KazNARU
Ветеринариялық санитария

Әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылым магистрлерін 7M09102-«Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орындарына, ғылыми-зерттеу ұйымдарына және Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, алыс және жақын шетелдерде жұмыс істеу үшін кәсіби құзыреттілік бойынша Ветеринариялық санитария саласына дайындау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

7M09102–«Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының магистрі төмендегі лауазымды қызметтерді атқара алады:

-, ҚР АШМ жоғарғы ветеринарлық оқу орындарында ассистент, қауымдастырылған профессор, профессор, академик;

- ветеринарлық ғылыми-зерттеу мекемелерінің кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі,директоры;

- ҚР ІІМ ветеринарлық полиция бөлімінің инспекторы, басшысы (қосымша заң білімі);

-ішкі сауда объектілеріндегі ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасындалаборант, зертхана меңгерушісі;

- ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;

- аудандық, облыстық, республикалық ветеринариялық бақылау және қадағалау басқармаларының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;

- ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жыл 21 мамырдағы № 201-П бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Кәсіби қызмет саласы

Ветеринариялық санитария саласында білім беру, ғылыми-зерттеу, жобалау қызметі, сараптау-қадағалау, ұйымдастыру-басқару, эксперименталдық-зерттеу.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- ветеринарлық бейіндегі жоғарғы оқуорындары;

- ветеринарлық бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдар;

-ішкі сауда объектілеріндегі ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханалары;

- биологиялық препараттар мен биологиялық белсенді заттарды дайындау кәсіпорындары;

- жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілер;

-ҚРІІМ мен шекара қызметінің ветеринарлық құрылымдары.

Кәсіби қызмет функциялары

7M09102-«Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру траекториясын қамтиды: №1. «Өнім сапасын сараптау және қауіпсіздік» №2. «Гигиена және санитария» 7M09102-«Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының магистранттары базалық және бейіндік дайындыққа сәйкес кәсіби сала объектілерінде келесі қызметтерді атқара алады:

-Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шетелдердің зерттеу мекемелерінде Ветеринариялық санитариямәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- жоғары және орта арнаулы оқу орындарында дәріс, зертханалық, тәжірибелік оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу;

- Қазақстан Республикасының аумағын шектесетін мемлекеттерден әкелінетін жұқпалы аурулардан қорғау;

- жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерінветеринарлық-санитарлық сараптау, радиациялық, биологиялық және токсикологиялық қауіпсіздік деңгейі мен сапасын бағалау;

- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

- тамақ өнеркәсібі  кәсіпорындарының шикізаттары менбиопрепараттар өндірісі объектілерін сапасыз қалдықтардан қорғау.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

-оқу сабақтарын өткізу мен білім алушылардың алған білімін бағалайды;

- жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне бағалау мен олардың тиімділігін анықтайды;

- жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сараптау, қауіпсіздігі мен сапасын бағалау;

- жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы нысандарында ветеринарлық-санитарлық шараларды бағалау.

2. Конструктивтік:

- студенттерге дәріс, зертханалық, тәжірибелік оқу сабақтарын жүргізу, оқу және өндірістік тәжірибелерді өткізу, тәрбие жұмысытарын ұйымдастырады;

- ветеринарлық, биологиялық және экологиялық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемелері жүргізетін ғылыми бағдарламалар мен жобаларға қатынасады;

- ветеринарлық-санитарлық бақылау мен қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету барысында инновациялық технологиялар мен жаңа ғылыми әдістемелерді сынақтан өткізуге және енгізуге жәрдемдеседі;

- жануарларды, құстарды, балықтарды және араларды  экспорттық-импорттық тасымалдау барысында бақылауды жүзеге асырады.

- жануарлар, құстар, балықтар және аралардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою бойынша індетке қарсы шаралар ұйымдастыруға және жүргізуге қатынасады.

3. Ақпараттық-технологиялық:

- жоғарғы және орта арнайы ветеринарлық оқу орындарында оқу сабақтарын жүргізумен,  тәрбие жұмыстарымен айналысады;

- Ветеринариялық санитария мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми мақалалар түрінде жариялайды, зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың, құстардың, балықтардың, бал араларының аса қауіпті ауруларының стационарлық ошақтарын анықтау,мониторинг жүргізу және картағатүсіру мен мемлекеттік ветеринарлық қызметке  олардың өршуі туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді;

- ветеринария бойынша есепке алу мен есеп беру, белгіленген және мемлекеттік қызметті уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Дағды қалыптастыру

-Ветеринариялық санитариябойынша білім беру үдерісін;

-ветеринариялық санитария саласындағығылыми-зерттеуқызметтерібойынша;

- жануарлардан алынатын тағамдық өнімдерді сараптау, сапасын бағалау және радиациялық, биологиялық қауіпсіздік мәселелерінде;

- жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы нысандарындағы қоршаған орта гигиенасы мәселелерінде;

- Ветеринариялық санитария саласындағы проблемалық мәселелерді шешуде заманауи әдістемелерді, құралдар мен жабдықтарды тиімді қолдану.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

---------Chatbot---------
виртуальный помощник