Таджибаев Данияр Гаделжанович
Таджибаев Данияр Гаделжановичтың «ҚAСІБ (Қазақстан-Сібір) желісінің қатты бидай үлгілерін бағалау және шаруашылық - құнды белгілеріне әсер беретін гендерді анықтау» тақырыбындағы 8D08101 – «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, ҚР АШМ «ҰАҒББО» КеАҚ орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша, ағылшынша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Кененбаев Серік Барменбекұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
2. Уразалиев Рахым Алмабекұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор, УАША академигі, РҒА академигі, ҚР ҰҒА академигі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Дәнді дақылдар департаментінің аға ғылыми қызметі.
3. Абдельфаттах А.Дабабат – биология ғылымдарының докторы, CIMMYT елдегі өкілі және топырақ патогендері жөніндегі бағдарлама менеджері (Анкара, Түркия).
Ресми рецензенттер
1. Лаура Әнуарқызы Тохетова – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, агротехнологиялар кафедрасының профессоры, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ.
2. Сесиле Бен – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Сколково ғылыми-техникалық институтының Агротехнологиялар жобалық орталығы, Сколтех, Мәскеу, Ресей Федерациясы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Махбубжон Рахматов – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ассистент-профессор, Швеция ауыл шаруашылығы ғылымдары университетінің ғылыми қызметкері.
2. Мухаммад Техсин Азар – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, ауылшаруашылық университетінің доценті, Фейсалабад қ., Пәкістан.
3. Тұруспеков Ерлан Кеңесбекұлы – биология ғылымдарының кандидаты, профессор, молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитеті «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК.
4. Алла Бахш – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, доцент, Пенджаб университетінің биотехнология зертханасының меңгерушісі, Лахор қ., Пәкістан.
Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2023 жылы 19 желтоқсан, сағат 14.30-да Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 - Агрономия; 6D080900 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 - Агрономия; 8D08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламалары) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек timur.turdiev@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек