KazNARU

Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тұрақты басқару

                                      

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2024 жылғы 5-7 қыркүйекте өтетін

Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Владимир Михайлович Боровскийдің туғанына 115 жыл толуына арналған

«Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тұрақты басқару»

атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның ғылыми бағыттары:

1. Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тиімді пайдалану;

2. Тұзданған топырақтарды мелиорациялаудың инновациялық шешімдері;

3. Топырақ экологиясы және биологиясы.

Конференция жұмысына қатысуға: ғылыми-зерттеу және оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының білім алушылары және басқа да қызығушылық танытатын тұлғалар шақырылады.

Конференция өтетін орын: Алматы қ., Достық даңғылы 52/2, «Қазақстан» қонақ үйі.

Конференцияға қатысу түрі:

- тікелей қатысу − пленарлық және секциялық мәжілістерде баяндамалар, стендтік баяндамалар;

- Сырттай қатысу - баяндама «Zoom» платформасын пайдалана отырып, онлайнтрансляция арқылы (сілтеме электрондық пошта арқылы жіберіледі);

- конференция жұмысына қатыспай мақала жариялау

Толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.