Бітіруші кәсіби қызметін келесі бағыттарда жүзеге асыра алады:
- Орта, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ветеринария бойынша оқытушы;
- Ветеринариялық нысандардыі бақылау және қадағалау мемлекеттік органдарының маманы, ауылдық округтердің ветеринариялық инспектор - - Зертхананың ветеринария дәрігері
- Ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы ғылыми қызметкер
- Ветеринариялық зертхана меңгерушісі.
аграрлық және биологиялық бейіндегі жоғары, орта-арнайы, кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, ғылыми-өндірістік мекемелердегі ғылыми жұмыс;
жергілікті, аудандық, облыстық республикалық жүйелер аппаратындағы басқару қызметтері, сонымен қатар қорғаныс, ішкі істер министрліктері мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетіндегі (ҚМ, ІІМ, ҰҚК) құрылымдарда, ветеринариялық және биологиялық мемлекеттік және жекеменшік құрылымдар болып табылады.
- ғылыми-зерттеу институттары;
- ұйымдық-басқару қызметі;
- өндірістік-технологиялық қызмет;
эксперименттік-зерттеу қызметі;
- жоғары оқу орындарында ветеринариялық, биологиялық, зерттеу бағытындағы білім беру (педагогикалық) қызметі,
- арнайы-орта және кәсіптік-техникалық оқу орындарында;
- ветеринариялық қадағалау кәсіпорындарында, шаруашылықтардың әртүрлі түрлерінде, ұйымдарда, ветеринарлық, биологиялық және ауылшаруашылық бағыттағы фирмаларда, биопрепараттарды өндіру кезіндегі кеңес беру қызметі
«7М09101-Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы 5 (бес) білім беру траекториясынан тұрады: №1. ББТ «Жануарлар ауруларының диагностикасы мен терапиясы» Магистрдің кәсіби қызметі ба:ғытталған: - қалыпты және патологиядағы гематологиялық көрсеткіштердің морфологиялық, биохимиялық және функционалдық сипаттамаларын талдауға; - - клиникалық және зертханалық зерттеулер негізінде органдар мен жүйелердің қалыпты және патологиялық жай-күйінің деңгейін анықтауға; - улы заттардың әсерін бағалауды жүзеге асыру, нақты жағдайларда жануарлардың улануының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге; - клиникалық және зертханалық зерттеулер негізінде жүйелерді әзірлеу және ауыл шаруашылығы жануарларындағы гиповитаминоздарды диагностикалау үшін анықталған симптомдар мен синдромдарды байланыстыруға; - авитаминоз кезіндегі этиологияны, патогенезді, клиникалық көріністі, жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын емдеудің дәстүрлі емес әдістерін анықтауға; - - жануарлардың жұқпалы емес ауруларының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ әзірленген іс-шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық көмек көрсетеді №2. ББТ «Ветеринариялық репродуктология және хирургиялық патология» Магистрдің кәсіби қызметі бағытталған: -- акушерлік патология кезінде қабылдау, емдеу және алдын алу, босандыру операцияларын жүргізу және босандыру тәсілдерін жүргізуге; - еркек өндірушілерді зерттеу, өндірушілерді репродуктивті ағзалары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алуға; - сот сараптамасының заманауи әдістерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуге. №3. ББТ «Жануарлардың инфекциялық аурулары кезіндегі биологиялық қауіпсіздігі» Магистрдің кәсіби қызметі бағытталған: - жануарлардың аса қауіпті инфекцияларының таралу географиясын, тарихы мен эволюциясын зерттеуге; - - зооноздардың таралуының эпизоотологиялық және экологиялық аспектілерін зерделеу мақсатында аса қауіпті трансшекаралық зооноздарға эпизоотологиялық мониторинг жүргізуге; - нақты ауданда эпизоотологиялық мониторинг жүргізу, аса қауіпті аурулардың алдын алу және сауықтыру шараларына; - инновациялық әдістермен оларды жою және емдеу жолдарын, нақты аса қауіпті аурулардан тез сауықтыру жолдарын шешуге; - аса қауіпті трансшекаралық зооноздар кезінде алдын алу және сауықтыру іс-шаралары жүйесінің жоспарын әзірлеу және түзетуге; - - жануарлардың аса қауіпті зооноздық инфекцияларының нозологиялық және эпизоотологиялық диагнозын қоюдың заманауи әдістерін меңгеруге; - жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және диагностикалау үшін биологияның заманауи жетістіктерін қолдануға. - елге жануарлардың аз белгілі ауруларының қоздырғыштарын әкелудің ықтимал қауіп-қатерлерін бағалау және бақылауға; №4. ББТ «Жануарлардың инвазиялық патологиясы кезіндегі биологиялық қауіпсіздігі» Магистрдің кәсіби қызметі бағытталған: - жануарлардың әр түрлі паразитоздарына қарсы диагностикалық емдеу-алдын алу шараларын ұйымдастыру кезінде білімді қолдануға; -әр түрлі климаттық-географиялық аймақтардағы паразитоздардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін зерттеуге; - жануарлардың аралас ассоциативті ауруларының мәселелі сұрақтарын диагностика әдістерін пайдалана отырып және моно - би-және поли инвазиялар кезінде дифференциалды диагностика әдісімен шешуге; - ассоциативті ауруларымен күресу шараларын ұйымдастыру және жүргізу; паразитоценоздардың қазіргі заманғы мәселелеріне; - негізгі тропикалық инвазиялар бойынша эпизоотиялық жағдайды болжай білуге; - - улы жәндіктерді