Өсімдіктерді қорғау – жасыл байтақ әлем, 2025 жылғы 12 қыркүйек
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2025 жылғы 12 қыркүйекте өтетін ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Сағитов Абай Оразұлының 80 жылдығына арналған «Өсімдіктерді қорғау – жасыл байтақ әлем» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты: өсімдіктерді қорғау саласында ғылыми білім мен тәжірибе алмасу, осы саладағы өзекті мәселелерді, жетістіктер мен инновациялық әдістерді талқылау. Конференция ауыл шаруашылығын тұрақты және тиімді жүргізуге, биоәртүрлілік пен экологиялық тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау және карантин, биотехнология және экология саласындағы ғылым мен білім беруді дамытуға, ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге бағытталған.
Конференцияға қатысу тегін.
Баяндамалардың тақырыбы және қатысуға өтініштер, жариялауға арналған рецензиясы бар мақалалар 2025 жылғы 30 мамырға дейін көрсетілген электрондық поштаға қабылданады.
Конференция формасы: онлайн және офлайн
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын
Толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.