KazNARU

«АӨК дамуындағы өзекті мәселелер: жаңа үрдістер мен инновациялар» Дулатов оқулары-2023 атты ХV халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Құрметті әріптестер!

«М.Дулатов ат. Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» ЖМ Сіздерді «АӨК дамуындағы өзекті мәселелер: жаңа үрдістер мен инновациялар» Дулатов оқулары-2023 атты ХV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

«ДУЛАТОВ ОҚУЛАРЫ – 2023»

Конференция 2023 жылдың 24 қарашасында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында өтеді. Конференцияны өткізу форматы аралас: офлайн және онлайн.

Конференция жұмысына қатысуға қоғам және саяси қайраткерлер, Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шетел ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамы, аспиранттар, магистранттар мен докторанттар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ / орыс / ағылшын.

Конференция келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1-Секция – Энергетика және техника;

2-Секция – Ақпараттық технологиялар және цифрландыру;

3-Секция – Экономика және қоғамдық ғылымдар;

4-Секция – Ауыл шаруашылығын дамытудағы жаңа үрдістер.

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінімдер мен мақалалар 2023 жылдың 10 қарашасына дейін nauka.kineu.kz@mail.ru электрондық поштасына жіберілсін.

Жариялау құны 600 теңге, магистранттарға А4 форматында 1 бетке 300 теңге. Жақын және алыс шетел авторларының мақалалары тегін жарияланады.

Толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.