KazNARU
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

7M09105-«Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылым магистрлерін дайындау, Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінде, алыс және жақын шетелдерде жұмыс істеу үшін Ветеринариялық санитария саласында кәсіби құзыреттілікке ие.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

«7M09105 - Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының магистрлері төмендегі лауазымдарды атқара алады:

-ішкі сауда объектілеріндегі ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасының лаборанты, зертхана меңгерушісі;

- ет өңдеу кәсіпорындары құрылымдық бөлімдерінің маманы, бас маманы, басшысы;

-ауылдық округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;

- аудандық, облыстық, республикалық ветеринариялық бақылау және қадағалау басқармаларының мемлекеттік ветеринарлық инспекторы.

Кәсіби қызмет саласы

ұйымдық-басқару; өндірістік-технологиялық жұмыстар; басқару; ветеринарлық бақылау мекемелеріндеәр түрлі шаруашылықтарда, ветеринарлық, биологиялық және ауылшаруашылық бағытындағы фирмаларда кеңес беру қызметтерін жүзеге асыра алады.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілер;

- ветеринарлық зертханалар;

-ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары;

- биологиялық препараттар мен биологиялық белсенді заттарды дайындайтын кәсіпорындар.

Кәсіби қызмет функциялары

«7M09105 - Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру траекториясын қамтиды: №1. «Өнім сапасын сараптау және қауіпсіздік» №2. «Гигиена және санитария» «7M09105 - Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының магистранттары базалық және бейіндік дайындыққа сәйкес кәсіби сала объектілерінде келесі қызметтерді атқара алады:

-мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығыжәне ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау, радиациялық, биологиялық және токсикологиялық қауіпсіздігінің сапасы мен деңгейін бағалау;

- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

- тамақ өнеркәсібі, шикізаттар мен биопрепараттар өндірісі кәсіпорындарының сапасыз қалдықтарынан қорғау.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

- жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық-санитариялық сараптау, қауіпсіздігі мен сапасын бағалау;

-жануарлар, құс,балықжәне ара шаруашылығы объектілеріне дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дезакаризация және дезактивацияларға ветеринарлық-санитарлық және гигиеналық іс-шараларды бағалайды.

2. Конструктивтік:

- экспорттық-импорттық тасымалдау үдерістерінде жануарларды, құстарды, балықтарды және араларды  бақылауды жүзеге асырады;

- жануарлар, құстар, балықтар және аралардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою бойынша індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатынасады.

3. Ақпараттық-технологиялық:

- Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар, құстар, балықтар, бал араларының аса қауіпті ауруларының стационарлық ошақтарын анықтау, мониторинг жүргізу, картаға түсіру және мемлекеттік ветеринариялық қызметтерге аурудың өршуі жөнінде уақтылы хабардар ету;

- ветеринария бойынша қалыптасқан есептілікті жүргізу және мемлекеттік қызметтерді мерзімінде хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Дағды қалыптастыру

- жануарлар, құс, балық және ара шаруашылығы нысандарындағы қоршаған орта гигиенасы мәселелерінде;

- Ветеринариялық санитария саласындағы проблемалық мәселелерді шешуде заманауи әдістемелерді, құралдар мен жабдықтарды тиімді пайдалану.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

---------Chatbot---------
виртуальный помощник