ажырату және субтропикалық және тропикалық елдерде паразиттерге қарсы іс-шаралар жүргізудің күнтізбелік жоспарларын жасауға; - препаратты қолдану арқылы қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып, олардың қалдық әсерін және сыртқы орта нысандарын залалсыздандыру тәсілдерін анықтау, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуге. №5. ББТ «Жануарлар мен құстың инфекциялық ауруларының нозологиясы» Магистрдің кәсіби қызметі бағытталған: - микроорганизмдердің генетикалық материалын ұйымдастыру және жұмыс істеуі, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, оларды зерттеу әдіснамасына; - саңырауқұлақтар патшалығының өкілдерін жүйелеу, олардың әртүрлілігін көрсететін саңырауқұлақтардың филогенетикалық жүйесін жіктеу және құруға; - ҚР аумағында жануарлар мен құстардың ауруларын тудыратын клостридиялардың түрлік спектрін зерттеуге; - энтероинфекциялар патогенезінің ерекшеліктерін және ауыл шаруашылығы малдарының төлінде иммунитетті түзетудің заманауи тәсілдерін зерттеуге. Бес білім траекториясының магистранттары білім беру ұйымдарында педагогикалық қызмет жүргізе алады |
7М09101 - "Ветеринарлық медицина" дайындық бағытының магистрлері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады: 1. Өндірістік-технологиялық: -- тәжірибелік дағдыларды, құзыреттілікті және кәсіби қызмет тәжірибесін және озық тәжірибені игеру; - клиникалық және зертханалық зерттеулер негізінде жүйелерді әзірлеу және ауыл шаруашылығы жануарларындағы токсоинфекция мен гиповитаминоздарды диагностикалау үшін анықталған симптомдар мен синдромдарды байланыстыру; - жоғары өнімді жануарларды ұстаудың заманауи технологиясын және репродуктивті функцияға теріс факторлардың әсерін бағалау әдістемесін әзірлеу; - құлақ, көз, жұтқыншақ, тіл және мұрын қуысы, сүйек ісіктері және жануарлардың тірек-қимыл аппаратының жұмсақ тіндері патологиясы кезінде диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеу; - аса қауіпті трансшекаралық зооноздар кезінде алдын алу және сауықтыру іс-шаралары жүйесін әзірлеу; - жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу және диагностикалау үшін биологияның заманауи жетістіктерін қолдану; - жануарлардың аралас ассоциативті ауруларымен күресу шараларын ұйымдастыру және жүргізу; 2. Өндірістік-басқарушылық: - жануарлардың жұқпалы емес ауруларының алдын алу бойынша іс-шараларды енгізу, әзірленген іс-шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық көмек көрсету; - өндірістік кәсіпорындардың жұмыскерлерін іріктеу және кәсіби даярлау; - жануарлардың аса қауіпті және инвазиялық ауруларынан сауықтыру жолдарын инновациялық әдістермен шешу; -қазіргі заманғы эмбриология мен иммунологияны енгізу, ветеринариялық репродуктологияда қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып, емдеу-алдын алу жұмыстарының сапасын бағалау; - офтальмология, стоматология және отоларингология, сүйек ісіктері және тірек-қимыл аппаратының жұмсақ тіндері кезінде емдеу-алдын алу іс-шараларын енгізу; - малдардың беймәлім ауруларын қоздырғыштарын елге әкелудің ықтимал қауіптерінен объект аумағын қорғау және жұмыскерлерді басқару. 3. Ғылыми-зерттеу: - клиникалық және зертханалық зерттеулер негізінде мүшелер мен жүйелердің қалыпты және патологиялық жай-күйінің деңгейін анықтау; - жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын емдеудің дәстүрлі емес әдістерін әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; - аналық жасушалардың жіктелуін, онтогенезін, эмбриогенез кезеңдерін, ұсақтауды, гаструляцияны, ұрықтан тыс мүшелерді, жануар ағзасының резистенттілігі мен иммунологиялық реактивтілігін зерттеу; - офтальмологиялық, стоматологиялық және отоларингологиялық зерттеулер жүргізу, жануарлардың тірек-қимыл аппаратының жұмсақ тіндері мен сүйектерінің ісіктерін зерттеу. - зооноздардың таралуының экологиялық аспектілерін зерттеу мақсатында аса қауіпті трансшекаралық зоноздардың эпизоотологиялық мониторингі; - жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларын диагностикалау құралдарын әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; - жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу үшін биологиялық құралдарды әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; - ықтимал қауіпті өндірістерді бағалау және жұмыс орындарын және қауіпсіздігін ұйымдастыру 4. Ғылыми-педагогикалық: - ветеринария пәндерін оқытудың заманауи әдістерін меңгеру; - барлық деңгейдегі ветеринариялық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу; - педагогикалық қызмет барысында оқытудың инновациялық технологияларын қолдану. |
- ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында;
- ветеринарияның барлық салаларында, ветқадағалау кәсіпорындарында, шаруашылықтың әртүрлі түрлерінде, ұйымдарда, ветеринарлық, биологиялық және ауыл шаруашылығы бағытындағы фирмаларда инновациялық өндіріс мәселелері бойынша;
- білім беру ұйымдарында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
- кәсіби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда.