KazNARU
Өсімдік қорғау және карантин

Өсімдік қорғау және карантин бойынша мемлекеттік, жергілікті, аймақтық, шетел мекемелеріне, әр түрлі шаруашылық субъектыларға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

ауылшаруашылық өндірісінің түрлі салаларындағы агроном, инспектор, сарапшы, менеджер, ғылыми-зерттеу мекемелерінде маркетолог

Кәсіби қызмет саласы

Өсімдік карантині жөніндегі инспектор және эксперт; өндірістік кооперативтерде, ұжымдық және фермерлік шаруашылықтарда, шетелдік фирмаларда, фитосанитарлық диагностика және  болжамдарда  өсімдік қорғау бойынша  сервистік қызмет  көрсету  жөніндегі  менеджер бола алады.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті, ҚР АШМ «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар  әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі, ҚР АШМ  «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, облыстық және аудандық ауылшаруашылық  департаменттер есептеледі

Кәсіби қызмет функциялары

«7М08111 – Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру траекториясынан  тұрады:

 №1 “Қазіргі таңдағы өсімдік қорғау” Магистранттар зиянды организмдерді ғылыми зерттеудің әдістері, ауыл шаруашылық дақылдарды залалдайтын  вируспен  бактерияларды, бунақденелердің (бөжектердің) патогенін оқиды.

№2 «Пестицидтерді басқару және қолдану» Магистранттар пестицидтерді қолданудын  механиқаландыруын, ауыспалы егістегі дақылдарды тыңайтуын және заманауи пестицидтер химизмнің тренділерін оқиды.

Кәсіби қызмет түрлері

- өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы дербес білім бағытын таңдау;

- мемлекет және еңбек нарығының қажеттілігіне байланысты өсімдіктерді қорғау және карантин мәселелері бойынша теориялық және практикалық дербес дайындықты тереңдету;

- нарықтық экономикадағы озық тәжірибелерді және ғылыми жетістіктерді қолдануға негізделген өсімдіктерді қорғау және карантин жұмыстарын ұйымдастыру;

- ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алуға қабілетті өсімдіктерді қорғау және карантин мамандарын  даярлау;

Дағды қалыптастыру

- ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне, соның ішінде карантинді объектілерге  анықтау  жүргізуге;

- зиянды организмдердің сан мөлшерін  есептеу әдістерін жүргізуге;

- ауылшаруашылық дақылдарының егістіктеріндегі зиянкестерге, ауруларға  және  арамшөптерге  қарсы қорғау  шараларын  жүзеге асыруға;

- карантинді объектілерді таратпауды және жоюды жүзеге асыруға.

Учебный план образовательной программы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник