық, зертханалық  зерттеулер жүргізуге, олардың нәтижелерін талдау және түсіндіруге, сойып-зерттеу хаттамасын толтыруға; жұқпалы емес ауруларды емдеуге тиімді заманауи ғылым мен технологияны пайдалана отырып, әр түрлі мүшелер мен жүйелерді зерттеуге  клиникалық, зертханалық, арнайы зерттеулер қазіргі заманғы әдістемелерді дамытуға, себептік, патогенетикалық және симптоматикалық терапия, физиотерапия және диеталық азықтандыруды пайдалануға; жануарлар мен минералды, өсімдік тектес түрлі топтардағы дәрі-дәрмектердің әсер ету механизмі, қолдану және қарсы әсерлері  бойынша сұрақтарға; ауыл шаруашылығы малдарының түрлеріне қарай мен құстарға дәрілік заттарды мөлшерлеу; дәрілік формаларды дайындауға және нұсқамаларды жазуға; қазіргі заманғы әдістері қолдануға, құрылғылар мен жабдықтарды тиімді пайдалануға ветеринариялық медицина саласындағы проблемаларды шешуге.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

6В09104-Ветеринария ОП 2024 каз.pdf

7580.288 KB

План развития ОП 6В09104-Ветеринария каз.pdf

1386.431 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник