ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСТЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕ, 22 қыркүйек 2023 ж.
Нархоз университетінің 60 жылдығына арналған
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері жаңа конституциялық өлшемде»
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Оның мақсаты – қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының жай-күйі мен эволюциясының перспективаларын, оны Қазақстан Республикасының Конституциясы мен халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қолдану практикасын пәнаралық талдау.
Баяндамалардың тақырыптарын Парламент депутаттары, Конституциялық Сот пен Жоғарғы Соттың судьялары, Бас прокуратура, Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігі, басқа да мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми қоғамдастықтың, Қазақстанның құқық қорғаушылары мен практик заңгерлерінің, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдері ұсынды.
Іс-шара Нархоз университетінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Жандосов к-сі 55, акт залы. Тіркеу 9:00-ден, ал жұмыс 10:00-де басталады.
Толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.