KazNARU
Өсімдік қорғау және карантин

Өсімдік қорғау және карантин бойынша мемлекеттік, жергілікті, аймақтық, шетел мекемелеріне, әр түрлі шаруашылық субъектыларға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды, сондай-ақ жоғары оқу орындарына, колледждерге ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Ғылыми-зерттеу мекемелерінде, әртүрлі ауылшаруашылық өндіріс салаларында маркетолог, менеджер, эксперт, инспектор және агроном

Кәсіби қызмет саласы

Өсімдік қорғау  және карантинге байланысты мәселелерді шешу жөнінде ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми  қызметкер; агрономия бағытындағы өсімдік қорғау  және карантин пәндері бойынша жоғары, арнайы – орта, техникалық – орта  оқу  орындарында  оқытушы болады.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті, ҚРАШМ «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі, ҚРАШМ «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, облыстық және аудандық ауылшаруашылық департаменттер мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары, арнайы – орта, техникалық – орта оқу  орындары  ғылыми-зерттеу  институттар, ғылыми-өндірістік орталықтар, тәжірибе станциялары жұмыс есептеледі.

Кәсіби қызмет функциялары

«7М08104 – Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру траекториясынан  тұрады:

 №1 “Қазіргі таңдағы өсімдік қорғау” Магистранттар зиянды организмдерді ғылыми зерттеудің әдістері, ауыл шаруашылық дақылдарды залалдайтын  вируспен  бактерияларды, бунақденелердің (бөжектердің) патогенін оқиды.

№2 «Пестицидтерді басқару және қолдану» Магистранттар пестицидтерді қолданудын механиқаландыруын, ауыспалы егістегі дақылдарды тыңайтуын және заманауи пестицидтер химизмнің тренділерін оқиды.

Кәсіби қызмет түрлері

- мамандар дайындығын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарында ғылыми, практикалық және педагогикалық қызметтерді орындау;

- әр түрлі ғылымдар саласында ғылыми және практикалық мәселелерді дер кезінде ұйымдастыратын және шешетін, тиісті кәсіптік мекемелерінде зерттеу мен басқару қызметтерін жүзеге асыратын жоғары кәсіби мәдениетті мамандар даярлау;

- өсімдік қорғау және карантин саласы бойынша ғылымдарының тоғысқан тұсында нақтылы дамудағы өмірде олардың кәсіби іскерлігіне кепілдік беретін іргелі білімді қамтамасыз ету;

- өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын игеру және магистратурада ғылыми жұмысты жалғастыру үшін қажетті нәтижелер алу

- өздігінен жетілу мен даму қабілеттілігін, білімнің жаңа жетістіктерін меңгеруге қажеттілік пен дағдылануды қалыптастыру;

-жоғары, арнайы-орта, техникалық-орта оқу орындарындағы педагогика, психология саласында қажетті деңгейде білім алу және оқыту тәжірибесін жинақтау

 

Дағды қалыптастыру

- өсімдік қорғау және карантин бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;

-зерттеулерге қазіргі кездегі құралдарды, жабдықтарды және компьютерлік техниканы пайдалануды;

- зиянды организмдерге қарсы фитосанитарлық мониторинг және фитосанитарлық шаралар жүргізуді, сондай-ақ аса қауіпті объектілердің жаппай көбеюі мен таралуын болжауды;

- шеттен  әкелінген және шетке шығарылатын  карантинді өнімдерді лабораториялық сараптауды және фитосанитарлық сертификаттауды, карантиндік тексеру жүргізуді;

- өсімдік қорғауда қазіргі кездегі биотехнологиялық әдістерді пайдалануды;

- өсімдік қорғау және карантин пәндері бойынша сабақ  жүргізуді.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

7M08104-Өсімдік қорғау және карантин ОП 2024-2026.pdf

1132.135 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник