KazNARU

Ғылымдағы сабақтастық - аграрлық ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі

Құрметті жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті сіздерді 2023 жылғы 20-21 сәуірде өтетін Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбек Сәбденұлы Сәбденовтың 90 жылдығына арналған "Ғылымдағы сабақтастық - аграрлық ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі" атты жас ғалымдар мен студенттердің Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция материалдары 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.

Конференцияға қатысу формасы: онлайн және офлайн.

Конференция тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияның мақсаты: жас ғалымдардың және студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру, оларды замануи аграрлық ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінің индустриалдық-инновациялық дамуына әсер ету.

Конференцияға қатысу – бұл студент, магистрант, докторант және 40 жасқа дейінгі жас зерттеушілерге ғылыми жұмыстарыды жариялаудың тамаша мүмкіндігі.

Конференция барысында төмендегідей секциялардың жұмысы жоспарлануда:

  1. Зооинженерия және мал шаруашылығындағы технологиялар
  2. Ветеринариялық медицина және санитария
  3. Агробиология, топырақтану, өсімдіктерді қорғау және экология
  4. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тағам қауіпсіздігі
  5. Агроинженерия, АӨК-дегі ІТ технологиялар
  6. Су, орман және жер ресурстарын тиімді пайдалану
  7. Экономика, АӨК менеджменті және аграрлық құқық
  8. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар

Конференция бойынша толық ақпарат конференция бағдарламасында көрсетілген.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник