KazNARU

"Science Talks - Жас ғалымдардың диалогы" атты ІІІ Халықаралық форумы, 26-27 қазан 2023 жыл

                                                  

Құрметті жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

сіздерді 2023 жылғы 26-27 қазанда өтетін

"Science Talks - Жас ғалымдардың диалогы"

атты Халықаралық форумға қатысуға шақырады.

Форум материалдары 2023 жылдың 19 қазанға дейін қабылданады.

Форумға қатысу формасы: онлайн және офлайн.

Форум тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Форумның мақсаты: жжас ғалымдар мен жас зерттеушілердің шығармашылық белсенділігі мен ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, оларды қазіргі ғылымның өзекті міндеттерін шешуге тарту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен ел экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына жәрдемдесу.

Форумға қатысу – бұл оқушы, студент, магистрант, докторант және 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарға ғылыми жұмыстарыды жариялаудың тамаша мүмкіндігі.

Форум барысында төмендегідей секциялардың жұмысы жоспарлануда:

1. Агробиология, топырақтану, өсімдіктерді қорғау және экология

2. Агроинженерия, АӨК-гі ІТ технологиялар және энергия үнемдеу

3. Ветеринариялық медицина және тағам қауіпсіздігі

4. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

5. Су, орман және жер ресурстарын тиімді пайдалану

6. Экономика, АӨК менеджменті және аграрлық құқық

7. Экология және қоршаған ортаны қорғау

Толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.