Тарихтың қозғалысы және Қазақстандық жол: кезеңдері, сабақтары мен болашағы, 13 қазан 2023 ж.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты белгілі тарихшы-ғалым, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжановтың 70 жасқа толуына орай 2023 жылдың 13 қазанында өтетін «Тарихтың қозғалысы және Қазақстандық жол: кезеңдері, сабақтары мен болашағы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты – академик Ханкелді Махмұтұлы Әбжановтың ғылыми шығармашылығы арқылы отандық тарихтың өзекті мәселелерін дүниежүзілік тарих контекстінде зерделеу, ұлттық тарихтың әлеуметтік және рухани аспектілерін, қазақ халқының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің жаңғыруы жолындағы күресін, тарихтағы проблемалар мен жаңа ұстанымдарды айқындау, тарихи процестерді талқылау және қайта қорыту.
Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:
- Академик Х.М. Әбжанов және оның Отандық тарихты зерттеуге қосқан үлесі: ғылыми және кәсіби жол;
- Қазақстан және әлемдік тарих;
- Өткеннің қасеретті беттері мен ерлік заманы;
- Ұлттық тарихтың әлеуметтік және рухани аспектілері;
- Тәуелсіздік пен мемлекеттілік үшін күрес;
- Жаңа Қазақстан тарихшының көзімен.
Конференция офлайн және онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі:
Конференция идентификаторы: 844 4736 0157
Код: 151312
https://us02web.zoom.us/j/84447360157?pwd=emJ5RERBMWRGdWs0cU02VXB5a3lpZz09
Өткізілетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көшесі 28, «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК-ның Орталық ғылыми кітапханасы, 3-ші қабат, конференц-зал .
Конференцияның басталуы – сағ. 10:00, қатысушыларды тіркеу – 09:30-дан.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: тел.: +7(727) 261-67-19, 272-68-46, +7702 932 33 33 – Айжан Досқараева.
Е-mail: kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конференция жұмысына қатысу үшін өтінімдеріңізді 2023 жылдың 1-ші қазанына дейін мына эл.пошталарға жіберулеріңізді өтінеміз: е-mail.: kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com
Конференцияның қорытындылары бойынша конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарлануда, материалдар 2023 жылдың 1-ші қазанына дейін қабылданады.
Конференцияға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші ұйымның есебінен.
Толық ақпарат ақпаратық хатта көрсетілген.