KazNARU

«VI Арғынбаев оқулары. Тарих, этнография және музейтану өзекті мәселелері», 16-17 қараша 2023 жыл

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет Комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетімен бірлесе отырып,

2023 жылдың  16-17 қарашасында

«VI Арғынбаев оқулары. Тарих, этнография және музейтану өзекті мәселелері»

атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Қазақстан этнология ғылымының өзекті мәселелері.

2. Этнология және сабақтас ғылымдар: тарих, археология, өнертану, антропология, фольклористика, лингвистика және т. б.

3. Заманауи музей: бүгінгі музей қызметін жетілдіру тәсілдері.

Конференция материалдары Қазақстан Орталық музейі жанындағы өз қызметінде Committee on Publication Ethics – COPE халықаралық жариялау этикасы комитеті әзірлеген принциптерді, сондай-ақ Scopus (Elsevier) журналдарын жариялаудың этикалық принциптерін басшылыққа алып отырға "MUSEUM.KZ" ғылыми-практикалық журналының арнайы санында жарияланады. 

Қатысушының тіркеу формасы 2023 жылдың 10 қарашасына дейін, баяндама (мақала) материалдары 15 қарашасына  дейін қабылданады.

Жол жүру және тұрғын үй жалдауға байланысты шығындар іссапарға жіберуші тарапынан.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, ағылшын, орыс.

Толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.