«Food Quality аnd Food Safety» (FQFS) Халықаралық ғылыми конференциясы, 20-22 қыркүйек 2023 ж., Астана қ.
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» (бұдан әрі - ҚАТЗУ) және Патрис Лумумб атындағы Ресей халықтар достастығы университеті (бұдан әрі – РХДУ), В.М.Горбатов атындағы Ресей Ғылым Академиясының азық-түлік жүйелерінің Федералды ғылыми орталығымен серіктестікте Сізді 2023 жылы 20-22 қыркүйек аралығында Астанада (Қазақстан) өтетін «Food Quality аnd Food Safety» (FQFS) (Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі) Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты - тұрақты ғылыми-технологиялық дамудың басым міндеттеріне бағдарланған ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, бизнес-құрылымдардың, БАҚ-тың стратегиялық әріптестігін қалыптастыру үшін азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы инновациялық-технологиялық дамудың және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті міндеттерін, тетіктері мен перспективаларын сындарлы талқылау.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу формасы: оnline және offline.
Материалдар 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Конференция материалдары РХДУ және ҚАТЗУ сайттарында жарияланады және орналастырылады.
Толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.