KazNARU
Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тәуекел және белгісіздік жағдайында мемлекет пен аймақтың стратегиясын қалыптастыруға қабілетті, мемлекеттік және жергілікті басқаруды ұйымдастыру дағдыларына ие жаңа формация басшыларын даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Түлек кәсіптік қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асыра алады:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- өндірістік-басқарушылық;

- экономикалық; аналитикалық;

- ғылыми-зерттеу;

- сараптамалық-консультативтік;

- білім беру (педагогикалық);

- оқу-әдістемелік қызмет

Кәсіби қызмет саласы

- мемлекеттік және муниципалдық басқару;

- мемлекеттік және жергілікті мекемелер мен кәсіпорындардағы басқармалар;

- әлеуметтік саладағы басқармалар;

-коммерциялық емес ұйымдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік органдармен және азаматтармен байланыс бойынша лауазымдарда басқару.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- қызмет саласына қарамастан барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар;

- Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен әкімшілігі;

- ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері;

-экономика мен қаржы-ларды басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер);

- жоғары оқу орындары; ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу және сараптамалық-консалтингтік ұйымдар;

- ведомствоаралық, аймақаралық және халықаралық ғылыми жобалау ұйымдары.

- кез келген бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары мен білім беру ұйымдары;

-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық және өңірлік органдары;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдары;

- мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен мекемелер;

- азаматтық қоғам институттары;

- қоғамдық ұйымдар;

- коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар;

- халықаралық ұйымдар және халықаралық басқару органдары, өзге де ұйымдар, мемлекеттік және муниципалдық органдармен және азаматтармен байланыс жөніндегі бөлімшелер

Кәсіби қызмет функциялары

«7М04105-мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру бағдарламаларын қамтиды:

№1. «Өңірлік дамуды мемлекеттік басқару».

Магистрдің кәсіби қызметі төмендегілерге бағытталған:

- аймақтық дамуды мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастыру ;

-экономиканың нақты секторын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ әзірленген іс-шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық көмек көрсету;

-қоғамдық маңызы бар мақсаттар қоюды, оларға қол жеткізу жағдайларын қалыптастыруды, барынша ықтимал нәтижелер алу үшін жұмысты ұйымдастыруды қоса алғанда, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін стратегиялық басқаруды жүзеге асыру;

- бюджет секторы салалары, жекелеген ұйымдар экономикасының жай-күйін талдау, дайындалатын немесе қабылданған шешімдердің экономикалық салдарын айқындау;

-кадрлық саясатты және кадрлық аудитті жүргізу, ұжымды қалыптастыру және ұжымдық жұмысты ұйымдастыру, кадрларды олардың еңбегінің барынша нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында уәждеп және дамыта отырып, кадрлық бағытты барынша пайдалана білу;

-сыртқы ортамен (басқа мемлекеттік және шетелдік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен) өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

№2. «Мемлекеттік қызметтегі билік, бизнес және қоғамның өзара іс-қимылының инновациялық технологиялары және муниципалды басқару»

Магистрдің кәсіби қызметі төмендегілерге бағытталған:

- елдің әлеуметтік-экономикалық қызметін басқару;

-халықтың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің сақталуына, халықтың өмірі мен денсаулығына бақылауды жүзеге асыру;

- әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тиімді шешу және жобаларды басқару

- стандартты емес жағдайларда әрекет ету, биліктің, бизнестің, қоғамның өзара іс - қимылы саласында қабылданған шешімдер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілік алу;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқаруды жетілдіру жолдарын әзірлеу;

- БАҚ-пен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру, қоғаммен байланысты қамтамасыз ету;

- мемлекеттік және муниципалдық басқару мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу.

Екі білім беру траекториясының магистранттары білім беру ұйымдарында ғылыми және педагогикалық қызмет жүргізе алады

Кәсіби қызмет түрлері

«7M041 Бизнес және басқару» даярлау бағытының магистрлері кәсіби қызметтің мынадай түрлерін орындай алады:

1. Жобалау-технологиялық:

- ел экономикасының нақты секторларын мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелерінде;

-жаңа танымдық және практикалық міндеттерден мемлекеттік және жергілікті басқарудың тиімділігін бағалауда.

- ел экономикасының нақты секторларын мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелерінде;

-танымдық және практикалық міндеттерді шешу мақсатында мемлекеттік және жергілікті басқарудың тиімділігін бағалауда.

2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық:

3. Ғылыми-зерттеу:

-математикалық модельдеудің және технологиялық жүйелерді талдаудың бірлескен әдістерін қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді дербес ұйымдастыру және жүргізу;

-жобаны басқару рәсімдерінде, жобаның интеграциясын басқаруда, жобаның мерзімдерін, тәуекелдерін және келісімшарттарын басқаруда;

-эмпирикалық деректерді талдай білу және оларды басқару тәжірибесінде қолдану, жаңа алынған білімді жүйелеу

- экономикалық дамуды мемлекеттік басқару проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде әдістер мен мамандандырылған құралдарды қолдану

4. Ғылыми-педагогикалық:

- пәндерді оқытудың заманауи әдістемелерін зерделеу

- барлық деңгейдегі қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу;

- педагогикалық қызмет барысында оқытудың инновациялық технологияларын қолдану.

Дағды қалыптастыру

- ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында;

- барлық салаларда инновациялық техникалық және технологиялық өндірістер мәселелерінде;

- білім беру ұйымдарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

- Кәсіби саладағы ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

7М04105-Мемлекеттік және жергілікті басқару 2024ж.pdf

4120.031 KB

БББ дамыту жоспары МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ 2024-2028.pdf

1211.601 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник